Country report цифрлық медиалар картасы


 1 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет32/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54

7 1
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
Журналистік зерттеулердің дамуы жолындағы ескірген, қарабайыр кедергі – ол қоғамда маңызды 
сипаты  бар  толық,  əрі  айқын  деректердің  ашық,  қолжетімді  болмауы.  Олардың    пайда  болуы  
Қазақстанда журналистік зерттеулер жанрын дамыту бойынша маңызды қадам бола алар еді.
4.2.3. Жаңа платформалар
Блогтарды журналистік зерттеулердің дереккөздері ретінде пайдалану туралы  сарапшылардың 
пікірлерін айтсақ, мысал ретінде кейбіреулері  Yvision.kz Newreporter.org платформаларын ауызға 
алады, бірақ олардың материалдарын көбінесе дəстүрлі БАҚ-тарда көрініс таппайтын азаматтық 
оқиғалар  журналистикасына  жатқызуға  болады.  Осындай  мысалдардың  бірі  журналистика 
факультетінің деканын қызметінен босату туралы хабар болды.
Интернеттегі  зерттеулер  дереккөздерінің  арасында  журналист  Ирина  Медникова  «Азаттық» 
радиосы» сайтындағы «Блогистан» блогын атаған-ды, бірақ сол уақытта ол атышулы журналистік 
зерттеулердің мысалдарын келтіруге қиналды:
«Кейде  мен  қиындығы  бар  мəселелерді  жəне  оларға  жасалған  талдауларды  Əлішер 
Елікбаев,  Ольга  Каплина,  Марат  Шибұтов,  Роман  Райфельд  жəне  Алексей  Гончаров 
сияқты  журналистер  мен  блогерлердің  сайттарынан  көріп  қаламын.  Бірақ  тіпті 
осындай жағдайларда да біз шын мəнінде журналистік зерттеу деп атауға болмайтын 
материалдарға кез боламыз».
153
Негізгі  себеп  мынада:  бірқатар  себептерге  байланысты  Қазақстанда  журналистік  зерттеулер 
жүргізу  қиын.  Төлеген  Асқаровтың  пікірінше,  дəстүрлі  БАҚ-тарға  қарағанда,  бұл  блогерлер 
үшін  қиындау. «Бұл  олардың  қолдарынан  келмейтіндігінен  немесе  ниеттері  жоқтықтан  емес, 
бəлкім,  қаржылай  қолдау  көрсете  алатын,  материалды  дайындау  барысында  материалға  анық 
сенімділік қосатын, əрі қорғауға қабілетті институттық байланыстар жетіспей жатқан шығар», – 
дейді  Асқаров  мырза.
154
  Блогерлер:  ақпаратқа  қол  жеткізу  үшін  үкіметті  қолдау  немесе  ресми 
дереккөздерге күмəн келтіре отырып, ақпаратқа  қол жеткізе алмау, тосқауылға тап болу іспетті 
дəстүрлі əдетке (дилемма) тап болады.
4.2.4. Жаңалықтар тарату
Сарапшылардың  көпшілігі  цифрлық  платформалардың  жаңалықтарды  таратуға  жəне 
тұтынушылар ауқымын кеңейтуге, сол арқылы  қоғамдық маңызы бар алуан түрлі тақырыптар 
бойынша пікірсайыстарға қатысушылардың санын арттыруға көмегі тигенін атап өтті.
Сарапшылар журналистік зерттеулерге маманданып жатқан интернет-алаңдарды атауға қиналса да, 
олар интернет пайдаланушы қазақстандықтардың интернет-форумдарды («Центр тяжести», «Все 
153 «Қазақстанның  жастарға  арналған  ақпарат  қызметі»  қоғамдық  қорының  бас  директоры  Ирина  Медниковамен  электрондық 
пошта арқылы сұхбат, 2011 жылғы наурыздың 13-і.
154 «BizMedia» Іскерлік  журналистика  орталығы»  қоғамдық  қорының  президенті  Т.Асқаровпен  сұхбат,  Алматы, 2011 жылғы 
наурыздың 25-і.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
7 2
вместе»),  интернет-сайттарды (Azattyq.kz, Yvision.kz, Voxpopuli.kz) жəне  əлеуметтік  желілерді 
(Facebook, YouTube, Kiwi) ақпараттық дəлелдемелерді іздестіру үшін белсенді пайдаланатынын 
атап көрсетті. 
Мысалы,  журналист-зерттеуші  Геннадий  Бендицкий  «Время»  газетіндегі  басылым  сайтында 
өзінің  бетін  жүргізді.  Оның  өте-мөте  танылған  материалдарын  қарағандар  саны 10 мыңнан 
артық.
155
  Басқа мысалдардың арасынан Ардақ Бөкееваның қазақстандық  «ҚазМұнайГаз» мұнай 
компаниясында  грузиндік  «Боржоми-Дикани»  санаторийін  қайта  құру  барысында  орын  алған 
сыбайлас  жемқорлық  əрекеттері  туралы  жүргізген  журналистік  зерттеуін  бөліп  айтуға  болады. 
Материал  «Голос  республики»  газетінде  жарияланды,  өйткені  басқа  БАҚ-тар  оны  жарыққа 
шығарудан бас тартты.
156
 
Қазақстанда  өкілдіктері  бар    халықаралық  үкіметтік  емес  ұйымдар  ақпаратты  жинау  жəне 
тарату  ісінде  салыстырмалы  еркіндікке  ие.  Сол  арқылы  олар  жергілікті  жəне  халықаралық 
қоғамдастықтардың өзара ықпалдастығын орнату арнасына айналады. 
4.3.  Əлеуметтік жəне мəдени əртүрлілік
4.3.1. Қиын мəселелер
Қазақстан – көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы ел: онда 130-ға жуық этностық топ өкілдері өмір 
сүріп жатыр. Олардың ішіндегі ең ірілері – қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар жəне ұйғырлар 
(«Мəнмəтінді» қараңыз). Бұл – Орталық Азия аймағындағы ең бір экономикасы дамыған, халқы 
көп, еңбек мигранттары ағылып келетін ел.  Иммиграциялық бақылауға (жұмыс беруші тарапынан 
міндетті қолдау болуын талап ету, қатаң шекаралық жəне визалық бақылау, көші-қон қызметінде 
міндетті тіркелу сияқты) қарамастан, Қазақстанда жұмыс істеуге көптеген жұмыскерлер, əсіресе 
Өзбекстаннан – өзбектер  жəне  Қытайдың  солтүстік-батысынан  ұйғырлар  келеді.  Қазақстандық 
қоғамның  көпұлтты  этностық  құрамы  мен  көпконфессиялылығын  назарға  алғанда,  ұлттық 
сəйкестік мəселелері мемлекеттік саясаттың көкейтесті тақырыптарының қатарында тұр.
Үкімет этносаралық жəне мəдениетаралық үйлесімдікке ұмтылатынын ресми түрде жариялап отыр. 
Елде  «Қазақстан  халқы  бірлігінің  мерекесі» (1 мамыр)  белгіленді.  Астанада  тұрақты  түрде  діни 
плюрализм мəселелеріне арналған «Дүниежүзілік жəне дəстүрлі діндер конгресі» өтіп тұрады. 
Алайда  шын  мəнінде  жағдай  мемлекеттік  шенеуніктердің  баяндамаларындағыдай  емес. 2010 
жылы  БҰҰ-ның  тəуелсіз  сарапшылары  комиссиясының    баяндамасында  сарапшылардың 
155  Г.Бендицкий, «Кровавый  кордон»,  Время, http://www.time.kz/index.php?module=news&search=c2e7ff1611400c0a7186579489234
5f16 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
156  А.Бөкеева «ҚазМұнайГаз ақшаны қалай Боржомиге апарып көмді», Голос республики, 2012 жылғы қаңтардың 27-сі, http://www.
facebook.com/notes/газета-республика/как-казмунайгаз-зарывал-деньги-в-боржоми /318501358192031 (қолжетімді  күн: 2012 
жылғы қарашаның 1-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау