Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық Әдістері


Электронды-зондтық микроталдау



жүктеу 1,49 Mb.
бет59/83
Дата22.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34618
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83
dyusembaeva paidaly umk kz 2012

Электронды-зондтық микроталдау. Бұл әдіс зерттелетін үлгітастардағы сипатталатын және тежеулік рентген спектрмен жіңішке электронды бума және толқын ұзындығымен спектр кӛмегімен рентген спектрометр мен элементтердің және олардың мӛлшерін анықтау үшін негізделген. Оптикалық микроскоп кӛмегімен үлгітас бӛлігіндегі электрондық сәуле қайда түсетінін, ал үлгітастарды алмастыру қондырғысы кӛмегімен бума астына зерттеліп отырған минерал түйірін не оның жекелеген бӛлігін қойып бақылауға болады. Элементтердің мӛлшерін зерттелетін минералда аналитикалық сызықтарды рентген сәулесі қарқындылығын салыстыра отырып және салыстыратын стандарт бойынша үлгітасты бағалайды. Үлгітастардағы элемент мӛлшерін салыстыру дәлдік дәрежесімен белгілі болу қажет.
Әдісті қолдану. Электронды-зондтық микроталдау (рентгенспектрлік микроталдау – РСМА) минералогияда минералдардың микроөлшемдерінің
химиялық құрамын анықтаушы негізгі әдіс болып табылады. Ол минералдардағы сапалық және сандық талдауын бордан уранға дейінгі бірнеше кубтық микрон шектеулі көлемін жүргізуге мүмкіндік береді. Әдістің абсолюттік сезімталдығы (бақылайтын заттың төменгі саны) 10-8 -10-15 г-ды құрайды. Минералда біркелкі тарағанда салыстырмалы сезімталдығы элементтің минималь мөлшерін көрсетеді. Әдістің дәлдігі 1-2% , жалпы бума тоғының тұрақтылығымен және кеңістіктегі орнымен анықталады. Әдістің жоғары шектеулігі зерттелетін объектінің растрлық бейнесін алу мүмкіндігін туынды, қайта шашылымды, жұтылатын электрондар және рентгендік сәуленің сипаттамасын қамтамасыз етеді.
Электрондағы бейнелену минерал бөлінуінің морфологиясын, бақылауға мүмкіндік береді, олардың микроқұрылысының (біртекті, әртекті дәрежесі, зоналығы) ерекшелігі туралы, минералдардың кеңістіктік және уақыттық қарым-қатынасы, минералдардың өзгеру дәрежесі туралы ақпарат береді. Рентгендік сипаттаушы сәулелену бейнесі элементтердің таралуын сапалы үлгітастар сканерленген алаңдар суреттейді, элементтер мөлшерін береді.
Әдіс дисперсиялық минералдардың химиялық құрамының жаңа сапалы ақпаратын алуға, жекелеген элементтердің таралуы мен микробітісе өсуінің ерекшелігін білуге мүмкіндік береді.
Аспаптар. Рентгендік микроталдаудың алғашқы макеті Францияда 1949 жылы Р. Кастеном және А. Гинье ашқан, оған ұқсас макет СНГ-де И.Б. Боровский Н.П., Ильин жасады. Қазіргі уақытта әр түрлі модификациялы
электронды-зондты микроталдау шығарылады. Электронды-зондты микроталдау қондырғысының үлгісі: электрондар көзі, анод, конденсорлы линзалар, объективті линза, оптикалық микроскоп, үлгітасты ұстаушы,

90


энергодисперсиондық спектрометр және кристалл-толқындық спектрометрден тұрады.
Талдаудың объектілері. Талдау үшін объектілер жоғары сапалы өңделген тастілімдер болып табылады. Өңделген тастілімнің өлшемі микроанализатор типіне және үлгітастың ұстаушысына сәйкес болады (қалыңдығы 1,5-2 см, 2 см-н аз). Өңдеудің жоғарғы беті электрөткізгіштігін қамтамасыз ету үшін, электрондар бөліну және электрлік зарядтың көлемділігі үшін көмір, мыс, күміс, алтынмен жалатылады. Рудалық бөлінудің кіші өлшемі сандық өлшеу талдау үшін 3 - 5 микроннан көбірек, силикаттар үшін 10 микроннан көбірек болу қажет. Әдістің артықшылығы оның көздеулігі, яғни минерал түйірлерінің талдау үшін таңдау және оптикалық микроскоп көмегімен реттілігін 300-400 рет ұлғайту тұрақты бақылау болып табылады.

  1. қос. [ 345-382; 403-411б.]

Бақылау сұрақтары:


    1. Рентгенқұрылымдық талдаудың әдістері, олардың қолданылуы, нәтижесін талдау.




  1. Электронды-зондты микроталдаудың негізгі белгілері?

  2. Растрлық бейнелер қандай ақпарат береді?




  1. Қандай элементтерге сапалық және сандық электронды-зондтық микроталдау жүргізіледі?



жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау