Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
5 0
Қазақстаннан кіретін ең көп пайдаланылатын 10 сайттың жетеуі, электрондық поштасымен
қоса, көпсалалы қызметтер, пайдаланушылық контент жəне біріккен жаңалық таспасы болып
табылады. Жергілікті пайдаланушылардың онлайн-тілектері жайында ақпараттың жетіспеушілігі
себепті интернет-трафикте пайдаланушылық контенттің ықпал ету дəрежесін бағалау қиын.
Біздің мағлұматтарымыз бойынша, Қазақстанда соған ұқсас зерттеулер жүргізілмеген. Алайда
UGC-сайттардың кең танылып отырғанына қарамастан, олардың материалдарының қомақты
үлесі – пайдаланушылардың басқа ақпараттық ресурстардан алған постингтері.
Қазақстандық интернет-ресурстар əлі де даму үдерісінде тұр жəне əзірге жергілікті интернет
пайдаланушылар арасында жетекші америкалық жəне ресейлік сайттарға тəн танымалдыққа
жете қойған жоқ. Казнеттің кеңеюімен бірге олардың қажеттілігі артып келеді, алайда Kiwi.kz
пен Yvision.kz сайттарының
91
негізін салған Станислав Игнатовтың пікірінше, қазақстандық ең
танымал сайттар да UGC-ті кеңінен пайдаланады.
Мысалы, ол – 2012 жылғы қазанның 19-ында Zero.kz-тің рейтингінде бірінші орын алған Kolesa.kz.
Онда жарнамалық хабарландырулар көп жарияланады жəне түсініктемелер таспасы жүргізіледі.
10-кесте
Бірегей пайдаланушылардың ай ішіндегі саны бойынша,
қазақстандық интернет-ресурстардың алғашқы 10-дығы, 2012 ж.
Сайттың
атауы
Сайттың сипаты
Қазақстандық
сайттар
рейтингіндегі
орны
(Zero.kz)
Қазақстаннан
айдаланушылар
кіретін сайттардың
жалпы рейтінгіндегі
орны (Alexa.com)
Қазақстаннан
кіретін
бірегей пай-
даланушылар
саны (Zero.kz)
Kolesa.kz
Жеке жарнамалық
хабарландырулар (UGC)
1
12
8 635 762
Nur.kz
Жаңалықтар порталы (UGC)
2
13
3 317 389
Zakon.kz
Жаңалықтар порталы (UGC)
3
36
2 059 205
Krisha.kz
Жеке жарнамалық
хабарландырулар (UGC)
4
84
1 989 817
Slando.kz
Жеке жарнамалық
хабарландырулар (UGC)
5
27
1 678 987
Vse.kz
Форум (UGC)
6
38
1 599 710
Kiwi.kz
Бейнехостинг (UGC)
7
26
1 521 329
Tengrinews.kz
Жаңалықтар порталы
(ең аз пайдаланушылық контент,
жаңартылатын түсіндірмелер)
8
53
1 118 219
Kino.kz
Кино жарнамалары (UGC)
9
144
979,957
Namba.kz
Əлеуметтік желі (UGC)
10
43
908,675
Ескерту.
Бұл кесте Қазақстаннан ең көп пайдаланылатын, Zero.kz-те тіркелген ең танымал сайттардың 10-дығы
рейтингіне негізделіп жасалған. Есепке 2012 жылдың қыркүйегіндегі бірегей пайдаланушылардың саны
алынған. Салыстыру үшін сол сайттардың рейтингі Alexa.com деректеріне сай келтірілді.
Дереккөздер: Zero.kz, Alexa.com – деректер 2012 жылғы қазанның 19-ында алынған.
91 К.Гумарова, «Маған Қазнет жаса», Капитал, 2011 жылғы желтоқсанның 29-ы, http://www.profi t.kz/articles/1727-Sdelaj-mne-Ka-
znet/#.UIT8gmfhcS9 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 23-і).
5 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Дəстүрлі БАҚ-тармен байланысы жоқ, жаңалықтарға арналған сайттардың төмендегілерді:
Nur.kz (Zero.kz рейтингінде – 2-орын), Zakon.kz (3-орын), Tengrinews (8-орын), Resurs.kz
(16-орын), Nomad.su (28-орын), Todey.kz (31-орын) жəне Gazeta.kz (36-орын) қоса алғанда,
барлығында материалдарға түсініктемелер, форумдағы талқылаулар, əлеуметтік желілер арқылы
жаңалықтардың кросс-постингтері бар.
Бұл жаңалықтар порталдарының, əдетте, дəстүрлі БАҚ-тардың сайттарына қарағанда,
пайдаланылушылығы жоғары. Бұған «Время» газетінің (Time.kz, 31-орын) жəне «КТК»
телеарнасының (KTk.kz, 21-орын) сайттары жатпайды, олар онлайн-БАҚ-тармен бірге Zero.kz.
рейтингінің алғашқы 50-лік тобына кіреді. Келесі танымал онлайн жаңалықтар порталы ZonaKZ
(Zona kz.net, 34-орын) Zero.kz. рейтингінің алғашқы 25-тігіне кіреді.
Жетекші жаңалықтар сайттары пайдаланушыларға жаңалықтарды түсіндіру мүмкіндігін береді,
форумдар немесе пайдаланушылармен қарым-қатынас орнатудың сенімдірек түрлерін ұсынады.
Бұл ережеге жаңалықтарды ғана жариялайтын: «Казахстанская правда» газетінің (Kazpravda.
kz, 78-орын) жəне мемлекеттік ақпараттық «Казинформ» агенттігінің (Inform.kz) сайттары
жатпайды. Баспа басылымдарының онлайн нұсқаларының кейбіреулері 2009 жылы БАҚ туралы
заңға бірқатар түзетулер енгізілгеннен кейін өздерінің сайттарында түсіндірмелер беру қызметін
алып тастады. Қалғандары, олардың пікірінше, адамдық та, уақыттық та қосымша шығындар
талап ететін жаңартушылыққа қатысты алаңдаушылық білдірді (бұл жайында егжей-тегжейлі
7.1.2-тармақтан оқуға болады).
UGC-тің елеулі үлесін алып отырған кең танымал қазақстандық сайттардың бірі – Kiwi.kz (Zero.
kz рейтингінде 7-орын) – көрсететін қызметтері жағынан YouTube қызметіне көбірек ұқсайды.
Сонымен қатар Kiwi.kz-те жетекші телеарналар мен радиостанциялардың интернет-беттері бар.
Namba.net (10-орын) блогтар мен файлдар хостингтерін жəне басқа да қызметтерді қамтиды.
Kino.kz (10-орын) Қазақстанда көрсетілетін кинофильмдерге жарнамаларды, шолуларды жəне
олардың рейтингтерін жариялайды. Кино туралы Kinomir.net (17-орын) сайты онлайн көрсетілім
жəне торренттің көмегімен кинофильмдер мен телебағдарламаларды көшіріп алу, сондай-ақ
көрермендердің киноны форумда талқылауы мүмкіндігін ұсынады. Бұрын «Центр тяжести»
форумы ретінде танылған Vse.kz (6-орын) азаматтық белсенділікті білдіру, өзекті мəселелер мен
оқиғаларды кең талқылау мүмкіндігін беретін алаңға айналған.
Қазақстандықтар UGC мүмкіндіктерінің кең ауқымын ойын-сауық немесе сауда-саттық үшін ғана
пайдаланбайды. Түпнұсқадағы немесе шеттен алынып пайдаланылатын клиптер өте танымал.
Интернет пайдаланушылар өз пікір-түсіндірмелерін форумдарда, жаңалықтар сайттарында,
əлеуметтік желілерде белсенді түрде қалдырып отырады, жеке блогтарын жүргізіп, қоғамдастықтар
құрады.
3.1.2. Əлеуметтік желілер
Қазақстанда соңғы жылдары əлеуметтік желілерді пайдаланушылардың саны анағұрлым артты.
Мысалы, 2011 жылдың наурызында Facebook-та 268 160 қазақстандық пайдаланушы тіркелсе,
Достарыңызбен бөлісу: |