Country report цифрлық медиалар картасы


 3 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет28/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54

6 3
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
«Менің  пікірімше,  цифрлық  технологияларға  көшу  біз  құратын  медиа  өнімнің: 
бағдарламалардың,  сұхбаттардың,  жарияланымдардың  сапасын  нашарлатты, – дейді 
Рау  ханым. – Бұрын,  сұхбат  өткізу  үшін,  біз  оның  кейіпкерімен  тікелей  кездесуге  тиіс 
болатынбыз, адамды сезіне жəне онымен ашық бола алатын немесе бола алмайтынымызды 
шеше  алатынбыз.  Жеке  қарым-қатынас,  адам  факторы – журналистиканың  аса 
маңызды элементі, ал цифрлық медианы кең қолданған, сұхбаттың электрондық пошта 
немесе телефон арқылы жүргізілуі мүмкін кезде, бұл фактор жоғалады. Менің ойымша, 
ақпарат  іздеудің  цифрлық  технологиясын  пайдаланып,  журналист  материалға  сірə  да 
өзінің ақпаратын қосады немесе анық болмауы мүмкін ақпаратты интернеттен алып 
пайдаланады.  Сөйтіп,  ақпаратты  беру  жылдамдығы  оның  сапасы  мен  сенімділігінен 
жоғары тұрады».
119
Тікелей  ақпаратқа  деген  қажеттілік  өз  ережелерін  талап  етеді.  Журналист  жұмысының  көлемі 
айтарлықтай  артты.  Онлайн-редактор  Айжан  Түгелбаеваның  күн  сайын 16-ға  жуық  материал 
даярлауына  тура  келеді,  олардың 4-еуі  «ара  адамның  қатысуынсыз,  тікелей  тура  дереккөзден» 
алынуға, ал қалған 12-сі қосымша дереккөздердің түпнұсқалық өңделуі болуға тиіс.
120
  Медиа-
зерттеулер  жəне  журналистерді    оқыту  саласындағы  үкіметтік  емес  ұйымды  басқарушы, 
журналист  жəне  блогер  Кəмила  Жүсіпова  атап  өткендей, «бүгінгі  күні  тұтынушыларды  күту 
мүлдем басқа – оқырмандар күніне 20 мақалаға дейін оқи алады, ал журналистер үшін соншама 
көп жазу қиын».
121
 Сұхбатқа қатысушылардың басқаларының пікірінше, цифрлық технологиялар 
журналистерге ақпаратты жылдам жинаудың жаңа тəсілдерін ашып берді, бірақ сонымен бірге 
көлемдері  үлкен,  тақырыптары  мен  дереккөздері  алуан  түрлі  материалдар  даярлауға  деген 
талаптар да жоғарылады.
Белгілі қаржы шолушысы Төлеген Асқаровтың ойынша, журналистер ұйымында қызметкерлерді 
басқаруды журналист еңбегінің нақты құнын анықтау қиындатады: «Медиа-бизнестегі мамандар 
саясатының бүгінгі таңдағы ең үлкен қиындығы – журналиске қанша ақы төлеу керектігі, өйткені 
енді  ол  журналист  қана  емес.  Ол  бір  мезгілде  блогер,  суретке  түсіруші  жəне  бейнеоператор 
болып  отыр.  Бұл  рөлдердің  əрқайсысын  қалай  бағалай  аламыз?».
122
    Асқаров  мырзаның  пікірі 
бойынша, мультимедиа машықтары жəне Алматы қаласында бес жылға жуық жұмыс тəжірибесі 
бар журналист бір мың немесе тіпті бір мың жарым доллар жалақыға үміт арта алады – бұл екі 
тарап: жұмыс беруші үшін де, қызметкер үшін де əбден ақылға қонымды жалақы.
123
119  Радио NS-тің бас редакторы Т.Раумен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 1-і.
120 Tengrinews-тің редакторы, тілшісі А.Түгелбаевамен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы 5 наурыз.
121 «Медиа  стандарттар    институты»  қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  К.Жүсіповамен  сұхбат,  Алматы, 2012 жылғы 
қазанның  6-сы.
122 «BizMedia» Іскерлік  журналистика  орталығы»  қоғамдық  қорының  президенті  Т.Асқаровпен  сұхбат,  Алматы, 2011 жылғы 
наурыздың 25-і.
123 «BizMedia» Іскерлік  журналистика  лоталығы»  қоғамдық  қорының  президенті  Т.Асқаровпен  сұхбат,  Алматы, 2011 жылғы 
наурыздың 25-і.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
6 4
Үлкенірек  жастағы  немесе  жастау,  бірақ  цифрлық  технологиялармен  жұмыс  істеп  үйренбеген 
журналистердің  техникалық  тұрғыда  жақсы  жаттыққан  əріптестерінен  артта  қалып  отырғаны 
анық. Бүгінде іс жүзінде барлық журналистер компьютерді, жоқ дегенде, материалды жинау, жазу 
жəне жолдау үшін пайдалана алады, ал кейбір жастау журналистер мультимедиалық құралдардың 
кеңірек ауқымын пайдалануға қабілетті.  Жүсіпова ханым: «Қазіргі заманның технологиялары – 
жасы  үлкенірек  журналистер  үшін  ең  қиын  мəселе,  алайда,  менің  ойымша,  бүгінгі  таңда 
журналистік  нарық  оларды  жаңа  нəрселерді  меңгеруге  мəжбүр  етеді», – дейді.
124
  Тəжірибесі 
мол кəсіби мамандар жұмыстарында электрондық поштаны, жаңалықтарды интернеттен іздеуді, 
басқа  да  онлайн-құралдарды  игеруді  үйреніп  жатқан  уақытта,  жас  журналистер  əлеуметтік 
желілерді  жəне  өзге  де  ақпараттық  инновацияларды  сенімді  түрде  пайдаланады.  Жасы  үлкен 
журналистердің  кейбіреулері  жаңа  платформалардың  меншікті  басылымдарын,  телеарнасын 
немесе  радиостанциясын  пайдалануды  əзірше  жете  бағалай  алмай  отыр.  Олар,  əдетте,     
мультимедиа  қызметтеріне  жəне  олардың  БАҚ-тың  тұтынушылармен  өзара  қарым-қатынас  
жасау тəсілдеріне сапалы түрде ықпал ете алатын  қабілеттеріне сенімсіздікпен қарайды.
Мақсаты  жаңа  медиа-құралдарды  меңгеруде  журналистерге  көмек  көрсету  болып  табылатын 
«Internews Kazakhstan» Newreporter.org жобасының  үйлестірушісі  болған    Гүлім  Əмірханова: 
«БАҚ-тарды  басқарып  отырған  адамдар  əлі  күнге  дейін  кертартпа  ойдан  арылмаған.  Көбінесе 
олар – үлкен жастағы адамдар. Интернетті ойын-сауықтар құралы ретінде көріп үйренген оларға 
оны  мультимедиа  журналистикасы  үшін  платформа  деп  қабылдау  қиын».
125
  Жақын  келешекте 
«цифрлық  теңсіздіктің»  қысқаратыны  айқын.  Жүсіпова  ханымның  ойынша,  алдағы  жылдарда 
«цифрға  дейінгі»  дəуірдің  журналистері    зейнеткерлікке  шығып,  бұл  цифрлық  технологиялар 
пайда болғанға дейін жəне одан кейін оқыған журналистердің біліктігіндегі айырмашылықтарды 
азайтады».
126
 
Сараптамашылар айтып өткен тағы бір мəселе – үлкен қалаларда жұмыс істейтін журналистер 
мен алыс жерлерде жұмыс істейтін журналистер арасында алшақтық артып отырғаны байқалады, 
өйткені    жаңа  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілу  жəне  кеңсалалы  интернеттің  енуі  үлкен 
қалаларда əлдеқайда жоғары.
Оқырмандардың  қалаулары  ақпарат  көлемінің  айтарлықтай  қысқаруына  келтірді.  Сала  құлаш 
ұзын материалдар оқырмандардың көпшілігі үшін тартымды емес. Жүсіпова ханымның пікірінше, 
журналистер тақырыптардың үлкен ауқымы бойынша қысқа мақалалар дайындауға тиіс: «Енді 
олардың анағұрлым көп жазуы керек. Оқырмандар, сірə, шағын  мақалаларды оқиды,  бірақ бұл 
журналистер жалқауланып кетті дегеннен емес. Бүгінгі күні оқырмандар өзгерді».
127
 Интернетте 
оқуға қолжетімді көптеген материалдар жəне пайдаланушылардың бір сайттан екіншісіне жылдам 
124 «Медиа  стандарттар    институты»  қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  К.Жүсіповамен  сұхбат,  Алматы, 2012 жылғы 
қазанның  6-сы.
125  Internews Kazakhstan, New Reporter жобасының үйлестірушісі Г.Əмірхановамен сұхбат, Алматы, 2012 жылғы мамырдың 28-і.
126 «Медиа  стандарттар    институты»  қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  К.Жүсіповамен  сұхбат,  Алматы, 2012 жылғы 
қазанның  6-сы.
127  Бұл да сонда.


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау