Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Дәріс 5 Микроскопта рудалық минералдарды анықтау тізбегі



жүктеу 0,71 Mb.
бет16/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
umkd-1

Дәріс 5 Микроскопта рудалық минералдарды анықтау тізбегі
Үлгітастарды таңдау және дайындау. Зерттелетін үлгітас кенорындарының аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан олар кенорындары туралы толық мәлімет беруі қажет. Рудалық дене ірі болған сайын, толық зерттеу үшін үлгітастар саны көбірек болуы қажет. Бірақ үлгітастар саны маңызды емес, үлгітастардың сапасы және олардың кеңістік жағдайы, әсіресе руда үшін жазықтықтық және сызықтық бағдарлау факторлары (ритмикалық қабаттастық, минералдардың жолақтары, желілердің параллель зальбандтары, қиылып минералданған желілер және т.б.) маңызды болып саналады.

Қолданылып жүрген өңделген тастілім өлшемдері өте ірі түйірлі рудаларда, күрделі желілерде немесе жолақтық рудаларда жас және құрылымдық қарым-қатынастарын анықтау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда штуфтардың және бағдарланған рудалардың, пластиналардың, өңделген тастілімдермен, мөлдір тастілімдермен, объектілердің кішкене және де көп үлкейтілуімен сәйкес келуі ұсынылады.

Кристалл түйірлерінің морфологиясы және олардың ортақ шекараларының қарымқатынасы.

Жеке кристалдардың пішіні және өзара жанасқан түйірлердің шекара ерекшеліктері жас тізбегін анықтауда шарт ретінде қолданылады. Жалпы идиоморфты кристалл түйірлері бұрынғы еркін өскен ретінде түсіндіріледі, ал дөңес түйірлер – бұрынғы ойыс жаралған түйірлер сияқты болып табылады. Мұндай бекітілген шарттар көбінесе дұрыс болады, бірақ оны абайлап қолдану қажет. Әрине, көптеген минералдар үшін түйірлердің идиоморфизмі бос кеңістікте өскенін көрсетеді, әсіресе желілі кенорындарда. Мысалы, кальцит, кварц, флюорит, сфалерит, касситерит, галенит, ковеллин минералдары және сульфотұздар әрқилы бағытта өскен кристалдар бағытында жақсы дамыған идиоморфты түйірлер жаралады. Мүндай түйірлердің болуы, басқа минералдармен өсетін немесе онымен өскен түйірлер олардың алғашқы болып жаралғанын көрсетеді. Бірақ кейбір минералдар, мысалы, пирит және арсенопирит, өзінің кристалдану қабілетімен жас тізбегіндегі жағдайға тәуелсіз жақсы дамыған кристалдар жаралуына тырысады.



Кристалдар өсуінің колломорфтық жолақтығы және белдемділігі. Жіңішке-сәулелі кристалдардың колломорфтық жолақтығы немесе концентрлі сауысты өсуі әдетте рудада кездесетін ашық кеңістікті марганецті нодулярмен бірге, уран минералдары үшін, арсенидтер, пирит және сфалеритпен толтыру жолымен жаралатын құрылым болып табылады.

Колломорфтық құрылымдардың өсуі кристалдар жиналуынан сыртқа қарай және бір-бірін жабатын жолақтар, басқа минералдармен кезеңдер кезектесуімен сипатталады.

Жеке кристалдардың өсу белдемділігі көптеген рудалық минералдар типтеріне және кенорындардың кең шеңберіне тән.

Хромититтер және магнетиттер сияқты магманың кристалдану өнімдерінде магмада өзгеруін бейнелейтін құрамы мен түсінің белдемдік түр болуы мүмкін. Гидротермальды ерітінділерден тұнатын кейбір желілі минералдарда әрқилы боялған белдемдер, сонымен қатар белгілеген рудажаралу ортасының өзгеруі байқалуы мүмкін.



Қиылысудың өзара қарым-қатынасы. Минералогиялық зерттеулерде, сонымен қатар далалық геологиялық жұмыстарда қиылысудың өзара қарым-қатынасы минералдардың жаралуы тізбегін анықтау үшін зерттеу жолы болып табылады. Желілер немесе басқа минералдық агрегат, қиюшы басқа агрегат, қиылыстырушы агрегаттан жастау болады.

Орын басу. Орын басу белгілері тізбектелуді анықтауда орын басатын минерал орын басушы минералдың алдында болып табылады. Қаншалықты орын басу беттік химиялық реакция салдарынан болса, онда ол кристалл шегінен ортасына қарай немесе жарық бойымен дамиды. Жалпы, орын басу бұрыннан болған, орын басқан минералдар дөңес, орын басушы минерал ойыс болып, қалдықтық «аралдар» түрінде ішінде негізгі көне минералдар сақталады.

Қосарлану. Қосарлану рудалардың жаралу жүйесін және деформация тарихын анықтауға пайдалы. Қосарлану қайта туындау не деформация нәтижесінде алғашқы өсу процесінде туындауы мүмкін.

Қатты ерітінділердің ыдырауы. Қатты ерітінділердің ыдырауы кейбір руда типтері үшін әдеттегідей және жаралудың жекелеген стадияларының жүйесін талдауда пайдалы. Fe-Cu-Ni (Pt) рудаларында аса негізді таужыныстарымен байланысты, барлық никель (Fe,Ni) 1-x S – құрамына кіреді моносульфидті қатты ерітінділер жаралуы 900-1100°С – тан руда суығанға дейін 400°-тан төмен. Фазалық тепе-теңдікті лабораториялық зерттеулерде қатты ерітінділер ыдырауында никельдің біршама мөлшері пентландиттің дұрыс бағдарланған түрінде байқайды және олар туынды фаза болып, кешірек пирротин жаралғанын көрсетеді.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау