6 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
ауысу мүмкіндігі, сөз жоқ, цифрлық технологиялардың осы үрдістің маңызды бөлшегі екенін
көрсетеді.
Алайда журналистикадағы соңғы өзгерістердің барлығы дерлік цифрлаудан туған жоқ. Кейбір
сарапшылар, ақпараттық технологиялардың үдемелі қарқынмен дамуына қарағанда, өзгермелі
сұраныс пен саяси қысымның журналистерге қойылатын талаптарды көтеруге аз ықпал етпейтінін
атап көрсетті.
Балама БАҚ-тардың іс-тəжірибесі экономикалық, технологиялық жəне саяси мəселелердің
Қазақстандағы журналистикаға ықпал етуге қабілетті екенін көрнекі түрде көрсетіп бере алады.
«Голос республики» газеті бас редакторының бұрынғы орынбасары Оксана Макушинаның
айтуы бойынша, бастапқыда онлайн-форматқа көшу идеясы тікелей бизнес-шешім болған,
содан кейін ғана бұл саяси прессингке байланысты қажеттілікке айналды. Тираждар тəркіленіп,
баспаханаларға қысым көрсетілді, аталған газетке қарсы сот істері қаралып, ақыр соңында,
олар газеттің жабылып, басқа атаумен шыға бастауына келтірді. Осындай жұмыс шарттарына
бейімделудің нəтижесі «Голос республики» газетінің онлайн-БАҚ режиміне көшуі болды.
128
«Голос
республикидің» бұрынғы бас редакторы Татьяна Трубачеваның пікірі бойынша, интернеттің
пайда болуымен бірге, цензурамен күресу оңайырақ бола бастады. «Қазір интернеттің көмегімен
«Голос республики» газетінің үнін өшіру мүмкін емес».
129
«Голос республики» жəне басқа да жаңалықтардың балама ресурстары 2012 жылдың аяғында
үкіметтің талап-арызы бойынша жабылды. Баспа нұсқасы енді басылмағанмен, бұл газет сервері
бар веб-сайтта Қазақстаннан тыс жерлерде жəне əлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы
қолжетімді болып отыр.
Журналистикаға ықпал ететін экономикалық факторлар – ол бəсекенің көтерілуі, артып
отырған сұраныс, жарнамаға шығыстардың қысқартылуы жəне тағы басқалары. БАҚ-тарға
бақылау жасау əрекеттері күшейіп келеді, коммерциялық БАҚ-тардың иеленушілері мен саяси
партиялардың құқықтары теңелді (6.1-тармақты қараңыз), бұл əсіресе «Нұр Отан» партиясына
қатысты. Қалыптасып отырған жағдай келесі үрдісті білдіреді: оппозициялық жəне тəуелсіз саяси
партиялардың саны қысқарғаны, олардың қызметі (əсіресе оң, дұрыс қызметі) туралы ақпараттың
таралуы шектелгені байқалады.
4.1.2. Этикалық ұстанымдар
2012 жылғы қазанның соңында «Қазақстан Республикасының журналист этикасы кодексі»
қабылданды. Бұндай құжат əзірлеудің қажеттігі туралы идеяны алғаш рет президент Нұрсұлтан
Назарбаев «Қазақстанның əлеуметтік жаңартылуы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына қарай
жиырма қадам» атты мақаласында жария еткен-ді. Кейіннен заңдық күші жоқ болуына қарамастан,
128 «Голос республики» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушинамен сұхбат, Алматы қ., 2011 жылғы сəуірдің 11-і.
129 «Голос республики» газеті бас редакторы Т.Трубачевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
6 6
аталған кодексті журналистердің бір тобы қабылдады.
130
Мемлекеттік БАҚ-тардың мəлімдеуі
бойынша, бұл құжат медиа-қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған, алайда басқалары оны
қарама-қайшылықсыз емес деп санаған. Орталық Азия мен Кавказдағы қиындығы бар мəселелер
туралы сын материалдар жариялайтын Registan.net ақпаратына сəйкес, аталған кодекс жұмыс
тобы құрамында тəуелсіз журналистердің болмауы себепті сенімсіздік тудырады. «Кодекс
президенттің жарлығы бойынша əзірленгендіктен, тайсалмай тура баяндайтын материалдармен
күрес жүргізудің күн ілгері істелетін шарасына айналуы мүмкін».
131
Сарапшылардың ойынша, журналистердің этикалық мінез-құлқындағы өзгерістер көп
жағдайда БАҚ-тардың редакциялық саясатына меншік иелері немесе үкімет тарапынан
қысым көрсетілуінен туады. Ақпарат өңдеуде журналистерден жеделдікті талап ететін
технологиялардың дамуы кейбіреулердің этикалық ұстанымдарды көзге ілмеуінің түпкі себебі
емес. «Время» газеті редакторының бұрынғы орынбасары, қазір «Forbes Kazakhstan» порталының
редакторы болып отырған Вадим Борейко айтқандай, «егер журналист жас кезінде əділдіктің
негізгі ұстанымдарына, алаламайтын риясыздық пен этикаға үйренбеген болса, онда қазіргі
заманғы технологиялардың осы мағынада оның мамандығына, сірə, көмегі тие қоймас».
132
Сарапшылар жаңа медиа-құралдардың өздігінен ақпарат беруде қателіктердің орын алуына себеп
бола алмайтынын, қателіктердің пайда болуы ықтималдығын журналистерді солай жұмыс істеуге
мəжбүр етіп отырған жылдамдық арттыратынын атап айтты. Одан өзге, материалдар көбінесе
сайттарда тікелей, ыждағатты редакторлық тексеріссіз жарияланады.
133
Nur.kz-тің редакторы
Жанна Прашкевичтің ойынша, материал интернетте жарияланғаннан кейін қателікті жою қиын,
өйткені ақпарат желі бойынша өте жылдам тарайды.
134
Жүсіпова ханым: Өкінішке қарай, қателіктер өте көп, өйткені əртүрлі деректер, оның ішінде
сыбыстар да көп», – деп келіседі.
135
Сонымен қатар ол фактілердің егжей-тегжейлі тексерілмейтінін
атап өтті:
«Жазбас бұрын журналистер ақпаратты басқа дереккөздердің көмегімен тексеріп алуға
тиіс, бірақ олар оны мүлдем істемейді. Фактілер соншалықты мұқият тексерілмейді,
өйткені ақпараттың ықтимал көздерінің барлығы бірдей пайдаланылмайды. Бұрын біздің
130 CaspioNet,
«Қазақстанда журналист этикасы кодексі қабылданды», 2012 жылғы қазанның 30-ы, http://caspionet.kz/eng/general/
Code_of_journalism_ethics_adopted in Kazakhstan_ 1351662884.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
131 К.Рэносон, «Қазақстанның Журалистер одағы мен Бас редакторлар клубы Этика кодексін қабылдады, Registan, 2012 жылғы
қарашаның 1-і, http://registan.net/2012/11/01kazakhstans-union-of-journalists-and-head-editors-club-adopt-ethics-codex/ (қолжетімді
күн: 2012 жылғы қарашаның 2-сі).
132 «Время» газеті редакторының бұрынғы орынбасары, қазір «Forbes Kazakhstan» порталының редакторы Вадим Борейкомен
сұхбат, Алматы қ., 2011 жылғы наурыздың 9-ы.
133 Tengrinews
редакторы жəне тілшісі Айжан Түгелбаевамен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 5-і.
134 «GOOD»
жарнама агенттігінің PR-маманы, Nur.kz-тің редакторы Жанна Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың
14-і.
135 «Медиа стандарттар институты» қоғамдық қорының атқарушы директоры К.Жүсіповамен сұхбат, Алматы, 2012 жылғы
қазанның 6-сы.
Достарыңызбен бөлісу: |