Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ Катаклаздық және кластық бітімдер кендер мен таужыныстар
сынықтары барымен сипатталады. Динамометаморфизм және мору себепкерлерінің таужыныстар мен кендерді уатуынан сынықтар пайда болады. Ӛздерінің жаралуынан кейін сынықтар ӛз орында қалуы мүмкін (катаклаздық бітімдер) және су ағындыларымен, мұздықтардың, балшық ағындыларымен, желдермен және басқа тәсілдермен едәуір қашақтыққа (кластық бітім) тасымалдануы мүмкін. Пішіні мен жұмырлану дәрежесіне қарай сынықтардың келесі типтерін бӛледі: орынбасу белгілері жоқ таужыныстар мен кендердің уатуынан пайда болған қырлылар; орынбасу процесінде және кейін орны басылған немесе уатылғанда пайда болған домалақтанған қырлары ӛткір емес сынықтар; жұмырланған сынықтар, мысалы, тасмалта, тасдӛнбектер, тасберіштер, псевдоолиттер, құмтастар. Тасдӛнбектер ӛлшемі 100 -ден 1000 мм арасында тербеледі; тасмалта 10-нан 100 мм дейн, псевдоолиттер және құмтастар ӛлшемі 2 мм кіші. Таужыныстар мен минералдардың әр түрлі бітімдері және құрылымдарымен ӛзгешеленеді. Сынықтар әдетте, керіш рӛлін атқаратын байланыстырушы затпен бекітілген. Сынықтар мен керіштің бірігіп ӛскен бітімдерге келесі морфологиялық тірлер тән: брекчиялық, брекчия тәрізді, кокардтық, конгломераттық.
Таужыныстар мен кендердің механикалық уатылуынан пайда болған ӛте ұсақ сынықтардың сусымалы-болбыр агрегаты және әр түрлі минералдар (ұнтақ) сынықтары.
а. Брекчиялық бітім екі минералды агрегаттарда, біреуі қырланған сынықтар, екіншісі керіш боп келетін кендер мен таужыныстарда байқалады. Сынықтар мен керіш әр түрлі уақытты минералды агрегаттар болады,
анықталған минералдар парагенетикалық ассоциацияларымен, құрылымдарымен және бітімдермен. Мысалы, кенді минералдардың таужыныстар сынықтарын керіштеуі кездеседі, кендердің сынықтарын желілік минералдар керіштейді және т.б. Динамометаморфизм әрекетіне ұшыраған кендерде брекчиялық бітімді минералдар сынықтары қалыптастырады
б. Брекчия тәрізді бітім домаланған пішінді сынықтар және керіштен пайда болады; соңғысы кейде минерализацияның бірнеше сатыларында
түзіледі. Сынықтардың домаланған пішіні олардың керішпен коррозиялануымен немесе олардың динамоморфизм нәтижесінде жаншылуы.
Брекчиялық және брекчиятәрізді мұра етілген бітімдер кен құрастырушы минералдардың таңлаулы тектоникалық, жанартаулық немесе шӛгінді брекчиялардын орнын басып алуынан қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |