Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
5 6
белсенділік тікелей немесе басым жағдайда осы мақсаттар үшін пайдаланылмайтын əртүрлі
онлайн-платформаларда көрініс береді.
2006 жылдың соңында Қазақстан үкіметі елге шетелден оң жақ рулі бар автомобильдер əкелуге
тыйым салатын ниетін жария етті. (Қазақстанда жолдардағы көліктер оң жақпен жүреді, бірақ
рулі оң жақтағы автомобильдер де қолданыста бар). Соған байланысты болашақта оң рульді
автомобильдерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасы əзірленді. Бұндай тыйым салушылық
рулі оң жақтағы көліктер иелерінен машиналарын заңды негізде жүргізу үшін, олардың рульдерін
сол жаққа ауыстыруды талап ететін-ді.
Бұл шешім «Центр тяжести» (ct.kz) интернет-форумында қызу пікірталас тудырып, соңынан
қарсылық білдірудің бірқатар бейбіт акцияларына ұласты. Сондай акциялардың бірінің
барысында рульдері оң жақтағы автомобильдер Алматыдағы «Республика» алаңымен ақырын
жылжи отырып, өздерінің қарсылықтарын үздіксіз гуілдету арқылы білдірді. Пікірталастар басқа
да ойлайн-платформаларда (Friends.kz, Vkontakte.ru, «Мой мир») өтті. Белсенділер тобы акция
кезінде тіпті өз сайтын құрды. Қарсылық акциялары туралы БАҚ-тарда айтарлықтай дəрежеде
материалдар жарияланды, соның нəтижесінде үкімет заң жобасын кері қайтарып алуға шешім
қабылдады.
3.2.2. Интернетті реттеу: жұртшылықтың сыны
2008 жылы үкімет интернетті реттеу туралы заң жобасын халыққа жария етті: соған сəйкес
интернет-сайттардың бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылғаны оларды сол бойда
электрондық баспа БАҚ-тарына қатысты қолданылатын қатаң реттеу нысанына айналдырды.
Интернет-ресурстың меншік иесіне бұл заң жобасы сайтта орналастырылған түсіндірмелер мен
пайдаланушылық контент үшін жауапкершілік жүктеді (егжей-тегжейлі 7.1.2-тармақтан қарауға
болады). Онлайн-белсенділер, онлайн-бизнес құрылымдарының өкілдері, БАҚ жəне үкіметтік
емес ұйымдар, мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуді қоса алғанда, əртүрлі əдістерді
пайдалана отырып, бұл заң жобасына белсенді түрде қарсы тұрды.
Бұл мəселе төңірегінде интернетті əлеуметтік қарсылықтың құралы ретінде пайдаланған
белсенділердің екі бірлестігі (біреуі оппозициялық «Голос Республики» газетімен тығыз байланыс
ұстаған-ды) пайда болды. Электрондық жəне SMS-хабарламалар, əлеуметтік желілерде мүдделі
тұлғалардың қоғамдастықтарын құру, қарсылық акцияларынан алынған бейне-материалдарды
тарату арқылы қазақстандықтар оқиғалардың барысын қадағалап отырды. Осындай жағдайда
интернет қарсылықтың басқа түрлеріне қосымша құрал ретінде пайдаланылды жəне медиа-
қоғамдастықтарды жұмылдыруға, сонымен қатар азаматтардың назарын акцияның өзіне аударуға
септігін тигізді.
Бұл заң жобасына жоғарыда аталған бірлестіктерге қатысушылар ғана қарсы шыққан жоқ.
Жекелеген азаматтар өздерінің көзқарастарын ұйымдардың блогтарында, сайттарында жəне
əлеуметтік желілердегі жеке беттерінде білдірді. Онлайн-белсенділік көріністерінің бірі 2009
5 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
жылғы мамырдың 13-інде өткен қарсылық акциясы болды: оның барысында қарсылық білдірушілер
домен.kz-тегі сайттарын пайдаланудан бір сағат бойы бас тартты. Акцияға қатысушылар
əлеуметтік желілердегі сайттары мен жеке беттерінде өздерінің қарсылығын білдіретін логотип
орналастырды. Бұл жайында жергілікті оппозициялық қана емес, бірқатар шетелдік БАҚ-тар да
(оның ішінде АҚШ пен Ұлыбританиядан да) көп жазды. Бұндай жарияланымдар үлкен дəрежеде
қарсылықтың оффлайн-акцияларын көрсетті. Алайда, жұртшылықтың сынына қарамастан,
аталған заң жобасы бəрібір қабылданып, бірнеше жыл өткен соң, ақпараттық-коммуникациялық
желілерді реттеу мəселелері бойынша заңнама қабылдаудың салдарлары конференцияларда да,
БАҚ-тарда да пікірталастар тақырыбына айналды.
Қазақстандағы экономикалық дағдарыс зардаптарының бірі – тұрғын үй нысандарының
құрылысын тоқтата тұру болды. Бұл жағдай Алматы мен Астанада бірқатар қарсылық
акцияларының өтуіне түрткі болса, ал аталған тақырып БАҚ-тарда кеңінен талқыланды. «Центр
тяжести» форумында қызу пікірталас орын алып, құрылыс компаниялары мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдары арасындағы «келіссөз алаңына» айналды.
Тағы бір мысалды алматылық Дмитрий Поташовтың блогы береді. Ол 2010 жылғы маусымның
ішінде мемлекет белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейі – 13.000 теңгемен (86 АҚШ долларына
жуық) өмір сүре отырып, өзінің осы əлеуметтік тəжірибесіне Yvision-дағы блогында түсініктеме
берді.
109
Блог тез арада кеңінен танылып, көптеген түсіндірмелердің берілуіне, теледидардан
себеп болды. Ол туралы жергілікті баспа жəне онлайн-басылымдарында жазылып, теледидардан
хабарланды. Кейіннен осындай тəжірибені Қырғызстанның азаматы да қайталады. Бұл үкіметтің
саясатында қандай да бір айқын өзгерістерге келтірмегенмен, аталған оқиға интернетте азаматтық
белсенділіктің жақсы үлгісі болды. Дмитрий Поташов өзінің блогында əлеуметтік-экономикалық
мəселелерге түсініктеме бере отырып, оны жүргізуді жалғастырып келеді.
2010 жылдың мамырында журналист, блогер жəне медиа-сарапшы Ержан Сүлейменов əлеуметтік
желілерді, оның ішінде Yvision мен Facebook-ты Алматы циркінде өнер көрсеткен «Дельфинарий»
шоуына қарсы флеш-моб ұйымдастыру үшін пайдаланды. Шоудың басты жұлдыздары Алматыға
Ресейден автобуспен ішінде су бар кішкентай контейнерде əкелінген екі дельфин болды. Флеш-
моб цирк ғимаратынан қашық емес жерде өтті, қатысушыларды көп жинай алмаса да, бірақ
кейіннен əлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды, солардың беттерінде флеш-мобтың
бейнематериалдары да таралды. Сондай-ақ ол жетекші БАҚ-тарда да жарияланды.
Азаматтық белсенділер қызметінің табысты салаларының бірі – дəрігерлік немесе басқадай
жəрдемге зəру балаларға көмек көрсету мақсатында интернетте қайырымдылық акцияларын
ұйымдастыру. Сөйтіп, мысалы, 2006 жылы «Центр тяжести» онлайн-форумы белсенділері «Ерікті
«Қайырымдылық» («ҮЙ») қоғамын» құрды. Бұл «ҮЙ» жетімдер мен ауыр науқаспен ауыратын
балаларды емдеуге қаражат табуға көмектеседі. Ұйым өзінің Detdom.kz сайтында қаржылай
109 Дмитрий Поташовтың блогы, dmitrius.yvision/kz.
Достарыңызбен бөлісу: |