Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48

22 
 
Сабақтан тыс қызметті іске асыруды нормативті қамтамасыз 
ету  мектептің  басқа  ұйымдармен  өзара  қызметін,  оның  құрылымдық 
бөлімшелерінің,  сондай-ақ  білім  беру  үрдісі  қатысушыларының 
қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті құқықтық өріс құруы қажет.  
Білім  беру  ұйымдарының  әзірленуші  немесе  үйлестіруші 
локальдық  актілері  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.   
Қаржылық-экономикалық 
шарттар. 
Жалпы 
білім 
беру 
ұйымдарында  және  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында 
жергілікті  бюджеттерден  қаржы  бөлу  арқылы  тегін  жалпы  орта  білім 
беруді қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған.   
Заңнамаға  сәйкес  білім  беру  ұйымдары  тиісті  білім  беру 
бағдарламаларымен  және  МЖБС-пен  қарастырылмаған  ақылы 
қосымша  білім  беру  қызметтерін  көрсетуге  (қосымша  білім  беру 
бағдарламалары  бойынша  оқыту,  арнайы  курстарды  және  пәндер 
циклін  оқыту,  репетиторлық,  оқушыларға  пәндерді  тереңдетіп  үйрету 
сабақтары және басқа қызметтер) құқылы.  
Алайда  бұл  ақылы  білім  беру  қызметтері  бюджет  қаржысы 
есебінен  қаржыландырылатын  білім  беру  қызметімен  бірге  көрсетіле 
алмайды.  
Сондықтан,  егер  қосымша  білім  беру  қызметтері  жоғарыда 
көрсетілген  жағдайлар  сақталған  кезде  сұранысқа  ие  болса,  және  бұл 
сабақтан  тыс  қызметтің  қолда  бар  бағыттарын  кеңейтсе,  сондай-ақ 
тиісті  құрал-жабдықтарға,  орынжайларға  және  т.б.  ақы  төлеумен 
байланысты  болса  (мысалы,  жүзу  секциясы,  мәнерлеп  сырғанау 
секциясы, атқа мініп жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар сабақтан 
тыс  қызметті  ұйымдастыруға  арналған  қосымша  ресурс  ретінде 
қолданыла алады.  
Сабақтан  тыс  қызметті  іске  асыруды  ақпараттық  қамтамасыз 
етуге мыналар енгізілуі мүмкін:  
білім  беру  ұйымдары  педагогтері,  оқушылар  және  ата-аналар 
қауымдастығы арасында кәсіби-қоғамдық пікір мониторингін жүргізу; 
білім  беру  ұйымдарының  ата-аналар  қауымдастығымен, 
әлеуметтік  серіктестермен,  басқа  білім  беру  ұйымдарымен,  білім  беру 
саласында  басқаруды  іске  асыратын  органдармен  өзара  қызметін 
ұйымдастыруға 
арналған 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар;  
түрлі  мәліметтер  базасын  (нормативтік  құқытық,  әдістемелік 
және т.б.) құру және жүргізу;  
сабақтан тыс қызметті іске асыруды жоспарлау, уәждеу, бақылау 
үрдістерін 
қамтамасыз 
ететін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар.  


23 
 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
аумақтық 
қашықтыққа қарамастан білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне тек 
өңірлік  немесе  республикалық  қана  емес,  сондай-ақ  халықаралық 
конкурстарға  қатысуға  мүмкіндік  береді,  осылайша  олардың 
шығармашылық  өзін-өзі  іске  асыруларына,  оның  ішінде  сабақтан  тыс 
қызметтегі өзін-өзі іске асыруларына арналған кеңістікті кеңейтеді.  
Сабақтан тыс қызметті іске асыру өзінің міндеттеріне қарай білім 
беру  үрдісін  ұйымдастыруға,  оған  қатысушылар  қызметінің 
нәтижелерін бағалауға, білім беру мазмұнын іріктеуге басқа (сабақтық 
формадағы оқу үрдісіне қарағанда) амал-тәсілдерді талап етеді. 
Осы  ретте  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде  ғылыми-
әдістемелік сүйемелдеуге маңызды рөл беріледі, өйткені сабақтын тыс 
қызметтің  ортақ  бағдарламалық-әдістемелік  кеңістігін  құруды 
қарастырады.  
Білім  беру  ұйымдары  үшін  бұл  ашық  ғылыми-әдістемелік 
кеңістікке  интеграциялану,  педагогтердің  кәсіби  құзіреттіліктерін 
арттыруға деген амал-тәсілдерді жаңарту дегенді білдіреді. 
Сабақтын  тыс  қызметтерді  іске  асыруға  арналған  кадрлық 
шарттар:  
білім  беру  ұйымының  қажетті  педагогикалық,  басқарушы  және 
өзге еңбеккерлермен қамтылуы
білім  беру  ұйымының  педагогикалық  және  өзге  еңбеккерлерінің 
тиісті біліктіліктерінің болуы
білім  беру  ұйымы  педагогикалық  еңбек  ерлері  кәсіби  дамуының 
үздіксіздігі.  
Оқушылардың  сабақтан  тыс  қызметін  ұйымдастыру  кезінде  егер 
жалпы  білім  беретін  білім  беру  ұйымында  қажетті  материалдық-
техникалық  база  жоқ  болса,  балаларға  қосымша  білім  беру,  мәдениет 
және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдану керек.  
Каникул  кезеңінде  сабақтан  тыс  қызметті  жалғастыру  үшін 
балалардың  демалыс  және  оларды  сауықтыру  ұйымдарының,  жалпы 
білім  беретін  ұйымдардың  және  балаларға  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының  базасында  құрылатын  тақырыптық  лагерьлік  және 
бейінді ауысымдардың, жазғы мектептердің мүмкіндіктері қолданылуы 
мүмкін.  
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім 
берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді, мектепте алынған білім 
мен  дағдылардың  тәжірибеде  қолданылуына  септеседі,  оқушылардың 
танымдық уәждемелерін ынтыландырады. Ал бастысы – қосымша білім 
беру  жағдайларында  балалар  өздерінің  шығармашылық  әлеуеттерін, 
қазіргі  заманғы  қоғамға  бейімделу  дағдыларын  дамытады  және  бос 
уақыттарын толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін лады. 


24 
 
Қосымша  білім  беру  –  оқушылардың  білім  беру  қажеттіліктерін 
жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатында  іске  асырылатын  тәрбие  беру 
және оқыту үрдісі (ҚР-ның «Білім туралы» заңы). 
Балаларға  қосымша  білім  беру  –  түрлі  өмірлік  жағдаяттардан 
(оның ішінде белгісіздік жағдайларынан) шығудың басқа, дәстүрлі емес 
жолдарын  апробациялайтын,  тұлғаға  өз  тағдырын  таңдаудың  көптеген 
мүмкіндігін беретін, тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыратын 
ізденістік  білім  беру.  Қосымша  білім  беру  өзінің  әлеуетін  толық 
көлемде  іске  асыруы  үшін  барлық  педагогикалық  жүйенің  нақты  әрі 
үйлесімді жұмысы қажет.    
Мектептегі қосымша білім берудің өзгшелігі мынадан байқалды: 
баланың  мақсатты  өз  еркімен  сабақтан  бос  уақытын  өзінің 
әлеуетті мүмкіндіктерін толыққанды дамыту үшін пайдалануы; 
қызмет  бағытын,  педагогті,  білім  беру  бағдарламасын  таңдау 
еркіндігі; 
қызмет түрлерін, ұжымды, педагогті ауыстыру мүмкіндігі; 
қосымша  білім  беру  бағдарламалары  негізінде  іске  асырылатын 
білім беру үрдісінің шығармашылық сипаты
бала 
мен 
педагогтің 
ерекше 
өзара 
қарым-қатынасы 
(ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық, балаға жеке амал-тәсілдер 
қолдану); 
кәсібиге дейінгі дайындықты алу мүмкіндігі.  
Балаларға  қосымша  білім  беру  тұлғаны  оқытудан,  тәрбиелеуден 
және  шығармашылық  дамытудан  басқа  бірқатар  басқа  әлеуметтік 
маңызды  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді,  мысалы  мынадай: 
балаларды  жұмыспен  қамту,  олардың  өзін-өзі  іске  асыруы  мен 
әлеуметтік  бейімделуі,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру, 
панасыздықтың, 
құқықбұзушылықтардың 
және 
балалар 
мен 
жасөспірімдер  арасындағы  басқа  әлеуметтік  емес  құбылыстардың 
алдын алу.  
Балаларға  қосымша  білім  берудің  негізінде  таңдау  бойынша 
сапалы  білім  берумен  қамту  мәселелері,  балалар  мен  отбасының 
әлеуметтік-экономикалық  проблемалары,  тұтас  қоғамды  сауықтыру 
проблемалары шешіледі. 
Қосымша  білім  беру  балаға  өзінің  жеке  білім  беру  жолын 
таңдаудың,  оқу  үлгерімі  деңгейіне  қарамай  өз  қабілеттеріне  сәйкес 
табысқа  жету  мүмкіндіктерін  алудың  нақты  мүмкіндігін  береді. 
Қосымша  білім  беруде  бала  сабақтың  мазмұнын,  формасын  өзі 
таңдайды,  сәтсіздіктерден  қорықпайды.  Осының  бәрі  табысқа  жету 
үшін  жағымды  психологиялқ  жағдау  туғызады,  бұл  өз  кезегінде  оқу 
қызметіне оң ықпал теді.  
Қосымша  білім  беру  міндеттерін  іске  асыра  отырып  мектеп  бір 
жағынан – білім беру стандартын игеру қажеттілігі мен екінші жағынан 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау