Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ



жүктеу 0,71 Mb.
бет24/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
umkd-1

3.Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ

Сауысты бітімдер беттiк керiлiстiң және ауырлық күштерiнің әсерiнен сфералық (түйiршiктер, бүйректер, тасберіштер) және сауысты (фестондар, қабықтар, қабықшалар, тасберіштер, сталактиттер, сталагмиттер, шоқтар) пішіндерді иеленген минералды агрегаттарға тән. Сауысты агрегаттарда концентрлік немесе иірелен қабаттар, жолақшалар және қабықтар дөңес беттерімен кешірек пайда болған түзілімдерге қарай орналасады. Агрегаттарға кейде қатайған гельдердің судан айрылғанда көлемінiң қысқаруының әсерінен пайда болған дегидратация жарықшақтары тән. Сфероидалдық шекараға жарықшақтық параллел, немесе перпендикуляр дерлік (радиалды) орналасқан, ал кейде жарықшақтар тор құрастырады немесе бұтақтанады. Кейбір коллоидты агрегаттарда кебу жарықшақтары миненалдарды ұсақ сынықтарға уатады және олар қайта минералдармен толтырылуы мүмкін. Дегидратация жарықшақтары коллоидты массаларға ұштасқан және кристалдық агрегаттарға кірмейді.

Сауысты агрегаттар бір қатар минералдарға тән, мысалы, гидрогѐтитке және гетитке, псиломеланға, малахитке, арагонитке, опалға, мельниковит-пиритке, марказитке, вюртцитке, настуранға және т.б. Олар нақты және коллоидты ерiтiндiлерден түзіледі. Кейде крустификациялық бітісі бар желілерде шеттеріне жақын орайлы құрылымы бар минералдардың жолақшалары, ал желінің орталығына жақын – минералдардың радиалды-сәулелі құрылысы бар бүйректері және қабықтары дамыған. Сірә, сауысты агрегаттар тек коллоидтық емес, тағы кристалдық заттар түзілуінің ерекше пішіндерін көрсетеді.

Сауысты минералды агрегаттардың айырмашылығы концентрлік-белдемді құрылысында, ол олардың өсу процесінде ерітінділердің құрамы өзгергенін көрсетеді. Сауысты агрегаттардың құрылымы коллоидты және түйіршекті. Кейде коллоидты минералды зат болбыр ұнтақты массамен көрінеді.



Саусты және коллоидты бітімдердің морфологиялық түрлері — оолиттік, бүйрек тәрізді, тасберіштік, колломорфтық, ұнтақты және жер тәрізді. Аталған бітімдер түрлері метаколлоидты деп аталады, егер диагенез немесе метаморфизм процесінің кезінде коллоидты зат қайта кристалданған болса; сонымен бірге минералды агрегаттың пішіні өзгермейді немесе жартылай өзгередi.

а . Оолиттік бітім шар тәрізді немесе эллипсоидты пішінді, құрылысы концентрлік белдемді минералды агрегаттар құрайтын оолиттердің жиналуымен сипатталады. Оолиттер өте жылжымалы ортада пайда болады, коллоидты немесе кристалды заттардың судағы қалқыған құм түйірінің, сазды бөлшектердің, органикалық қалдықтардың, оолиттердің сынықтарының, ауа көпiршiктерiнің және т.б. айналасында концентрлі өскеннен пайда болады. Оолиттер концентрлік-белдемді, сирек жасырын кристалды, гельді және радиалды-сәулелі құрылысты болады. Оолиттерде қайта кристалданғанда пайда болған соңғы құрылыс типі тек қана туынды болады және оолиттік метаколлоидтық бітімді сипаттайды. Радиалды-сәулелі құрылысы бар оолиттер сферолиттерге ұқсас келеді, бірақ олардан айырмашылығы жұқа концентрлік белдемдіктің жұрнақтары барлығы. Оолиттердің диаметрі әдетте 10—12 мм жетеді. Оолиттер диаметрі 2 мм-ға дейін болса оларды оолиттер деп атайды, ал одан ірілері — пизолиттер. Оолиттер тығыз орналасуы мүмкін, сонда араларында керіш толықтай болмайды. Әдетте керіштің мөлшері оолиттерге қарағанда тәуелді болады. Оолиттер арагонит, кальцит, сидерит, доломит, шамозит, темір, марганец сулы тотықтарымен, гематит, магнетит, опал, халцедон, пирит, марказит, галенит, барит, гипс, гидраргиллит, диаспор және кальций фосфаттарымен құрастырылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда оолиттің бастапқы заттың орны басқа минералмен басылады, мысалы, кальцит орны кремнеземмен басылады. Оолиттерді құрайтың материал жиі керіш боп келеді, бірақ әдетте керіште сазды минералдар және кальцит басым, ал кейде доломит және барит. Оолиттік бітім шөгінді жаратылыстағы кендерге және таужыныстарына типті болады.

б. Бүйрек тәрізді бітім жиі беттері жылтыр жартылай сфералық, доңгелек немесе доңгелек-төбелі агрегаттардың барымен сипатталад ы. Бүйректердің қимасында концентрлік қабықшалық болады, онда тығыз концентрлер гелді және жасырын кристалды құрылысты болады. Егер агрегаттарда радиалды сәулелі құрылым дамыған болса, сонда ол бүйрек тәрізді метаколлоидты бітімді сипаттайды. Кейде метасоматиттік кендерде бүйрек тәрізді мұра етілген бітім кездеседі, ол бүйрек тәрізді пішінді минералды агрегаттармен құралған таужыныстардың және кендердің орнын басып алғанда пайда болады.

в. Тасберіштік бітім шөгінді жаратылыстағы сазды -карбонатты және сазды -құмды тажыныстарда және болбыр мору өнімдерде шар тәрізді, сопақ, сирек бұрыс пішінді тасберіштер мен жалбырлар пайда болуымен сипатталады. Тасберіштердің өлшемі көлденеңдікте бірнеше миллиметрлерден 1 м дейін және оданда ірі. Белгілі болғандай, тасберіштердің өсуі ылғи минералды агрегаттың ортанғы жағынан сыртқы бөлігіне қарай болады. Т асберіштер мен бүйректер кейде коцентрлік және радиалды дегидратация жарықшақтары бар коллоидты заттың жалбырын көрсетеді. Тасберіштің беті тегіс, жылтыратқан немесе кедір-бұдыр. Олардың құрылысы түйірлік, концентрлік-белдемді. Тасберіштік метаколлоидты бітімнің айырмашылығы агрегаттардың радиалды-сәулелі құрылысында. Тасберіштік және бүйрек тәрізді бітімдер грунттық сулардың инфильтрация белдемінде карбонатты таужыныстардың орнын басқанда, сонымен қатар диагенез құбылысы өткен жағдайда шөгінді кендер мен таужыныстарда заттардың қайта түзілгенде пайда болады. Пайдалы қазбаның типіне байланысты тасберіштердің құрамы (карбонатты, гетитті, пиролюзитті, марказитті, фосфоритті) әр түрлі. Тасберіштік бітім шөгінді кендерге тән. Тасберіштік пішінді минералды агрегаттардың орнын басқанда тасберіштік мұра етілген бітім пайда болады.

г.Колломорфтық бітім фестон пішінді минералды

агрегаттармен құралған кендерде кездеседі. Осындай агрегаттардың құрылымдары түйірлі немесе коллоидты. Радиалды-сәулелі және талшықты құрылымды фестон агрегаттары колломорфтық метаколлоидты бітімді сипаттайды. Метасоматиттік кендерде мұра етілген колломорфтық бітім кездеседі.



д. Ұнтақтық немесе жер тәрізді бітімдер нақты және коллоидты ерітінділерден түзілген немесе қуыстар мен жарықшақтардың қабырғаларында аморфты және жасырын кристалды заттың болбыр, ұнтақты массаларына тән. Қара түсті ұнтақты массаларды (мысалы, марганецтің сулы тотықтары немесе ковелиннің және халькозиннің, немесе жұқа дисперсті пириттің және мельниковиттің) күелі деп аталады. Сары және ақ түсті ұнтақты массалар жосалы деп аталады, мысалы, қуыстардағы гидрогеттитің ұшпағы немесе ферримолибдиттің ұшпағы.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау