Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет81/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 168-беті 
 
168 
 
 
2.18 
ЛЕКЦИЯ, 
ПРАКТИКАЛЫҚ 
(СЕМИНАР), 
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ 
САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1  Жалпы ережелер 
1.1 Лекцияға қатысты жалпы ережелер 
1.1.1  Лекция  университетте  оқу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  жəне  оқытудың  басты 
формаларының бірі болып табылады. 
1.1.2  Кез  келген  лекцияның  жалпы  құрылымдық  өзегі  -  тақырыпты  дұрыс  қою, 
мақсатын  анықтау,  мазмұнын  жоспарлау,  лекция  жоспарына  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
арналған əдебиеттерді ұсыну, берілген жоспарды лекция барысында қатаң сақтау. 
1.1.3  Университетте  лекция  (дəріс)  мен  практикалық  (семинар),  лабораториялық 
(зертханалық),  студиялық  сабақтар,  білім  алушының  өзіндік  жұмысы,  оқытушының 
басшылығымен  орындайтын  білім  алушының  өзіндік  жұмысы  арасындағы  кредиттер 
көлемінің арақатынасы мамандықтардың оқу жоспарына сəйкес айқындалады. 
1.1.4  Лекция  оқуға  жəне/немесе  басқа  оқу  сабақтарының  түрлерін  өткізуге  ғылыми 
қызметкерлер,  еңбегі  сіңген  мəдениет,  өнер,  спорт  қайраткерлері  немесе  мамандық  бейіні 
бойынша  кемінде  5  жыл  практикалық  тəжірибесі  бар  тəжірибелі  мамандар  да  тартылуы 
мүмкін. 
1.2 Практикалық жəне семинар сабақтарына қатысты жалпы ережелер 
1.2.1  Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  пəн  бойынша  білім  алушының  оқу 
жұмысының басты түрі болып табылады жəне мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған 
кредиттер (сағаттар) мөлшерінде орындалады. 
1.2.2  Практикалық  жəне  семинар  сабақтардың  мақсаттары  –  білім  алушылардың 
танымдық қабiлеттерін, дербес ойлауын жəне шығармашылық белсендiлiгiн дамыту. 
1.2.3 Практикалық жəне семинар сабақтардың міндеттері: 
- оқу пəнi бiлiмдерiн бекiту, тереңдету жəне кеңейту; 
-  оқу  пəнiнiң  теориялық  қағидалары  мен  тұжырымдарын  талдау/саралау  əдiстерiне 
баулу/үйрету; 
-  нақты  практикалық  тапсырмаларды  шешуде  заманауи  теориялық  жəне  ғылыми-
техникалық əдістер мен құрылғыларды пайдалану іскерліктері мен дағдыларын меңгерту;  
-  оқу  пəнiнiң  нақты  тақырыбы  бойынша  əдебиет  көздерін  зерделеу/оқып  үйрету  жəне 
талдау/талдату. 
1.3 Лабораториялық сабаққа қатысты ережелер 
1.3.1 Лабораториялық сабақ пəн бойынша білім алушының оқу жұмысының басты түрі 
болып  табылады  жəне  мамандық  оқу  жоспарында  қарастырылған  уақыт  мөлшерінде 
орындалады. 
1.3.2  Лабораториялық  сабақтардың  мақсаттары  –  нақты  практикалық  тапсырмаларды 
орындау  үдерісінде  білімдерді  тереңдету  жəне  кеңейту,  білім  алушылардың  белсенділігін 
жəне 
өзбетінше 
жұмыс 
жасауын 
дамыту, 
техникалық 
құралдарды 
пайдалану, 
қондырғыларды,  конструкцияларды  қолдану  дағдыларын  жəне  эксперимент  нəтижелерінде 
алғандарын талдау іскерліктерін меңгерту. 
1.3.3  Лабораториялық  жұмыстар  оқу  пəні  қалыптастыруы  тиіс  оқыту  нəтижелері  мен 
құзыреттерге бағдарланады. 
2  Лекция материалдарын дайындауға жəне оқуға қойылатын талаптар 
2.1  Лекция  мазмұны  Болон  үдерісіне  негізделген  білім  беру  нəтижелерін 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
Лекция  құзыреттерді  құраушы  -  білімдік  құраушыларды  (білу,  түсіну,  қолдану,  талдау, 
жинақтау, бағалау) білім алушыларда пəн бойынша қалыптастыруды, сондай-ақ  іс-əрекеттік 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 169-беті 
 
169 
 
(орындай  алу),  құндылық  (сарапшылық)  құраушылардың  бағдарлы  даярлығын  қамтамасыз 
етуі тиіс. 
2.2 Лекция материалдарын дайындау жəне жүргізу барысында төмендегідей ережелерді 
басшылыққа алу қажет: 
- лекция баяндалатын/мазмұндалатын пəн бойынша негізгі ұғымдарды беруі жəне оны 
қандай бағытта терең зерделеуді көрсетуі қажет; 
-  лекция  аталған  курстың  негізгі  сұрақтарын,  негізгі  принциптерін  белгілі  ғылыми 
реттілікте қамтуы қажет, бұл оны артық, ұсақ мəселелерден ажыратады; 
-  лектор  ғылымның  теориялық  қағидаларын  практикамен  байланыстыруы,  теория  мен 
практиканың ажырамас, ғылымның өмірмен байланысын əдістемелік дұрыс көрсетуі қажет; 
-  лектор  білім  алушыларда  ғылыми ойлауды  қалыптастыруды  қабілетті  етумен,  өзімен 
тыңдаушыларды/білім алушыларды ілестіруі қажет. 
2.3  Əрбір  курс  бойынша  лекция  жоспары  немесе  конспектісі  əзірленуі  қажет  жəне  ол 
жыл  сайын  кафедраның  мəжілісінде  талқылануы  тиіс.  Сонымен  қатар,  пəннің  жұмыс 
бағдарламасында  көрсетілген,  сондай-ақ  практикалық  жəне  лабораториялық  сабақтардағы 
сұрақтарды қамтуы қажет. Лектордың жанды дауысы мен сөйлеуінің жоғары мəдениеті білім 
алушының  лекцияға  қызығушылығын  тудыруы  мүмкін,  ал  лекция  конспектісі  лекторға  тек 
анықтамалық материал қызметін атқаруы тиіс. 
2.4  Лектор  кіріспе  жəне  қорытынды  лекцияны  əзірлеуі  қажет.  Кіріспе  лекцияда  білім 
алушылардан  ойлау  ынтасын  талап  ететін,  тіптен  жаңа  білімдер  хабарланады.  Қорытынды 
лекцияда  аталған  пəн  бойынша  сабақтарда  алынған,  барлық  ғылыми  жəне  əдіснамалық 
дайындықтың  негізіндегі  түйінді  мəселелерді  қамтумен  курсты  ғылыми  талдап  қорыту 
берілуі қажет. 
2.5 Лекцияның негізгі сипаттамалары: 
-  ғылымилығы,  қатаң  дəлелділігі:  аталған  (оқытылатын)  ғылым  саласының 
проблемалық жəне пікір талас тудыратын сұрақтарын қамтуы; 
- мазмұнының əдістемелік дұрыс тұрғызылуы жəне тақырыптың ұтымды мазмұндалуы 
(мазмұндалатын  сұрақтарға  лектордың  білім  деңгейінің  сəйкестігі,  күрделі  дəлелдемелерді 
сəйкесінше  өз  сөзімен  айтуы,  күрделі  үдерістерді  жазу  кезінде  олардың  математикалық 
моделін  пайдалануы,  ілгеріде  мазмұндалған  материалдарды  қатыстыруы,  едəуір  басты  жəне 
қиын меңгерілетін  сəттерді  бөліп  алуы,  қорытынды шығару  кезінде  шектеу  мен  жіберілетін 
қателіктерді негіздеуі, сөйлемдегі ойды өз сөзімен айтуында бір мағыналы болуы); 
-  лекция  материалдарының  мамандық  саласымен  байланысы,  бейіндік  ғылымды 
дамытуды терең түсіну үшін лекцияда қарастырылатын қағидалардың дүниетанымдық жəне 
əдіснамалық мəнін негіздеуі; 
-  лекция  өзіндік  жұмыста  тереңдетуге  қызығушылықты  тудыруы  қажет,  тек  оқу  ғана 
емес, сонымен қатар, монографиялық жəне журналдарды оқуға білім алушыларды бағыттауы 
қажет; 
-  мазмұнның  мəселені  қамтуы  (лекция  мазмұны  негізгі  мəселені  айқындауды  қамтуы), 
лекция  жоспарына  сəйкестікте  оны  ашудың  логикасын  негіздеуі,  жоспардың  жекелеген 
тармақтары  нақты  проблемалық  жағдаяттарды  қамтуы,  оларды  шешу  мен  дəлелдеу 
тəсілдерін анықтауы. 
Проблемалық  əдістің  түсіндіру  əдісімен  оңтайлы  үйлесуі,  білім  алушылардың 
жұмылдырушылығын жəне олардың шығармашылық ойлауын белсенді етеді. 
Лекция мəтіні/тезисі білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету үшін алдын ала 
беріледі. 
2.6 Лекция оқуға қойылатын негізгі талаптар:  
- берілген ақпардың жоғары ғылыми деңгейде болуы, оның дүниетанымдық маңызы; 
- əдістемелік жағынан өңделген, көлемді нығыз жүйеленген жаңа ғылыми ақпар; 
- айтылған пікірлердің дəлелді болуы; 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау