Инженерлі- технологиялық институты
Инжинирнгтік технологиялар және экология кафедрасы
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәннің атауы: Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері
«6В07262 –Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша
Қызылорда, 2021 жыл
Зертханалық сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
Зертханалық сабақ 1. Лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру
Минералды шикізатарды лабораториялық зерттеудің объектісі кен мен тау жыныстардағы минералдар мен минералды ассоциациялар болып табылады.
Лабораториялық зерттеулердің мақсаты:
1) минералдар мен минералды түрлерді диагностикалау (анықтау);
2) минералдың химиялық құрамын анықтау, сонымен қоса аз мөлшерде болатын қоспа элементтерді де (10-6 – 10-7 % дейін);
3) минералдардың кристаллдық құрамын орнату;
4) шикізаттың физикалық қассиеттерін зерттеу;
5) кеннен пайдалы қазбаны кешенді алу және байыту технологиясын зерттеу. Барлық осы мәселелер стационарлы және экспресс лабораторияларда шешіледі.
Экспресс-лабораторялар кен орнында жұмыстар жүргізіліп жатқанда және байыту фабрикаларында тауарлы өнімді байыту кезінде минералды шикізаттың сапасын бақылау үшін және нақты мәселені шешу үшін арналған.
Минералды шикізаттың заттық құрамын зерттеу мәселелерін шешу үшін мемлекетте стационарлы лабораториялар құрылған, олар лабораториялық зерттеулердің әртүрлі бағыттарында машықтанған цех (лабораториялар) кешені ретінде белгілі.
Шикізатты кешенді зерттеудің негізінде сынама дайындау цехі жатады, онда лабораторияға түсетін метериал тапсырыс берушінің және зерттеудің көлемін анықтайтын нақты талаптарына сай өңделеді.
Сынама дайындаудан кейін сынама лайықты анализ үшін цехтарға үлестіріледі.
Стационарлы лаборатория келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Химия лабораториясы;
2) Спектрлі анализ лабораториясы;
3) Рентгенспектрлі және рентген анализ лабораториясы.
Бұл үш бөлімшелер әртүрлі физико – химиялық әдістермен шикізаттың сандық және сапалық құрамын анықтаумен айналысады.
4) Минералого-петрографиялық кабинет минералогиялық, петрографииялық жәнеминераграфиялық анализдар түрін жасайды;
5) Гидрогеологиялық лаборатория судың химиялық құрамын зерттейді;
6) Инженерлі-геологиялық лаборатория тау жыныстарының физикалық қасиеттерін зерттеу бойынша анализдар жасайды;
7) Кенді емес шикізат лабораториясы кенді емес пайдалы қазбалардың заттық құрамын зерттейді;
8) Жанар пайдалы қазбалар лабораториясы көмір, мұнай және газдың технологиялық және петрографиялық қасиеттерін зерттейді.
Орталық лабораториялармен қатар экспедициялар мен партияларда тұрған жерде зерттеу мен анализдар жүргізу үшін лабораториялар да ұйымдастырылады, бұл тез арада олардың нәтижелерін қолдануға мүмкіндік береді. Дала лабораториялар кәсіпорындардың геологиялық мәселелеріне байланысты анықталатын шағын мамандылықпен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |