Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Дәріс 4 Рудалық минералдардың физикалық қасиеттері және оларды зерттеу әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет14/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
umkd-1

Дәріс 4 Рудалық минералдардың физикалық қасиеттері және оларды зерттеу әдістері
Тастілімде кристалдардың және минерал түйірлерінің пішіні. Кейбір минералдардың кристалл пішінінің қимасы диагностикалауда қолданылуы мүмкін. Минералдың толық кристалл пішіні туралы өңделген тастілімде кристалл қимасында бақылауда құрастырылуы мүмкін. Сондай-ақ текше (куб) қимасында тікүшбұрыш, теңжақты не тікбұрышты үшбұрыш беруі мүмкін.

Дұрыс кристалл пішіндерінің минералдық индивидтері идиоморфтық деп аталады. Жақсы жаралымды кристалдар және метакристалдар түрінде рудалық минералдар үлкен күшпен кристаллизациялық өсу және жоғары қаттылықпен жаралады.

Қимасының пішіні бойынша кристалдар және метакристалдар изометриялық және ұзартылған болып бөлінеді. Изометриялық қималар тастілімнің жазықтығында барлық бағытта аз не көп бірдей өлшемді болады.

Ұзартылған кристалдардың ұзындығы енінен бірнеше рет үлкен. Қиманың изометриялық пішіндері пирит, магнетит, кобальтин, хромит, уранинит және басқада минералдар үшін тән.

Ұзартылған пішіндерге барлық призмалық, бағаналы, табақ тәрізді және ине тәрізді кристалдар ие. Мысалы призмалық пішін антимонит, арсенопирит, вольфрамит және басқа минералдарға тән; пластина, табақ тәрізді пішін - молибденит, гематит, кубанит, людвигит және басқа минералдарға тән; ине тәрізді пішін - рутил, джемсонит, гѐтит және басқа минералдарға тән.

Тастілім қимасында идиоморфтық кристалдардан басқа аллотриоморфты және дұрыс емес пішінді түйірлер кездеседі. Олар кристалдану қабілеті төмен минералдарға тән, мысалы: сфалерит, халькопирит, пирротин және тағы басқалар.

Бірқатар минералдарға колломорфты пішіндерінің бөлінуі тән: сфералық, бүйрек тәрізді және ирек өрнектер; мұндай пішіндер жиі гѐтит, псиломелан, настуран, марказит, сирек вюртцитте, халькопиритте, пиритте және т.б. кездеседі.

Кристалданған коллоидты агрегаттар бүйрек тәрізді ішкі құрылысы шағылысқан-сәуле тәрізді және талшықты – жолақтар мен желілерде кездеседі. Минералдардың қайтадан кристалдану процесінде линза тәрізді, пластиналы және сопақ пішінді кристаллобластары жаралады. Ұнтақтағанда морт сынғыш минералдар сынықтар мен жарықшақтарға ыдырайды.



Минералдық агрегаттардың ішкі құрылысы. Минералдарды диагностикалауда кейде олардың түйірлерінің ішкі құрылысы; жымдастығы; қосарланған және белдемдік құрылысы үлкен мәнге ие болады. Өңделген тастілімдерде рудалық минералдардың жымдастығы олардың дайындау ерекшеліктеріне қарай әлсіз көрсетіледі. Жымдастығы жиі өңделгенде ұсақ қабыршақтарының бұзылу нәтижесінде құрылымдық бұзылудан соң, тотықсызданудан не деформациядан кейін жақсы байқалады. Әдетте жымдастықтың жарықшақтары және ұсатылған бейнесі ірі түйірлі агрегаттарда және сапасы нашар өңделген тастілімдерде көрінеді.

Рудалық минералдардың жымдастығы тастілімде әртүрлі дәрежеде байқалатын бір немесе бірнеше жүйедегі параллель жарықтарда байқалады. Кейбір минералдар, минералдағы жымдастықтың санына тәуелді және жоғарғы бетінің тегістелу бағдарына қарай бір немесе үш жүйеге дейін жарықтар кездеседі. Егер жымдастықтың үш немесе төрт бағыттағы жымдастыққа ие болса, үгітілу пішіндері үшбұрыш және төртбұрыш пішінді болады.

Үгітілу үшбұрыштары кубтық сингония минералдарына тән (галенит, алтаит, пентландит, сфалерит, магнетит т.б.). Минералда жымдастық жарықшақтары құрылымдық өңделуден басқа динамометаморфизмде және тотығу процесінде байқалуы мүмкін; мысалы галениттің англезитке тотығуы кубтық жымдастықтың жарықшақ бойымен өтеді.



Минералдарда түйірлердің егіздік құрылысы микроскоппен байқалады . Өзгерудің және қысымның егіздік өсуі бөлінеді. Егіздік өсуі рудалық және бейрудалық минералдарға тән мысалы: антимонит, станнин, сфалерит, халькопирит, марказит, магнетит, ильменит, гематит, сильванит, геокронит, кальцит және т.б. Өсу егіздігі қарапайым және полисинтетикалық болып келеді. Минерал түйірлерінде егіздіктер жіңішке және кең түзу сызықты пластиналар кездеседі. Егіздік өсуі мономинералды агрегаттардың кейбір түйірлерінде дамуы және сол агрегаттардың басқа түйірлерінде болмауыда мүмкін. Кейбір минералдарда торлы егіздіктер байқалады, мысалы: бурнонит.

Өзгеру егіздіктері пластиналы немесе ұршық тәрізді болып келеді және жиі айқасады. Олар тек кейбір түйірлерде ғана кездеседі. Жоғары температуралы ірі түйірлі халькопиритте, кубанитте, пирротинде, аргентитте, станнинде, шапбахитте, халькозинде, сомтума висмутте тағы басқаларда байқалады.

Қысымның полисинтетикалық егіздіктері динамометаморфизм түйірлерінде туындайды. Айқын мысалдары молибденит, антимонит, пирротин, ковеллин және т.б. Сондықтан, барлық түйірлерде егіздіктердің енділігі бірдей жұқа пластиналары жиі түрде жарықшақтарда қысылып, жылжуынан жаралады. Түйірлерде егіздіктерден басқа қысым толқынды өшу, ұнтақталу жарықшақтары, жымдастық жарықшақтарының майысуынан байқалады. Үштік – жұлдызшалар саффлорит және арсенопирит агрегаттарында байқалады.

Кейбір минералдар үшін егіздік құрылысы тән, сондықтан оны зейінділікпен зерттеу қажет. Мысалы, сфалериттің егізділігі вюртциттен,раммельсбергит егізділігінің ерекшелігі парараммельсбергиттен, халькопириттің егіздік құрылысы алтыннан (өңдеуден кейін) ажыратуға көмектеседі және т.б.

Анизотропты минералдарда егіздіктер айқас николде ажыратылады. Микроскоп үстелшесін айналдырғанда жарықтанған пластиналар өшеді, ал қараңғылар, керісінше, жарықтанады. Изотропты минералдарда егіздіктер құрылымдық өңделумен байқалады. Мысалы, сфалерит және халькопиритті патша арағында (хим. Азот пен тұз қышқылының металдарды ерітетін қоспасы) 15-20 с. уақыт аралығында өңдейді.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау