9 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
өсе бастап, 2008 жылмен салыстырғанда, 2010 жылдың аяғына қарай екі есе артты. Жарнаманың
жалпы айналымы 2007 жылғы ең жоғарғы көрсеткіш – 305 млн. доллардан 2009 жылы 150 млн.
долларға (тиісінше 4,6 млрд. теңгеден 2,2, млрд. теңгеге) дейін азайып кетті.
224
2010 жылы «Панорама» бизнес-апталығы барлық дерлік БАҚ – баспа жəне электрондық
БАҚ – «қиын-қыстау уақыттың залалдарын толық көлемде сезінгенін хабарлады: олардың
жарнамалардан түсетін кірістері айтарлықтай төмендеп кеткен».
225
Басылым «TNS
Gallup Media
Asia-ның» бас директоры Татьяна Старцеваның барлық тұрпаттағы БАҚ-тардың 40-45 процент
қысқарғаны туралы айтқан сөзін келтірген.
2009 жылдың соңында БАҚ иелері мен баспагерлерге сауалнама өткізген Қазақстан баспасөз
клубының президенті Əсел Қарауылова:
«Аталған сауалнама деректеріне сəйкес, медиа-нарық ойыншыларының 58 процентінің
ойынша, нарықта қалыптасқан жағдай нашар, бірақ үмітсіз де емес. Оған: қаржы
дағдарысы жəне үкіметтің материалдардың мазмұнына ықпал етуді күшейткені, БАҚ-
тардың «холдингтерге айналдырылуы», БАҚ-қа сенімнің азаюы жəне БАҚ саласында
мемлекеттік сатып алулардың артып отырған үлесі теріс əсер етті», – деп мəлімдеді.
Жарнамадан түсетін табыстар 2010 жылы, дағдарыстан шыға бастаған кезде, бірте-бірте өсті.
Оның үстіне, Əсел Қарауылова атап өткендей, дағдарыс БАҚ-тардың жұмыс істеу əдістерін
өзгертті. Енді олар жарнамадан түсетін табыстарға негізделген қаржыландырудан гөрі,
тікелей
мемлекеттік қаржыландыру жолдарын іздестіруге кірісті.
226
Соңғы бес жыл ішінде БАҚ-тарды қаржыландырудың артықшылық алған түрі – үкімет басымдыққа
ие деп жариялаған мəселелер бойынша мемлекеттік саясатты ілгерілету мақсатындағы мемлекеттік
тапсырыстар болды жəне солай болып қалып отыр. Уəкілетті министрлік (қазіргі уақытта –
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, ал бұрын бұл іспен таратылған Байланыс жəне ақпарат
министрлігі айналысқан) əлеуметтік маңызы зор тақырыптардың кең ауқымында мемлекеттік
саясатты, оның ішінде президенттің халыққа жолдауларын насихаттау бойынша, БАҚ үшін
жылына кем дегенде бір рет ашық конкурстар ұйымдастырады. Əкімдіктер де ондай тендерлерді
жергілікті БАҚ-тар үшін өткізеді. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының 2010
жылы жүргізген зерттеуінің деректері бойынша, мемлекеттік тапсырыс алатын БАҚ-тардың үлесі
2008 жылдан бері қарай 33 проценттен 65 процентке дейін өскен.
227
Сөйтіп, екі жыл ішінде елдегі
БАҚ-тардың 70 процент дерлігі кем дегенде бір мемлекеттік тапсырыс алған.
224 Д.Рахимов. Қазақстан жəне əлемдік медиа-жарнама нарығы», 2011 жылғы қарашаның 12-сі, http://www.pressclub.kz/images/
rahimov_kr10.pdf (қолжетімді күн: 2011 жылғы 29 наурыз).
225 А.Шатерникова, «Нарықтар», http://panoramakz.com/archive/2010/01.htm, (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 8-і).
226 Қазақстанның Баспасөз клубының президенті Əсел Қарауыловамен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың қарашасы.
227 «Medianet»
ХЖО, «Қазақстан БАҚ-тарындағы мемлекеттік тапсырыс», 2010 жылғы қазанның 20-сы, http://www.internews.kz/
newsitem/22-10-2010/13038 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 11-і).