Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет17/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75
umkd-1

Минералдар жүйеленуінің кейбір басты критерилерінің бөлінуі. Шекара қарым-қатынастары бойынша немесе әр қилы минералдар аралығындағы жапсарлас сызығының сипаты бойынша олар жалпы екі типке бөлінеді: 1) бірқалыпты шектеулік, яғни түзу не қисық болып келуі мүмкін; 2) иректелген немесе бір-біріне кірігуі.

Бірқалыпты сызықтар (түзу немесе қисық) рудалық минералдардың түйірлері арасындағы жанасу жақын біруақыттағы түзілімдер екенін көрсетеді. Кейбір рудалық минералдар басқаларға қарағанда үлкен кристалдық күшке ие және басқа минералдар жапсарында немесе басқа минерал айналасында болсада, яғни біруақыттағы жатыстарында кристаллографиялық пішін жаралады. Мысалы пирит және арсенопирит. Галенит және сфалерит сирек кристаллографиялық пішінді жаралады. Сфалерит әдетте пішінсіз түйірлер түрінде, әсіресе пирит пен галенит бітісе өскенде кездеседі. Көпшілік жағдайда жақын біруақыттағы түзілімдердің рудалық минералдары бір-бірімен жапсарында кездескенде бірден түзу сызықты шекара бермейді; олар аллотриоморфты түйірлермен кездеседі, шекаралары түзу сызықтыға жақын, қисық немесе аздап иректелген. Мұндай жапсарларды жақын біруақыттағы түзілімдердің дәлелі үшін жақсы белгі деп санауға болады.

Егер әртүрлі рудалық минералдардың жанасу шекаралары кенеттен иректеліп және құрылымын көрсетсе, онда бұл бір компоненттің басқа компонентке кірігуі түзілімдердегі тізбегін көрсетеді. Бірақ бір ғана өлкелік жағдайымен қай минерал неғұрлым жас екенін анықтау қиын, өйткені олардың әрқайсысы басқа минералға кірігуші немесе араласып килігіп кетуші болып көрінеді. Құрылымның бекітетін дәлелі коррозияны көрсетуші болып табылады. Әдетте жекелеген минералдар үзілген, күшті иректелген шектеулер, ал төмпешік тәрізді шығанақтары аралас минералға толтырылған.

Басқа арнайы құрылымдар түйір аралығындағы шектейтін сызықтар сипатына қарай бірінші немесе екінші типке жатқызылуы мүмкін.

Графикалық құрылымдар. Зерттеулер бұл құрылымдарда жиі араласуды, яғни минералдардың бөліну тізбегін көрсетеді. Бірақ бұл жерде қарастырылып отырған құрылымның алғашқы жағдайына назар аудару қажет, бітісе өскен компоненттердің бірі графикалық құрылымын көрсете ме, яғни алғашқы (басқаға біруақыт жақын) олардың жаралуы құрылымға әсерін тигізеді немесе бұл құрылымның жаралу себебі біркелкі алғашқы компоненттерді ажырату құбылысы болып табылады.

Концентрлі құрылымдар. Рудалық минералдарда кеңінен таралып қолданылмайды. Концентрлі құрылымдар мынадай жағдайлардың нәтижесінде туындауы мүмкін а) түзілімдердің қарапайым тізбегінде немесе б) бір қалыпты тұнуда. Бұл құрылымдар минералдардың жақын бір уақытта түзілгенін көрсетеді, бірақ ерте пайда болған минералдар мүмкіндігі орын басу процесінде өзінің құрылымын сақтағандығын ескеру қажет. Осыған байланысты концентрлі құрылымдар жастарының әртүрлі уақыттағы белгілерін көрсете алмайды, бірақ олар кейде орын басу процесімен неғұрлым ерте минералдану стадияларының құрылымдық реликтілері сияқты байланысты болады.

Жолақтық құрылымдар. Рудалық минералдардың орналасуында симметриялық жолақтық қандайда бір жеке минералдану стадияларында үздіксіз түзілімдердің дәлелі ретінде жиі қарастырылады. Жолақтық жолақтарда заттардың түзілуімен байланысты және заттардың түзілуі жолақтардың жақтарынан орталыққа қарай жүреді. Бұл сонымен, жақтарында жатқан рудалық минералдардың, жолақтың орталығына жақын минералдардан жас екенін көрсетеді.

Концентрлік сияқты жолақтық құрылымдарды рудажаралудың (қоймалжың) гельді стадиясындағы бірқалыпты шөгуі деп түсіндіруге болады, осыдан оларды жақын біруақыттағы деп қарастыруға болады, бірақ түзілімдер үздіксіз болады.

Жиектік құрылымдар. Рудалық минералдың бір түйірі, қандайда бір басқа минералдардың айналасындағы жиектерінде құрамы, түйір құрамымен ажыратылады. Егер рудалық минерал басқа құрамды жиекті түрде минералмен толтырылса, ерекшелігі егер түйір жапсарының арасында жиектері дұрыс емес, түйірлер түзілім уақыты бойынша жас, жиегі кеш және орын басу процесі нәтижесінде пирит пайда болады. Сондықтан мұндай құрылымдар минералданудың екі стадиясының болуы және орын басуы түзілімдердің белгілері болып табылады. Бірақ бұл құрылымдар басқа да жолмен пайда болуы мүмкін, сондықтан оларды талдауда абай болу қажет. Олар мынадай болуы мүмкін: а) белдемді өсу (кристалдану процесінде құрамының өзгеруі); б) құрамының кенеттен өзгеруімен, минералданушы ерітінділерге кейбір тұрақты концентрациялардың қоспаларға түсуі, олардың концентрациясы рудалық минералдармен бірге шөгеді немесе тотықтанады. Мысалы: ашық-қоңыр сфалерит, темір мен марганецке бай құрамының кенеттен өзгеруінің дәлелі болады, сфалериттің қара жиектерімен қоршалған. Екі сфалеритте минералданудың бір стадиясына жатады.

Кірмелер. Кірмелер ұсақ, шеттері тең және домалақ не сопақ пішінді болғанда, оларды жақын бір уақытты минералдармен бастапқы деп санауға болады. Бастапқы минералдарда, ерітінділерде алғашқы болып, соларда шөгіп немесе кристалдану процесінде олардың артынан жүреді. Мысалы халькопириттің домалақ эмульсиялық түйірлері жиі сфалеритте байқалады. Егер кірікпелер бастапқы минералда құрылымдық бағыттың бойында байқалса, нәтижесінде симметриялық өрнектер пайда болады, онда кірме минералдар бастапқы минералға жақын біруақытта болады. Бірақ соңғы жағдайда абай болу қажет, өйткені мұндай құрылымдар орын басу процестерін беруі мүмкін. Егер минералдардың кірмелері заңсыз орналасса, өте жырықталған көтеріңкі шектелген болса, онда оларды бұрынғы рудалық минералдардың орын басқан қалдықтары деп санауға болады және орынбасудың жүйелері бар.

Коррозиялық құрылымдар, қиылысу және псевдоморфоза құрылымдары. Бұл құрылымдар жастарындағы әртүрлі уақыттың абсолюттік дәлелін береді және минералданудың әртүрлі стадиялардың болуын жиі көрсетеді. Егер бір минералда жырықтар, көтеріңкі және иректелген шеттері байқалады және минерал басқа минералмен салыстырғанда, минерал басқа минералдың килігуіне негізделген. Килігуші немесе орынбасушы минералдар бірнеше ерте минералдарды жойып жібереді не алмастырады.

Егер минералданудың алғашқы стадияларының рудалық минералдары ұсақталу және брекчия құбылысының жаралуымен күшті деформацияға ұшыраған, соңынан кеш минералдану байқалса, нәтижесінде қиылысу құрылымы туындайды. Мұндай жағдайда: а) минералданудың алғашқы стадия минералдарының жаралу жүйесі, ә) деформациялық үйлесімсіздік, б) минералданудың алғашқы стадия минералдарының жаралу жүйесі және в) орынбасуды белгілеуде қиындық туындамайды.

Бір минералдың басқамен немесе минерал агрегаттарымен псевдоморфозасы қандайда бір басқа минералмен бәрі бірге псевдоморфозасын берсе, орынбасу белгілерінің куәсі ретінде жақсы белгілері болып табылады. Мысалы гетиттің псевдоморфозасы пирит арқылы болады. Сондықтан жоғарыда қарастырылған барлық белгілерді қысқаша төмендегідей таныстыруға болады.

I. Жақын бір уақытты түзілімдерді дәлелдеу.

1. Біруақытта шөгу

а) аллотриоморфты түйірлердің агрегаттары, егер әсіресе олар барлығы бірдей өлшемді болса;

б) концентрлік және жолақты құрылымдар, гель қоймалжыңдарынан бірқалыпты шөгуді түсіндіруге болады.

Түзілімдердің үздіксіздігі

а) түйірлер аралығындағы түзу немесе қисық жапсарласуы;

б) рудалық компоненттерді интерстицияларында (аралық) немесе басқа минералдың түйір аралықтарында орналасуы, әдетте неғұрлым ірі өлшемділерінде;

в) графикалық бітісе өсудің болуы;

г) бір минералдың басқаларда кездесуі мынадай жағдайларда егер: а) кірмелер, жұқа өлшемдері домалақ не сопақша шариктер, сирек пішінсіз болып келеді; б) кірмелер симметриялы бағытталған және олар көп емес; в) минерал түйірлері концентрлік кезектесіп жолақтармен орналасқан; г) бір минералдың түйірлері белдемді құрылымды.

Түзілімдердегі әруақыттылықты дәлелдеу

Кейбір графикалық құрылымдар;

Жиектік құрылымдар. Әсіресе түйір аралығындағы шекаралары және қоршалған жиектері тең емес;

Бір минералдың басқа минералдардағы кірмелері. Кірме минералдар бастапқы минералдармен салыстырғанда пішінсіз томпақ және шеттері иректелген болып келеді. Сонымен қатар, минералдардың үлкен кристалдану күші бар және кірме шекараларының жаралуына әсер етуі мүмкін минералдарға мән беру қажет.

Коррозиялық құрылымдар. Орын басқан және орын басушы минерал арасындағы шекаралары пішінсіз, иректелген және томпақ болып келеді. Мұндай шеттері (шекара сипаттамасы) орын басу процесінің әрекеттерін көрсетеді.

Қиылысу құрылымдары. Бір минералдың басқа минералдардағы желілері. Мұндай жағдайда жастарына ғана емес, алғашқы стадияларымен не этаптарымен, деформация процестерімен жүргенін көрсетеді.

Псевдоморфозалар. Бір минералдың басқа минералдардағы псевдоморфозалары. Бұл құрылымдар орын басуды көрсететін сенімді белгі қызметін атқарады.

Иректелген құрылымдар және кірігу құрылымдары.


Бақылау сұрақтары:

1.Минералдардың біруақыттағы түзілімдердің негізгі белгілері.

2.Қандай құрылымдар түзілімдердің әртүрлі уақыттылығын көрсетеді.

3.Рудалық минералдардың жоғары кристалдану ерекшеліктері және аллотриофорфты, идиоморфты түйірлерді атаңыз.



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау