42
5.5.2.2
ESET Антивирус
ESET SysRescue ықшам дискісін жасау үшін құрастырушы
пайдаланатын бастапқы ESET файлдарының екеуін таңдауға
болады.
ESS қалтасы — компьютерде ESET өнімі орнатылатын қалтада
әлдеқашан бар файлдар
MSI файл — MSI орнатушысында бар файлдар пайдаланылады
Профиль — пайдаланушы аты мен құпиясөздің төмендегі екі көзінің
біреуін пайдалануға болады:
Орнатылған ESS — пайдаланушы аты мен құпиясөз қазір
орнатылған ESET Smart Security 4 немесе ESET NOD32
бағдарламасынан көшіріледі
Пайдаланушыдан — төмендегі сәйкес мәтін ұясына енгізілген
пайдаланушы аты мен құпиясөз пайдаланылады
Ескертпе: ESET SysRescue 4 ықшам дискісінде бар ESET
Smart Security немесе ESET NOD32 Antivirus бағдарламасы
не интернеттен, не ESET SysRescue ықшам дискісі іске қосылған
компьютерге орнатылған ESET Security шешімінен жаңартылады.
5.5.2.3
Кеңейтілген
Кеңейтілген қойындысы ESET SysRescue ықшам дискісін компьютер
жадының өлшеміне оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ықшам
дискінің мазмұнын оперативті жадқа (ЖЖҚ) жазу үшін
512 Мбайт
және одан көп дегенді таңдаңыз. Егер сіз 512 Мбайттан кем дегенді
таңдасаңыз, WinPE іске қосылып тұрған кезде қалпына келтіру ықшам
дискісіне үнемі қатынасып отырады.
Сыртқы драйверлер — бұл бөлімде арнайы аппараттық құралға
(әдетте желілік адаптерге) арналған драйверлерді кірістіруге болады.
WinPE аппараттық құралдардың көп түрлерін қолдайтын Windows
Vista SP1 жүйесіне негізделгенімен, кейбір кездерде аппараттық
құрал танылмайды және драйверді қолмен қосу керек. Драйверді
ESET SysRescue шеберін құрастыруға енгізудің екі жолы бар —
қолмен (
Қосу түймесі) және автоматты түрде (Aut.Search түймесі).
Қолмен қосқан жағдайда, сәйкес .inf файлының жолын таңдау
керек (бұл қалтада қолданылатын *.sys файлы да болуы керек).
Автоматты түрде енгізген жағдайда, драйвер берілген компьютердің
операциялық жүйесінде атвоматты түрде табылады. SysRescue
ықшам дискісі SysRescue жасалған компьютердегімен бірдей желілік
адаптері бар компьютерде пайдаланылғанда ғана автоматты
қосуды пайдалану ұсынылады. ESET SysRescue ықшам дискісін
жасау барысында драйвер құрастыруға енгізіледі, сондықтан
пайдаланушыға оны кейінірек бөлек іздеудің қажеті жоқ.
5.5.2.4
Жүктелмелі USB құрылғысы
Егер мақсатты құрал ретінде USB құрылғысы таңдалса, Жүктелмелі
USB құрылғысы қойындысында бар USB құралдардың біреуін
таңдауға болады (бірнеше USB құрылғылары болған жағдайда.
Ескерту: Таңдалған USB құрылғысы ESET SysRescue шеберін жасау
үрдісінің барысында пішімделеді, яғни құрылғыдағы бүкіл деректер
жойылады.
5.5.2.5
Жазу
Мақсатты құрал ретінде CD/DVD таңдалғанда, Жазу қойындысында
қосымша жазу параметрлерін көрсетуге болады.
ISO файлын жою — ESET Rescue ықшам дискісі жасалғаннан кейін
ISO файлдарын жою үшін осы опцияға құсбелгі қойыңыз.
Жою қосылған — тез өшіруді және толық өшіруді таңдауға мүмкіндік
береді.
Жазу құрылғысы — жазу үшін пайдаланылатын құрылғыны
таңдаңыз.
Ескерту: Бұл — әдепкі опция. Қайта жазылмалы CD/DVD
пайдаланылғанда, оның ішіндегі бүкіл деректер өшіріледі.
«Құрал» бөлімінде CD/DVD құрылғысына салынған ағымдағы құрал
туралы ақпарат бар.
Жазу жылдамдығы — ашылмалы мәзірден қажетті жылдамдықты
таңдаңыз. Жазу жылдамдығын таңдағанда жазу құрылғысының
мүмкіндіктерін және пайдаланылатын CD/DVD түрін ескеру
керек.
5.5.3
ESET SysRescue бағдарламасымен жұмыс
істеу
Қалпына келтіру CD/DVD/USB құрылғысын тиімді пайдалану үшін
компьютердің ESET SysRescue жүктеу құралынан жүктелуін қамтамасыз
етуіңіз керек. Жүктеу басымдығын BIOS жүйесінде өзгертуге болады.
Оның орнына, жүктеу мәзірін компьютер қосылып жатқан кезде әдетте
жүйелік тақта/BIOS нұсқасына байланысты F9—F12 пернелерінің
бірінің көмегімен шақыруыңызға болады.
Жүктелгеннен кейін ESS/ENA іске қосылады. ESET SysRescue
тек белгілі бір жағдайларда пайдаланылатындықтан, әдеттегі
ESS/ENA құрамында болатын қорғау модульдері мен бағдарлама
мүмкіндіктері қажет болмайды, олардың тізімі «Компьютерді қарап
шығу», «Жаңарту» пәрмендері мен «Орнату» ішіндегі кейбір
бөлімдерге дейін тарылады. Вирус қолтаңбасының дерекқорын
жаңарту мүмкіндігі ESET SysRescue бағдарламасының ең маңызды
ерекшелігі болып табылады. Бағдарламаны компьютерді қарап
шығудан бұрын жаңартуға кеңес беріледі.
5.5.3.1
ESET SysRescue бағдарламасын пайдалану
Желідегі компьютерлерге орындалатын (EXE) файлдарды өзгертетін
вирус жұқты делік. ESS/ENA тіпті қауіпсіз режимде де тазаланбайтын
explorer.exe файлынан басқа вирус жұққан файлдардың барлығын
тазалай алады.
Бұл explorer.exe файлының Windows жүйесіндегі маңызды үдерістердің
бірі ретінде қауіпсіз режимде де іске қосылатынына байланысты.
ESS/ENA файлға ешқандай әрекет жасай алмайды, сондықтан
ондағы вирус жойылмайды.
Мұндай жағдайда мәселені шешу үшін ESET SysRescue бағдарламасын
пайдалануыңызға болады. ESET SysRescue бағдарламасы басты
компьютер операциялық жүйесінің ешқандай құрамдасын қажет етпейді.
Сондықтан ол дискідегі кез келген файлды өңдей (тазалай, жоя) алады.