Сепарацияның электрлік әдістері. Электрӛткізгіштігіне байланысты
минералдар сепарациясы электр аймағында болады. Минералдар электросепаратор аймағында 3 топқа бӛлінген: 1) жақсы ӛткізгіш; 2) орта және нашар ӛткізгіш; 3) ӛткізбейтін. Рудалық минералдар бірінші және екінші топқа да кіреді. Жақсы ӛткізгіш болып саф элементтерден басқа кӛптген сульфидттер және металдардың сульфатұздары, мысалға галенит, пирит, арсенопирит, кобальтин, тетраэдрит, сол сияқты металдардың оксиді – гематит, магнетит, танталит, колумбит, рутил, орташа және нашар ӛткізгіш болып сульфиттерден стибнит, антимонит, висмутин, киноварь, станнин, сфалерит, касситерит,
вольфрамит, тунгсит және басқалары. Ӛткізбейтіндерге барлық таужынысқұраушы және бейрудалық минералдар жатады, ал рудалы минералдардан клейофан, ксенотим, циркон, шеелит. Минералогиялық практикада электрлік сепаратордың әртүрлі модификациялары қолданылады.
Электр сепараторында ірілігі 2 мм және ірілігі минимальды 0,02 мм материал ӛңделеді. Сепарацияға түскен материал жақсы кептірілген болу керек, ӛйткені беткі жағының ылғалдылығы минералдың ӛткізгіштігіне әсерін тигізеді. Электрлік сепарацияны минералогиялық практикада қолдану минералдар бӛлудің ммүкіндігін кеңейтеді. Тығыздығы, магниттік қасиеті бір-біріне ұқсас минералдар бір концентратқа түскенде, электрлік сепарацияның кӛмегімен бӛлінеді.
Сепарацияның флотациялық әдісі. Флотация деп – физика-химиялық қасиетін қолданып затты бӛлу әдісін айтады. Мысалға, сульфидтті металдардың бір бӛлігі гидрофобтар суды жұқтырмайды. Сондықтан суға салған ұсақ таужыныстары құрамында аз ғана метал сульфиді болсада, силикатты таужынысы бар бӛлігі суға батады, ал метал сульфиді бар бӛлігі батпайды. Егер қатты кӛпіршектендірсек, байытылған минералдар суспензиясының бӛлігі судың бетіне жиналып, минералды кӛпішік түзеді. Флотация ұсақ қатты затты сумен ғана емес, маймен, арнайы реагенттерменде де жүреді.
Флотация әдісімен полиметалл рудаларының минералдарын жеке бӛлуге, вольфрамды, оловянды, титанды және басқа концентраттарды байытуға, бір-бірінен сульфидтті және қышқылданған свинец, цинк, мыс, молибден және басқа рудаларды бӛледі. Флотациялық әдіспен бейорганикалық тұздарды және органикалық қосылыстарды бӛлудің маңызы зор.
81
Минералды флотациялық бӛлу оның жоғарғы бетін сулауға негізделген. Флотация процесі ауаның кӛпіршіктері бар сулы ортада жүреді. Бұл ортада беткі жағы нашар суланатын бір минералдың бӛлігі (гидрофобт) ауа кӛпіршіктеріне жабысады да кӛпіршіктенеді. Ал басқа суланатын минералдың беткі жағы (гидрофильді) ауаның кӛпіршіктеріне жабыспайды, сондықтан батып кетеді.
Қалыпты жағдайда минералдар сумен сулануына байланысты бӛлінеді. Гидрофильді болып таужынысқұраушы минералдың басым бӛлігі саналады – кварц, кальцит, дала шпаты, пироксендер, амфиболдар, карбонаттар және басқа; гидрофобты болып – металл сульфиді (галенит, халькопирит, пирит, сфалерит), саф металдар, сол сияқты графит, тальк, күкірт.
Тұрақты және сенімді нәтиже алу үшін флотация арқылы минералды бӛлу кезінде минералдар бетінің гидрофобтылығын және гидрофильділігін флотациялық рагент арқылы ӛзгертуге болады. Сульфидтті минералды флотациялауға калидің және натрийдің ксантогенаты қолданады (кӛбік түзуші
– шырша майымен). Сульфитті емес минералды флотациялауға тура сондай мақсатта майлы қышқыл реагенті қолданылады.флотацияның селективтілігі арттыру үшін әртүрлі реагент-активаторлар, депрессорлар және ортаның рН регулятор қолданылады. Флотацияның негізін анықтайтын негізгі фактор – реагентті режим.
Кӛбікті флотация флотационды машинада жүреді. Машинаның негізгі бӛлігі – айналатын импеллеры бар флотациялы камера.
Зертханалық флотациялық машиналар ФМ-1 және ФМ-2, ФМ-1 машина
камерасының сыйымдылығы 0,5тен 3 л дейін; ФМ-2 машинасының сыйымдылығы 0,075 тен 0,25 л. Флотация әдісімен минералдар бӛліктерін 0,02 ден 0,3 мм дейінгі ұзындықта бӛледі.
Гранулометриялық талдау. Гранулометриялық талдаубен рудадағы,
таужыныстарындағы және шӛгіндідегі минералды сандық анықтау. Гранулометриялық талдау әдісін негізгі үш топқа бӛлуге болады: гидравликалық әдіс, оптикалық және телевизиялық – оптикалық әдіс.
Минералогиялық талдау екі белгіге негізделген: диагностикалық жағынан толық болуына және сынамада минералдар мӛлшерінің нақты толық болуы. Қолданылатын жерлері әртүрлі. Әдіске кейбір қасиеттеріне байланысты сынама материалын фракциялау кіреді, кӛзбен анықтауға негізделген немесе нақты әдістермен минералды сапалы (диагностикасын) анықтау және санын білу. Зерттеу объектісі – табиғи немесе минералдың техногендік қоспасы. Нәтижесі геологиялық барлау жұмыстарының әртүрлі стадиаларында жүреді.
Негізінен минералогиялық талдауге құрамында ауыр металдар бар (шлихтар) гравитациялық концентраттар ұшырайды. Минералогиялық талдау минералдар сынамасының сандық қатынасына әсерін тигізеді. Минералогиялық талдаудың негізгі міндеттері: 1) шашыранды кенорындарын тікелей іздеу және түбірлік кенорындарды; 2) аймақты жобалап бағалау пайдалы компоненттерді ореолдар бойынша, сондай-ақ серіктес-минералдар немесе минералдық
ассоциациялар бойынша; 3) тауарлы концентраттарды сынамалау және минералдық шикізаттардың белгілі түрлерін бағалау; 4) руданың байытылуын зерттегенде, байыту үлгісін даярлауда және т.б.
Минералогиялық талдаудың классикалық үлгісі (базалық үлгісі)
төмендегідей:
сынамаларды техникалық таразыда тіркеу және өлшеу;
елеуіште 1 мм сеппелер, екі кластада өлшеу;
ұсақ класты сусымаларды өлшеу (жекелеген жағдайларда төмен түсуі
мүмкін);
сусымалардағы бөлінулер немесе екі класта бромпішінде;
ауыр фракцияларда магнитті минералдарды бөлу (қол магниттерімен);
электромагнитте бірнеше фракциялардың бөлінуімен магнитті емес
бөліктерін бөлу (күштіэлектромагнитті, әлсізэлектромагнитті және электромагнитті емес);
барлық фракцияларды бинокулярлы лупада қарап шығу, барлық минералдарды анықтау және олардың әрбір фракциядағы мөлшерін көзбен бағалау ( % -н);
ауыр фракцияларда, шлихтарда, сынамаларда мөлшерін қайта санау
( % немесе г/т);
талдау нәтижесінің кестесін құрастыру.
12 қос. [ 15-78 б.]; 12 қос. [178-213 б.]
Бақылау сұрақтары:
1. Спектральды, локальды талдамаларды қолдану.
2. Рудаларды және таужыныстарды сепарациялау әдістері. Минералдарды гравитациялық бөлу қайда негізделген. Магнитті, электромагнитті, электрлік сепарация әдістерінің минералдары қалай бөлінеді? Сепарацияның флотациялық әдісі.
3. Гранулометриялық талдау әдістері. Минералогиялық талдаманың базалық үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |