Country report цифрлық медиалар картасы


 9 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет31/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54

6 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
Қазақстанда кез келген сын материалы  тəуекелдікті қажет етеді. «Менің журналистік зерттеулердің 
жай-күйіне беретін бағам – жанр нашар дамып жатыр. Бұл əбден мүмкін, себебі журналистер бұл 
жанрда  жұмыс  істеуден  қорқады:  зерттеуді  талап  етпейтін  əлдебір  жаңалықтар  материалдарын 
жазу анағұрлым оңай»,
143
 – дейді жаңалықтардың онлайн-редакторы Айжан Түгелбаева.
Журналистік  зерттеулердің  құқықтық  негіздемесіне  «Қазақстан  Республикасының  ақпарат 
жəне  коммуникациялық  желілер  мəселелері  бойынша  бірқатар  заң  актілеріне  өзгертулер 
мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңы  ықпал  етті.  Ол  интернет-ресурстарды  БАҚ-тарға 
теңдестіріп, оларды реттеу механизмін қатайтты
144
  (бұл туралы егжей-тегжейлі 7.1.2.1-тармақтан 
оқуыңызға  болады). 2012 жылдың  шілдесінде  қабылданған  «Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігі 
туралы» Заң ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген желеумен шенеуніктер тарапынан БАҚ-
тарға тікелей бақылау жасау мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.
145
 
«Əділ  сөз»  қоғамдық  қорының  заң  қызметтерін  басқарушы  Ганна  Красильникованың  пікірі 
бойынша, зерттеулермен айналысатын журналистер заң тұрғысынан айтарлықтай қауіп-қатерлерге 
тап  болады.  БАҚ-тардың  жұмысын  реттейтін  заңнама  да,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
меншік иелері де журналистердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Əшкерелеудің кез келген 
түрі  «жала  жабу  əрекеті»  деп  айыпталуға  ұрындырады.  Халықаралық  стандарттар  бұл  жерде 
қолданылмайды».
146
Прашкевич ханым да, нарықтың қысымын Қазақстандағы журналистік зерттеулер үшін кедергі 
ретінде  ерекше  атап  өтті: «Ондай  зерттеулер  жүргізу – БАҚ-тар  мен  баспа  үйлері  үшін  арзан 
нəрсе  емес.  Зерттеуші  журналистиканың  ілесе  жүретін  қауіп-қатерлеріне  өзге,  ол  көп  уақытты 
сарп етуді талап етеді».
147
 Жаңа технологиялар зерттеулер жүргізу үшін қосымша мүмкіндіктер 
ашқанмен,  оны пайдаланатындар аз.
4.2.1. Мүмкіндіктер
Қазақстанда дəстүрлі БАҚ-тар журналистік зерттеулерді аз жүргізетін болса да, цифрлау ол үшін 
бұл  жанрдың  дамуына  септігін  тигізе  алатын  жаңа  құралдар  берді.  Технологиялар  ақпараттың 
саны  көп  көздеріне  жəне  билік  органдары  тарапынан  аз  дəрежеде  бақыланатын  мультимедиа 
қызметтерінің көмегімен оқырмандармен қарым-қатынас жасаудың жаңа тəсілдеріне жол ашты 
(бұл туралы 4.2.3-тармақтан оқи аласыз).
143 Tengrinews 
редакторы жəне тілшісі Айжан Түгелбаевамен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 5-і.
144 Comport.region.kz/, 
«Қазақстанда интернетті реттеу туралы Заң», 2009 жылғы қаңтардың 22-сі, http://comport.region.kz/forum/
viewtopic.php?p=19960 (қолжетімді күн: 2013 жылғы  17 сəуір).
145  Қазақстан  Республикасының 2012 жылғы  қаңтардың 6-ындағы  № 527-IV «Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігі  туралы»  Заңы, 
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31106860 (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
146 «Əділ сөз» қоғамдық қорының заң қызметтерін басқарушы Г.Красильниковамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 4-і.
147 «GOOD» 
жарнама агенттігінің PR-маманы,  Nur.kz-тің редакторы Жанна Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 
14-і.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
7 0
Цифрлау  журналистік  зерттеулер  үшін  материалдар  іздестіруді  жеңілдетті,  алайда  даулы  жəне 
қарама-қайшы тақырыптар (мысалы, шенеуніктердің асырапайдаланушылық фактілері) бойынша 
ақпарат тауып алу жеткілікті дəрежеде қиын. Журналистер фактілерді интернетте орналастырылған 
деректор қорларынан ала алады, бірақ бұлар бойынша сапалы зерттеу жүргізу қиын.
«Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қорының жобасы  журналистік 
зерттеу  жүргізу  үшін  ақпараттық  себеп  болды.  Ол  ақпарат  саясатын  жүргізуге  мемлекеттік 
тапсырыс алатын БАҚ-тардың деректер қорын құрған-ды.
148
«Солтүстік  Қазақстанның  құқықтық  медиа-орталығы»  қоғамдық  қорының  президенті  Диана 
Окремованың сөзі бойынша, журналистер, өкінішке қарай, зерттеулер жүргізу үшін бұл ақпаратты 
осы уақытқа дейін пайдаланған жоқ.
149
4.2.2. Қоқан-лоқылар
Қазақстанда  интернет  пікірсайыстар  мен  азаматтық  белсенділік  үшін  еркін  тұғыр  ғана  емес 
(3.2-тармақты қараңыз), ол сонымен қатар БАҚ-тарды тарату арнасы да болып отыр. Үкімет, өз 
кезегінде, өзіне жағымсыз контентті сүзгіден өткізу арқылы ақпараттық кеңістіктің осы сегментіне 
бақылау  орнату  шараларын  қабылдады.  Сотқа  шағым  түсіру  жəне  қысым  көрсетудің  басқа  да 
түрлері қудалаудың қосымша əрекеттері болып табылады (бұл туралы кеңірек 7.3-тармақтан біле 
аласыз).
Заңда көзделген шектеулер мен басқа да қысым тəсілдерінен өзге, «Голос республики» газетін, 
Azattyq  радиосын, Guljan.org сайтын  қоса  алғанда,  тəуелсіз  немесе  балама  БАҚ-тар  тосқауыл 
қою немесе DDoS шабуылдардың нысанасына айналады. Осындай əрекеттердің бастаулары мен 
уəждерін  дəл анықтау қиын болса да, кейде ықтимал дəлелді интернет-ресурстың тоқтатылған 
уақыты  (айы-күні)  көрсетеді.  Жаңалықтар  сайты Zona.kz 2007 жылы  саяси  көшбасшылар 
арасында  болған    телефондағы  сөйлесулерден  кейін  жабылды.
150
 2011 жылы Guljan.org-тың 
редакторы Гүлжан Ерғалиева билік құрылымдары туралы сын мақалалар жариялағанына жауап 
ретінде  өзінің  сайтына DDoS шабуылдары  жасалғанын  мəлімдеді,
151
 2011 жылғы  президенттік 
сайлау  науқаны  кезінде  мемлекеттік  интернет-провайдерлер – «Қазақтелеком»  АҚ-ы  мен 
«Нұрсат» Azattyq радиосына («Свободная  Европа»,  Радио  Свобода»  радиоларының  қазақша 
қызметі) тосқауыл қойды.
152
148 «Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қоры, БАҚ-та мемлекеттік тапсырыс алушылардың деректер 
қоры, http://legalmediacenter.kz/2012-10-04-10-02-31.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы). 
149 «Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қорының президенті Д.Окремовамен сұхбат, Алматы қ., 2012 
жылғы желтоқсанның 19-ы.
150  Р.Ван Хорн, «Орталық Азия: Цензура 3.0 жəне онлайн сөз бостандығы үшін күрес», Eurasianet, 2011 жылғы қарашаның 7-сі, 
http://www.eurasianet. org/node/64461. (қолжетімді күн:2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
151 «Əділ  сөз»  ҚҚ, «Гүлжан  Ерғалиеваның  веб-сайтына  Қазақстандағы DDoS шабуылдардың  нəтижесінде  тосқауыл  қойылды», 
2011  жылғы  шілденің 21-і, http://www.adilsoz.kz/en/newsen/website-of-guljan-ergalieva-was-blocked-by-kazakhstans-ddos-attacks/ 
(қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
152 «Свободная Европа/Радио Свобода» радиосы, «Қазақстанда президент сайлауы науқаны басталар тұста «Свободная Европа» 
радиосының  сайтына  тосқауыл  қойылды, 2012 жылғы  наурыздың 4-і, http//www.rferl.org/content/press-release_rfe_websites_
blocked_kazakhstan/2326174.html. (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау