Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет22/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
umkd-1

Біртекті емес бітімдер

Біртекті емес бітімдер ең көп тараған және тоғыз морфогенетикалық топқа бөлінеді: таңдақты, ұзартылған, друзалық және жеодалық, сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық), катаклаздық және кластық, керіштік, органогендік, коррозиялық, қаңқалық.

1.Таңдақты бітімдер кіретін топтар

Таңдақты бітімдер сеппелер, таңдақтар, ұялар мен нодульдер түріндегі бұрыс, изометриялық және домалақ пішінді минералдық агрегаттармен сипатталады. Осындай агрегаттар таужыныстарда немесе кендерде әркелкі орналасқан. Минералды агрегаттардың өлшемі әр түрлі. Осы топтағы бітімдердің морфологиялық түрлері: сеппелі, таңдақты, және нодулді.



а. Ұсақ кенді агрегаттардың (жеке түйір немесе олардың бірігіп өскендері) таужыныстарда немесе желілік минералдардың құрамында әркелкі орналасуымен сеппелі бітім сипатталады, мысалы, кварцта, баритте, карбонаттарда және т.б. Сеппенің пішіні бұрыс, линза тәрізді, изометриялық, ал өлшемі мм – дің бір бөлігінен 1 см- ге дейін. Кендердің түрлеріне байланысты кен минералдардың мөлшері пайыздың бір бөлігімен немесе ондаған пайызбен өлшенеді.

Кен минералдардың сеппелері сингенетикалық болуы мүмкін, сонда сыйыстырушы минералды агрегатпен бірге жаралған; эпигенетикалық, онда бастапқы минералды агрегаттар бойынша соңғы минералдар орналасқан кезде пайда болады, олар келесі кезең және минералдану сатыларымен генетикалық байланысты; және жұрнақты (қалдықты), ол таужыныстардың немесе кендердің метаморфизмге ұшырағанда сақталған.

Сеппелі бітімдер барлық пайдалы қазбалар кенорындардың генетикалық типтерінде байқалады. Олар жиі магмалық және жаратылысы метасоматиттік кендерде кездеседі.

Мардымсыз кендерді сеппелі бітімдер сипаттайды деп саналады. Бұл кендер, ереже бойынша, алдын ала байытуды тілейді. Сеппелі, таңдақты және шомбал бітімдері бар кендердің араларында біртіндеп ауысуы байқалады.



б.Таңдақты бітім осындай бірігіп өскен пішіндерді сипаттайды, ол кен минералды агрегаттар немесе ұя пішінді боп басқа кен немесе бейкен минералды агрегаттың ішінде қалыптасады.

Минералды агрегаттардың өлшемі бірнеше сантиметрден бірнеше ондаған сантиметрге дейін өлшенеді.

Таңдақты бітім барлық кенорындардың генетикалық типтерінде байқалады, бірақ, метасоматиттік кенорындарда және толтыру желілерде олар ең кен тарайды. Шомбал және таңдақты бітімдер бар кендерде, ал тағы таңдақты және сеппелі бітімдер арасында жиі біртіндеп ауысуы байқалады.

в.Нодулярдық бітім таңдақты бітімнің бір түрі болады және ол хромшпинелидтерге тән. Бөлек таңдақтар (хромиттің нодулдері) диаметрі 5 –тен 15 мм - ға дейін, сопақша, сирек доң гелек немесе сфероидалды пішіндерге ие, шекаралары анық. Олар дуниттің өзгерген минералдарының массасында орналасқан. Хромит нодулдері біресе жолақты, біресе – ретсіз, және ликвация процесінде бөлек орналасады. Олардың параллел созылғандығы, магма кристалданған кезде аққанымен байланысты. Хромитті нодулдердің құрылымы – түйірлік.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау