Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
8 0
Пікірталастар барысында «Қазақстан ҰТҚ-ы» бұл мəселені шешудің төмендегідей төрт тəсілін
ұсынды:
1)
өздерінің меншікті, жеке мультиплексін құру үшін, хабар таратушылардың жиілікті өздерінде
сақтауына болады немесе мүдделі тараптарға сата алады;
2)
үкімет хабар таратушылардың шығыстарын өтей отырып, жиілікті сатып алады;
3)
үкімет жиілікті алып қойып, лицензияның күшін жояды, бірақ алынған лиценцияның
жалпыұлттық немесе жергілікті болуына байланысты, хабар таратушының мультиплекске
мерзімсіз қатысуына кепілдік береді;
4)
теле-радио хабарларын таратушылар өздерінің аналог жиілігінің орнына «Қазтелерадио»
АҚ-ының акционерлік капиталына қатысу құқын алады.
Үкімет қандай да бір өтемдік үлгілерді құптамағанмен, ол аналог лицензиясы бар əрбір хабар
таратушыға өтпелі кезең уақытында (бұл уақыт аяқталған соң, жаңа конкурс өткізу көзделген)
мультиплексте арнаны тегін беруге келісті.
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңға сəйкес, алғашқы жалпыға бірдей қолжетімді
мультиплекстің құрамын Теле-радио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі
комиссия үш жылда бір рет
170
жасақтайтын болса (7.1.1.3-тармақты қараңыз), ал сол уақытта
еркін қолжетімдік пакеттеріне конкурс «үш жылда кемінде бір рет» өткізілетін болады.
171
Ережелердегі айқын емес анықтамалар заңның дұрыс түсінілмеуі ықтималдығын тудырады деп
санайтын Жақсыбаева ханымды мардымсыз болып көрінетін айырмашылық алаңдатады:
«Бұл бірнеше затты білдіруі мүмкін. Біріншіден, конкурсты үш жылда бір реттен
жиірек өткізуге болады. Екіншіден, іске қосылуы жақын болашаққа белгіленіп отырған
мемлекеттік салалық арналар жұмыс істеп тұрған жекеменшік аймақтық арналарды
еркін қолжетімді мультиплекстің құрамында ауыстыра алады».
172
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңға сəйкес, цифрлауға толық өтіп болғаннан кейін
аналог хабар тарату лицензиялары жұмысын тоқтатады, əрі бір жыл ішінде телеарналар уəкілетті
органда тіркелетін болады.
173
Қазіргі уақытта БАҚ-тарды Қазақстан Республикасының Мəдениет
жəне ақпарат министрлігі реттеп отыр.
5.1.2. Ашық айқындық
Лицензия беру үдерісі – Қазақстанда БАҚ-тар тап болып отырған шектеулердің кең жүйесінің бір
бөлігі ғана. 1990 жылдары, мемлекеттік ұлттық арналардың саны артып отырғанына қарамастан,
хабар тарату нарығына Қарағандыдағы «АРТ ТВ» (қазіргі уақытта – «Новое ТВ»), Шымкенттегі
170 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 12-бабы, 6-тармағы.
171 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 13-бабы, 2-тармағы.
172 Ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат. Алматы, 2012
жылғы қарашаның 8-і.
173 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 42-бабы, 3-тармағы.
8 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
«Отырар ТВ», Семейдегі «ТВК-6» жəне Қостанайдағы «Алау ТВ» секілді жергілікті тəуелсіз
ойыншылар кірді. БАҚ-тарға мемлекеттік бақылау күшейген соң, лицензия беру іс-шараларының
ашық болуы азайды. 1990 жылдардың соңындағы қайталама конкурстар топтамасынан кейін
тəуелсіз телеарналар мен радиостанциялардың бірқатары – «Тотем», «Радио Макс», «ТВ-М»
лицензияларынан айырылып қалды. Нəтижесінде, олардың барлығы жабылуға мəжбүр болды.
174
Сол уақыттан бастап ақпарат кеңістігі, əсіресе теле-радио хабарларын тарату саласындағы, үкімет
пен бейтарап топтардың саны көп емес адамдары, олардың ішінде Қазақстан президентінің
отбасына жақын жүретіндер басымдық алған дегдар топтың арасында бөліске түскен. Сөйтіп,
мысалы, Дариға Назарбаева мен Рахат Əлиевтің отбасылық одағы 2007 жылға дейін: танымал
«Еуропа Плюс Қазақстан», «Русское Радио Азия», «Hit FM Қазақстан» жəне «Радио Караван»
радиостанцияларын, сондай-ақ «Караван» жəне «Новое поколение» газеттерін бақылауда
ұстады.
175
Бұндай жағдайда лицензия үшін жауапты органның бір топқа залал келтіре отырып,
екінші топқа ерекше ықылас танытатыны туралы сөз қозғаудың өзі қиын, өйткені үміткерлердің
бəрі дерлік билеуші топпен байланысқан.
Лицензия берудің ашық емес əдістері орын алған жағдайлар болды. Мысалы, 2008 жылғы
тамызда Астананың қалалық «Эра ТВ» телеарнасы жалпыұлттық лицензия алды (кейіннен ол
«Жетінші арна» ребрендингінен өтіп, қазіргі уақытта жалпыұлттық хабар таратуды жүзеге
асырып отыр). Конкурс 18 қалада өткізілді, əрі «Эра ТВ» арнасынан басқа, олардың үшеуінде
ғана өзге үміткерлер болған. Жақсыбаева ханымның ойынша, қатысушының біреу ғана болуы
əділетті бəсеке ұстанымына жəне конкурс ережелеріне қайшы.
176
Сол сияқты, 2009 жылдың сəуірінде «Елорда тынысы» телеарнасы, жиілікпен қоса, Қазақстанның
18 ірі қаласында хабар тарату құқына ие болды.
177
Бірақ жиілік алғанға дейін-ақ «Елорда тынысы»
хабар таратудың бас лицензиясын иеленіп үлгірген-ді, ал бұл конкурс ережесіне қайшы. Бұл
жағдай іріктеу шараларының ашықтығы жөнінде сұрақтар туғызады.
178
Қазіргі уақытта ашық дереккөздерде теле-радио хабарларын таратуға бөлінген жиіліктердің саны
туралы ақпарат жоқ. Медиалық үкіметтік емес ұйымдар да үкіметтен цифрлық дивидендтердің
бөлінуі жоспары жайында жауап ала алмады.
179
Сондықтан тендер өткізу үдерісінің ашықтығын
бағалау қиын.
174 Tol.org,
«Цифрға көшу: саяси ойындар», 2012 жылғы қарашаның 1-і, http://www/tol.org/client/article/23443-going-digital-playing-
politics.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і).
175 BBCNews, «Елдегі профайл: Қазақстан», http://news.bbc.co/uk/2/hi/asia-pacifi c/country_profi les/1298071/stm (қолжетімді күн:
2013 жылғы қаңтардың 15-і).
176 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 8-і.
177 Қазинформ, «Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасында жерүсті теле-радио хабарларын тарату құқы
үшін конкурстар өткізу жөніндегі комиссия отырысы өтті», 2009 жылғы сəуірдің 29-ы, http://www.zakon.kz/kazakhstan/138929-v-
mki-sostojalos-zasedanie-komissii-po.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 4-і).
178 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 8-і.
179 Сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |