Зертханалық сабақ 2. Пайдалы қазбаларды лабораториялық зерттеудің жалпы схемасы
Геологтар барлау және іздеу үрдісі барысында тау кен қазбалары мен ұңғыма керндарын құжаттау кезіндегі кен түрін (сортын) көзбен шолып анықтау үшін қажетті машық алады. Мұнда кен орнының кенінен түрлері бойынша (кейде сорттары бойынша) жақсы құралған эталонды коллекция үлкен көмек ретінде бола алады. Темір кен орнының мысалында алдын ала барлау кезеңіндегі минералды шикізаттың заттық құрамын кешенді зерттеудегі геологиялық мәселелерді шешу үшін арналған лабораториялық зерттеулер түрлерін қарастырайық.
Темір кен сынамаларын өңдеу кезекті үгіту жолымен және Г.О.Чечоттың:
мұндағы, Q – қысқартылған сынаманың сенімді салмағы, кг;
d – ең үлкен түйіршіктердің диаметрі, мм;
k – кенденудің қалыптылық дәрежесіне байланысты коэффициент формуласымен негізделген қысқарту схемасы бойынша жасалады.
Темір кен орындарында әдетте k 0,1 — 0,2 болып есептеледі. k өлшемі экспериментті түрде анықталуы мүмкін.
Қазіргі уақыттағы үгіту техникасы тау жынысын жұқа ұнтақ түріне дейін үгітеді және бұл кезеңдік үгіту мен сынаманы қысқарту әдісіне қарағанда тез әрі үнемді және сенімді.
Сынамалау әдісін (геологиялық, геофизикалық) таңдап алу кен орнының нақты геологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жай сынамалау геофизикалық әдістер (магнитті, ядролы-геофизикалық) негізінде алынған сәйкесті мәліметтер болғанда да қолдана алынады.
Жеткілікті өнімділік пен үнемділік негізінде таңдалған әдіс жоғары сенімді нәтижелер береді. Егер бірнеше сынамалау әдістері қолданса онда олардың нақтылығы мен дұрыстығы салыстырылады.Кеннің технологиялық қасиеттері лабораториялық және жартылай өндірістік шарттарда зерттеледі, сонымен қоса минералды технологиялық, шағын технологиялық, лабораториялық, ірілендірілген лабораториялық және жартылай өндірістік сынамалар қолданылады. Жеңіл байытылатын кен үшін өндірістік өңдеу машығы бар болғанда лабораториялық зерттеулер нәтижелерімен расталған, ұқсас объектілерде қолданысқа алынған байыту схемаларын қолдану рұқсат етіледі. Өңдеу машығы жоқ, қиын байытылатын немесе кеннің жаңа түрі үшін (керек болса байыту өнімдері де үшін) технологиялық зерттеулер, қызығушы ұйымдармен келісілген арнайы бағдарламалар бойынша өткізілуі тиіс.
«Кен орнын кешенді зерттеу және қосарлы пайдалы қазбалар мен компоненттер қорын есептеуге арналған талаптарға» сай қосарлы пайдалы қазбалар үшін табылу түрін және кен байыту өнімдерінде олардың таралу балансын, сонымен қатар оларды алыну мүмкіндігін, үнемділігін және шарттарын анықтау.
2.1-кесте – Минералды шикізатты зерттеудің лабораториялық әдістерінің классификациясы
Топ
|
Класс
|
Түрлері
|
Әдістері
|
Заттық құрамы
|
Тау жыныстары мен минералдардың диагностикасы
|
Сандық
Сапалық
|
Минералогиялық
Минераграфиялық
Петрографиялық
|
Тау жыныстары мен минералдардың химиялық құрамы
|
Сандық
Сапалық
|
Химиялық
Химия-физикалық
Спектралды
Фазалы
|
Физикалық қасиеттері
|
Минералдардың физикалық қасиетттерін анықтау
|
Магниттілігі
Электромагниттілігі
Тығыздығы
Қаттылығы
Пішіні
Өлшемі
Оптикалық қасиеттері
|
Минералогиялық
Минераграфиялық
Петрографиялық
Рентгендік
Люминесцентік
|
Тау жыныстарының физикалық қасиеттерін анықтау
|
Құрылымы
Түзілімі
Тығыздық
Кеуектілік
Серпімділік
|
Минераграфиялық
Петрографиялық
Геофизикалық
Палеомагнитті
Радиоактивті
|
Қалыптасу уақыты
|
Абсолютті жасын анықтау
|
|
Аргонды
Рубидий-стронцийлі
Көміртекті
|
Салыстырмалы жасын анықтау
|
Палеонтологиялық
|
Палинологиялық
Палеофаунал
|
Бақылау сұрақтары:
1. Геологиялық барлау жұмыстарының әртүрлі кезеңдерінде геологиялық мәселелерді шешу үшін лабораториялық зерттеулердің түрлері.
2. Лабораториялық әдістердің классификациясы
Достарыңызбен бөлісу: |