Кендердің бітімдері
Бітімдер морфогенетикалық топтарға бөлінеді де, минералды агрегаттардың пішініне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді, олар кендердің түзілу жағдайлары мен өзгерістері туралы мәліметтейді. Бітімдердің тоғыз морфогенетикалық тобы бөлінген: таңдақты, ұзартылған, друзалық және жеодалық, сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық), катаклаздық және кластық (сынықты), керіштік, органогендік, коррозиалық, қаңқалық. Әрбір морфогенетикалық топта бітімдердің морфологиялық түрлері бөлінеді.
Бітімнің морфологиялық түрін анықтауында пішінге, өлшемге, құрылысына, кеңістік бағдарына және морфологиялық бірліктерінің – минералды агрегаттардың бір-бірімен бірігіп өсу ерекшелігіне көніл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |