Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Ұзартылған бітімдер кіретін топ



жүктеу 0,71 Mb.
бет23/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
umkd-1

2.Ұзартылған бітімдер кіретін топ

Белгілі бағытта ұзартылған және қалындық, құрылым, түйірлердің өлшемдері және түсімен өзгешеленетін минералды агрегаттармен құралған кендерде ұзартылған бітімдер байқалады. Жолақша, қабатша, линза мен тақтастық, тақташа пішіндерге ие, әдетте азды-көпті бір-біріне параллель орналасады. Желішекше және желішек тәрізді пішінді минералды агрегаттар жарықшалары толтырғанда немесе жарықшаны бойлай орын басуында пайда болады және жиі олар ретсіз орналасады. Сирек желішектер бір-бірін кесіп өтеді, қиылысу (ілгек, тор және т.б.) бітімдер қалыптасады.

Бұл топта бітімдер сипаттайтың морфологиялық түрлері боп жолақты, мұра етілген, жолақты, гнейс тәрізді, коллофорты-жолақты, крустификациялық (симметриялық және симметриялық емес), қабатты, линза тәрізді, тақтатастық, бүрмелік, желішекті, қабықша, дендриттік.

а. Жолақты бітім әр түрлі минералдық құрамды, әртүйірлік жолақшалардың алмасуымен немесе бір минералдың түрлі-түсті жолақтармен сипатталады. Жолақтардың қалындығы мм- дің ондық бөлігінен бірнеше сантиметрге және сирек ондаған сантиметрлерге. Жолақтардың сағалануы бойынша ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрлерден бірнеше метрлерге тербеленеді. Жалпы алғанда жолақшалар қабаттардан және қабатшалардан ылғи кішірек. Жолақтардың шекарасы анық немесе бітіндеген. Жолақты бітім кендердің барлық генетикалық түрлерінде ерекше кен дамыған, әсіресе магмалық және шөгіндіде.

б. Мұра етілген жолақты бітім метасоматоздық кендерде дамыған. Бұл бітім орынбасар минералды агрегаттарының орны басылатын таужыныстар немесе кендердің қалдықтары бар жолақшаларының алмасуымен, немесе алмасатын жолақтар қабатты немесе жолақты таужыныстарды орынбасу процесінде пайда болған жаңа минералды агрегаттармен құралған.

в. Гнейс тәрізді бітім, линза тәрізді, жасымық тәрізді және жолақты минералды агрегаттардың барымен сипатталады, олар бір бағытта созылған және бір-біріне өтеді. Гнейс тәрізді кендерде әр жолақша немесе линза кенді құрайтын барлық компонентерді кіргізеді, бірақ әркелкі сандық мөлшерлерде. Минералды агрегаттарда түйірлерінің және түйір сынықтарының бағдарлануы, оларды сондайлық бастапқы жолақты кендерден айырады.

Гнейс тәрізді кендерде үзілулер, және жолақшалардың жылжуы байқалады. Әдетте, гнейс тәрізді кендер тақтатастыққа біртіндеп өтеді және метаморфталған полиметалды, темір кендік және мыс колчеданды кенорындарда кездеседі.

Гнейс тәрізді мұра етiлген бітім гнейс тәрізді таужыныстардың және кендердің псевдоморфты орынбасуынан пайда болады.

г. Колломорфтық-жолақты бітім жарықшақ немесе құыстың қабырғаларында түйірлі немесе коллоидты минералдық заттың жолақшалары ретті осу кезінде пайда болады. Бұл кезде жолақшалардың айырмашылығы фестон пішінінде болады. Колломорфтық-жолақты метаколлоидтық бітім жолақшалардың радиалды-сәулелі және талшықты құрылысымен сипатталады.

д. Крустификациялық немесе крустификациялық-жолақты бітім толтыру желілерде кездеседі. Бітім минералды агрегаттардың жолақты орналасуымен сипатталады. Сонымен жарықшақтың қабырғасында шетінен ортаға қарай түзілді. Әрбір жолақшаның келесісі жарықшақтың қабырғасының немесе бұрын түзілген минералды агрегаттың үстінгі жақтың келбетін қайталайды. Осындай жолақшалар бірнеше болуы мүмкін, солардың ішінен жарықшақтың қабырғасына жабысқаны – ерте пайда болғаны, және, керісінше жолақшаның жасырағы жарықшақтың ортасында дамыған; кейде жарықшақтың ортасында толтырылмаған пішіні линза тәрізді құыс (жеода) қалады. Жолақтар бір минералдан тұратын болуы мүмкін және бір-бірінен түсі және құрылымымен (ұсақ түйірлік, орта түйірлік, ірі түйірлік, орайлы, тарақты және т.б.) ерекшеленеді, немесе әр түрлі минералдармен құрастырылған болады. Крустификациялық жолақтық симметриялы және симметриялы емес болуы мүмкін.

е. Қабаттық бітім әр түрлі минералдық құрамды, құрылымды, түсті, қаттылықты және қабаттардың, қабатшалардың, тақташалардың параллель дерлiк орналасуымен сипатталады. Әдетте кен қабатшалары таужыныстардың қабатшаларымен алмасады. Қабатшалардың қалындығы үлкен емес болады, бірақ үлкен қашықтыққа сағаланады. Қабаттар мен қабатшалардың аралық шекарасы анық немесе біртіндеген. Қабаттылық шөгінділердің жинақталу кезінде қалыптасады және шөгінді жаратылымның кендеріне типоморфты болады. Қабатты бітім және линза тәріздіге өтуі мүмкін. Мұра етілген қабатты бітім қабатты кендер мен таужыныстарды псевдоморфты орынбасуынан пайда болады.

ж. Түзілімдердің линза тәрізді бітімі қабатты және жолақты бітімдердің бір түрі; ол қабатты немесе қабатша пішінді кен агрегаттарының ұзаруы бойынша сығылған немесе бiртiндеп сүйірлене тамамдалу жағдайларында ғана пайда болады Осындай жағдайда кен минералды агрегатар линза пішінді болады.

Метаморфизмнің линза тәрізді бітімі мортты және иілімді минералдардан тұратын минералды агрегаттардың жаншылу және жаншуында пайда болады. Осындай минералды агрегаттар таужыныстардың және кендердің тақтатастығына параллел бағытталған. Линза тәрізді бітім ең басты шөгінді және метаморфтық жаратылыстағы кенорындарында кездеседі.



з. Тақтатастық бітім бағытталған қысымның әсерінен пайда болады және ұзартылған минералды агрегаттардың сызықты немесе жазық параллел орналасуымен сипатталады. Микроскопта зерттегенде агрегаттарда жеке минералдардың созыңқылығы және сондай бағытталуы көрінеді. Тақтатастық қабаттық немесе жолақтықтың бағытымен сәйкес келуі немесе келмеу мүмкін. Тақтатастық бітім қосымша болады және ол динамометаморфизм динамометаморфталған кендерінің және таужыныстардың арасында кен тараған.

и. Бүрмелік бітім жолақты, қабатты және тақтатастық бітімдердің бір түрі болады. Ол жұқа жолақшалардың немесе қабатшалардың ұсақ қатпарпарға (бүрмеге) жапырылуы және қатпарлануынан пайда болады. Кейде қабатшалар немесе жолақшалар үзілген және орнын ауыстырған. Динаметоморфталған мыс-колчеданды, магнетит-гематитті, және басқа кендерді тақтатастық және басқа бүрмелі бітімдер кен дамыған.

к. Желішектік бітім кенді және желілі минералдар желішектерінің жарықшақтар бойынша дамуымен сипатталады, олар таужынысты немесе кенді брекчияланған белдемдерді, немесе жарықшақтар дербестелмесін және тақтатастық немесе кебу жарықшатарды қиып өтеді. Желішектердің қалындығы миллиметрдің бір бөлігінен 2 см, сирек 10 см дейін өлшенеді. Кейде желішектер параллел жарықшақтар топтамасын толтырады, бұл жағдайда кеннің бітімі жолақты болады. Минералдың бірігіп өскені басқа типтерінде бір минералды агрегаттың желішіектері бағытты жарықшақтарды толтырады да ілмек немесе торлы бітімдер қалыптастырады. Әр түрлі жастағы минералды агрегаттарды желішектер қиып өткенде қиылысу бітімдер пайда болады. Сыйстырушы таужыныс немесе кенді салыстырғанда желішектер әрқашан жасырақ агрегаттарға жатады. Толу желішектердін шекарасы тегіс болады және әдетте сәйкес қабырғаларымен сипатталады. Орынбасар желішектердің шекарасы иірелен және олар құрамына бастапқы минералдардың жұрнақтарын кіргізеді. Кейде олар орны басылатын минералдың жұқа сеппелерімен бірге болады.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау