Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
5 8
көмекке зəру балалардың суреттері мен өмірбаяндарын орналастырады. Ақшалай қаражатты
ұйымның есепшотына немесе балалардың ата-аналарына тікелей жолдауға болады. «ҮЙ» өзінің
сайтында жиналған қаражат туралы есептеме жариялап отырады. 2012 жылдың қазанында қоғам
белсенділері балаларға жасалатын хирургиялық операциялардың ақысын төлеу үшін ғана 300
млн. теңге (2 млн. АҚШ доллары) жиналғанын мəлімдеді. Соған ұқсас акциялар əлеуметтік
желілерде де өтеді.
Казнеттегі азаматтық белсенділіктің басқа мысалдарының қатарында қарағандылық NV.kz
жаңалықтар порталында орналастырылған Doroga.nv.kz сайтын атауға болады. Бұл бастама –
Ұлыбританиядағы танымал Fixmystreeet.com сайтына ұқсас: онда пайдаланушылар жолдардың
қандай бөліктерінде жөндеу талап етілетіні жайында хабарламалар орналастыра алатын карта
бар.
110
Екі сайт – K-zh.kz пен GreenSalvation.org – жəне əлеуметтік желілердегі олармен байланысты топтар
Алматы түбіндегі «Көк жайлау» ұлттық паркінде тау шаңғысы курортын салу жоспарларына
қарсы əрекеттер туралы жұртшылықты хабардар етіп отыру үшін құрылған.
Қайырымдылық
акциялары,
əртүрлі
қоғамдастықтардың
бастамалары
интернет
пайдаланушыларды жұмылдырудың аса табысты тəсіліне айналды. Сөз жоқ, саяси белсенділік
бар жəне, шын мəнінде, тиімді бола алады, бірақ, жалпы алғанда, қазақстандықтар саяси
тұрғыдағы акциялардан аулақ жүруді жөн көреді. Алайда əлеуметтік мəселелерді шешуге
бағытталған белсенділік пен тікелей мемлекеттік саясатқа ықпал ететін белсенділік арасындағы
шек тым жақын. Танымал пікірталастар алаңы талқылауларға қатысуға мүмкіндік береді.
Азаматтық белсенділіктің басты платформаларының бірі «Центр Тяжести» форумы болған
жəне солай болып қалып отыр. Интернеттің Қазақстанда пайдаланылуы туралы академиялық
зерттеулердің бірінің авторлары «Центр Тяжести» платформасын адамдардың күнделікті өмірдегі
қам-қарекеттерінен бастап саяси мəселелерге дейін талқылайтын «жасырын саяси» алаңы ретінде
сипаттайды.
111
Тəуелсіз журналист жəне блогер Асхат Еркімбайдың пікірінше, интернет кеңістіктің
бұл «жасырын саяси» табиғаты қазақ тілінде жазатын блогерлер мен интернет пайдаланушыларға
əсте тəн емес: онда адамдар, керісінше, «саясатты ашық талқылайды». Мысал ретінде Еркімбай
мырза Abai.kz, Jaqsy.kz жəне Azattyq.org секілді сайттарды атап берді.
112
Соңғы жылда қазақстандық интернет-қоғамдастықтың қоғамдық-саяси белсенділігінде біршама
өзгерістер орын алды. Журналист, азаматтық белсенді жəне «Қазақстанның жастарға арналған
ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медникова екі жыл бұрын
интернетте аз көрінетін жастар ұйымдарының əлеуметтік желілерді «қабылдағанын» айтып өтті:
110 «Черная дыра», http://doroga.nv.kz (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
111 И.Шкловский, В.Валтыссон, «Жасырын-саяси: Қазақстандағы онлайн-пайдаланушылардың азаматтық белсенділігі», Journal of
Broadcasting and Electronic Media, № 56 (3), 1012 ж. 417-433-беттер.
112 Журналист жəне блогер Асхат Еркімбаймен электрондық пошта арқылы сұхбат, 2012 жылғы қазанның 30-ы.
5 9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
«Өткен жыл ішінде əлеуметтік желілердегі топтарға қатысушылардың саны екі есеге
дерлік өсті, жастардың белсенділігі артты. Интернет арқылы біздің жобаларымыз
туралы біліп, олар ұйымымыздың еріктілеріне айналды. Əлеуметтік желілерде, əсіресе
əлеуметтік-саяси контенттің таралуы тұрғысынан, Facebook-пен салыстырғанда
енжарлау болған Vkontakte-де осы жылы мен студенттер арасында əлеуметтік-саяси
белсенділіктің кенет көтерілгенін байқадым».
113
Мысалы, Жаңаөзен қаласында
114
орын алған тəртіпсіздіктерден кейін Facebook-та пайда болған
«Қазақстандағы келіспеушілер» («Несогласные Казақстана») тобын айтуға болады. 2011 жылдың
желтоқсанында мұнай компаниясының жұмысшылары өмір сүру деңгейін жақсартуды жəне
жалақыны көтеруді талап етіп, ереуіл жариялады, ал жауап ретінде ереуілшілерді жұмыстан
шығару орын алды. Жұмысшылардың қарсылық білдіру шаралары жаппай тəртіпсіздіктерге жəне
полициямен қақтығысқа келтіріп, ереуілшілер жəне полиция тарапынан 15 адам қаза тауып,
100-ден аса адам жараланды. YouTube-ке шығарылған бейнетаспадан көргеніміздей, полицияның
қарусыз қарсыласушыларға зорлық-зомбылық көрсеткені жұртшылықты дүрліктіріп, əлеуметтік
желілерде пікірталастар тудырды. «Қазақстандағы келіспеушілер» тобы пікірталастар үшін де,
кейінірек Алматыда өткен рұқсатсыз қарсылық акцияларына қатысушыларды тарту мақсатында
да пайдаланылды. Қарсылық акцияларын ұйымдастырғаны үшін ұсталған немесе түрмеге
жабылған бірқатар оппозиционерлер мен азаматтық белсенділердің арасында Facebook-тағы
топтың белсенді қатысушысы Бақытжан Төреғожина да болды.
115
Онлайн-қоғамдастық əлі күнге
дейін бар жəне 7.000-нан астам тіркелген қатысушыларды қамтиды.
3.2.3. Азаматтық бастамалар үшін интернет-технологиялар
Жоғарыда келтірілген жағдайлардың көпшілігінде азаматтардың көңіл күйлеріне жəне мінез-
құлықтарына онлайн-белсенділіктің ықпалын шамалау қандай қиын болса, дəл осы интернеттің
қандай да бір нақты мəселенің айналасында қоғамның белсенділігін тудырғанына сендіру де
қиын. Онлайн-белсенділер, əдетте, басқа салаларда да іске тартылған, əрі байланыс құралдарын
азаматтарды ақпараттандыру құралы ретінде ғана пайдаланады. Олардың іс-əрекеттері
кенет онлайн-белсенділікті тудырған не болмаса мемлекеттік саясатта өзгерістерге келтірген
жағдайларда, интернет бар-жоғы ашық пікірсайыстар алаңы ғана болған-ды.
Біз əңгімеге тартқан азаматтық белсенділердің көпшілігі интернеттің адамдарды саяси акцияларға
қатыстыруға жұмылдыратын қозғаушы күш ретіндегі қызметіне көбінесе шүбəланып қарайды.
Көп жағдайда азаматтардың жария акцияларға қатысуы факторы елдегі жалпы ахуалға, яғни
құқықтар мен еркіндіктер ресми түрде танылғанмен, іс жүзінде шектелетін жайттарға байланысты.
113 «Қазақстанның жастарға арналған ақпарат қызметі» қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медниковамен электрондық
пошта арқылы сұхбат, 2012 жылғы қазанның 27-сі.
114 «Қазақстандағы келіспеушілер», Facebook-тағы топ, http://www.facebook.com/groups/nesoglasnyekz (қолжетімді күн: 2012 жылғы
қарашаның 9-ы).
115 Azattyq
радиосы, «Азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина ұсталды», 2012 жылғы наурыздың 24-і, http://rus.azattyq.org/con-
tent/news/24525721.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
Достарыңызбен бөлісу: |