13 – Лекция. Минералдарды зерттеудің талдау әдістері және олардың қолданылуы
Иммерсиялық әдіс. Бұл тәсілмен минералдың абсолюттік сыну кӛрсеткіштерін микроскоп арқылы анықтайды. Ол үшін минералды ретімен сыну кӛрсеткіштері әртүрлі сұйықтарға кезекпе-кезек салып, сыну кӛрсеткіштері тең болатын сұйықты табу керек. Олардың сыну кӛрсеткіштерінің теңдігін минералдың сұйықта рельефі мен шегрен бетінің кӛрінбеуінен байқайды.
Минералдың сыну кӛрсеткіштерін анықтау үшін 98 сұйықтан тұратын жинақ пайдаланылады. Олардың сыну кӛрсеткіштері 1,408-1,780 аралығында. Егер сыну кӛрсеткіштері бұдан жоғары болса, онда арнайы иммерсиялық қорытпалар қолданылады: күкіртті мышьяктан дайындалған (n= 1,785-2,05), немесе галогенидтті таллийдің балқымасы (n= 2,25-2,78). Иммерсиялық ортада сыну кӛрсеткішін анықтау арнайы аспап-рефрактометрда жүргізіледі. Рефрактометрдің кең тараған типі ИРФ-22 және ИРФ-23. Біріншісі иммерсиялық сұйықта сыну кӛрсеткішін 1,3-1,7 аралығында кӛрстеді, ал екіншісі 1,33-1,780 аралығында.
Қазіргі кездегі МРФ типті микрорефрактометр сыну кӛрсеткішін микроскоптың астында үлкен диапазонда (1,00-2,2) кӛрсетеді.
МРФ типті неғұрлым жаңа қазіргі заманғы микрорефрактометр
микроскоппен кең диапазонды (1,00-2,2) шамадағы сұйықтықтың сыну көрсеткішін өлшеуге болады. Зерттеу объектілері минералдардың жеке ұсақ түйірлері, қопсық жаралымдар болып табылады.
Спектральдық талдау эмиссиондық спектрлі талдау саласындағы толқын ұзындығын 2000-нан 9000 А арналған дифракциондық спектрографтарда орындалады. Шамамен алғанда сандық және жартылай сандық спектральдық талдаулар бір уақытта 40-50 элементке дейін анықтайды.
Спектральды талдаудың кӛмегімен минералды идентификациялау және олардың құрамының ерекшеліктерін анықтау жеңілдетіледі. Спектральды талдау минералдардағы элементтердің қосынды құрамын анықтауда басқа әдістерге қарағанда артықшылығы мол.
Спектрге жарық кӛздерінің шашырауы, таралуы спектральды аппараттардың кӛмегімен жүргізіледі. Аппараттың негізгі элементі болып сәуле сындыру призмасы, дифракциондық тор немесе интерференциялық қондырғы жатады.
78
Осы жабдықтар мен аспаптардың негізгі параметрлері және олардың жіктелуі анықталады,
Спектрограммамен қарауға және спектральды сызықтардың екпінін ӛлшеуге арнайы аспаптар спектропроекторлар пайдаланылады.
Анықталатын злементтер жинағы қойылған тапсырмаларға байланысты таңдалады. Спектральды талдау минералдағы әртүрлі қоспа-элементтерді тағайындауда басқа әдістер алдында белгілі мәнге ие болады.
Минералдық шикізаттарда көптеп талдама өткізу үшін аспаптар анықтау мәселелеріне байланысты әртүрлі спектрографтар типтері, олардың ішіндегі ең бастысы кварцтық және дифракциялық ИСП және ДФС типті спектрографтар болып табылады. Спектрограмманы тексеру үшін және спектрлік сызықтардың қарқындылығын өлшеу үшін арнайы аспап спектропроекторлар қолданылады. Сынама – ұнтақ – ілмек 10-150 мг.
Жергілікті (Локальды) спектрлік талдама элементтер қоспасының концентрациясы 0,001 % тен жоғары жағдайда минералдарда, рудаларда және тау жыныстарында анықтауда қолданылады.
Лазер сәулесінің таралу диаметрі шамамен 100 мкм қондырғы микроскоптан және көтерілетін кварцтік спектрографтың үстелінен тұрады. Қондырғы көтерілме үстелшесі бар микроскоптан және кварцтық спектрографтан тұрады. Эталон ретінде сандық анықтау үшін белгілі қоспа мөлшері бар минералдар қолданылады. Талдау анықтап отырған элементтердің және зерттеліп отырған минералдың элементтерінің салыстырмалы сызық қарқындылығы бойынша жүргізіледі: мысалы, галенит минералының қоспа элементтерін анықтағанда қорғасынның, ал сфалеритте - мырыштың қарқындылық сызығы алынады.
Сынамаларды минералогиялық зерттеулерге дайындау лабораториялық жұмыстардағы маңызды этап болып табылады,себебі сынамаларды дайындау алынатын нәтижелердің дұрыстығын және барлық мүмкіндіктерді талдау әдістеріне қолдануды анықтайды.
Дезинтеграциялау әдісі.
Минералогиялық зерттеуде кӛп стадиялы схема бойынша сынаманы дезинтеграциялау, жүйелі принціппен алынады, ірілігіне байланысты қосқанда (100 ден 10 мм дейін) және орташа (10 нан 1 мм дейін) ұсақтағанда және майдалағанда (1мм және одан тӛмен).
Ірі бӛлшектеу үшін тісті (щековые) үгіткіш қолданылады, материалды екі металдық тістерінің арасында қысу арқылы. Орташа бӛлшектеу валкалы үгіткіште бір-біріне қарай айналып тұрған цилиндрлі валкаларда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |