Минерал жылтырлығы дегеніміз – оның бетінің әр түрлі дәрежеде жарықты шығылыстыруы. Жылтырлық металл сияқты және металл сияқты емес болып бөлінеді. Металл тәрізді жылтырлықта минералдар беті жаңа өңделген металлға ұқсайды. Мұндай жылтырлық саф элементтерде, сульфидтерде және кейбір тотықтарда болады (алтын, галенит, пирит).
Металл тәрізді емес жылтырлық келесі түрлерге бөлінеді:
а) алмазды - өте жарық жылтырайды, алмаз ұшқыны сияқты (сфалерит, киноварь);
б) шынылы - шыны бетінің жылтырлығы сияқты (кальцит, тау хрусталы);
в) жібекті - жібек жібінің жылтырлығына ұқсайды (асбет, гипс);
г) құлпырма - әр түрлі жарықта өзінің қарқындығын кемпірқосақты реңінде өзгереді (слюда, тальк);
д) майлы – минералдың беті май немесе парафин жағып қойған сияқты (кварц, күкірт);
ж) күңгірт – көмескі, минерал беті жылтырамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |