Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 166-беті
166
- Жасалып жатқан оқу жылы көрсетіледі.
5.5.
Элективті
пəндер
каталогын
əзірлеуде
Жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттарының оқыту деңгейлеріне қойылатын талаптары ескеріледі. (Бакалавриат,
магистратура).
5.6 Факультет əдістемелік кеңесінде талқыланып жəне ұсынылған күні, хаттама номері
жəне факультет кеңес төрағасының қолы қойылады.
5.7 Университеттің оқу-əдістемелік кеңесінде қаралып, бекітіледі. Хаттама номері, күні,
5.8 Магистратура бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің
меңгерушісінің қолы қойылады.
6 Бағалау, талдау жəне жақсарту
1.1 Оқу – əдістемелік бөлім осы ережеге сəйкес элективті пəндер каталогының
жасалу дұрыстығын айқындайды.
1.2 Кафедра меңгерушілері элективті пəндер каталогына пəндерді жаңа таңдау
пəндерін қосудың тиімділігін талдайды жəне оны əзірлеу үрдісін бақылайды:
- Пəндер мазмұнында оқу материалын көшірмелеуді жояды;
- Құзіреттіліктермен теориялық білімді, сабақтас теориялық курстар мен оқу
материалдары арасында байланыс орнату;
- Басқа кафедралармен бекітілген элективті пəндер мамандығының оқу материалын
əзірлеуді бақылайды;
1.3 Оқу жылының аяғында кафедралар отырысында келесі оқу жылына элективті
пəдерді əзірлеуді жақсарту бағытында алдыңғы ЭПК нəтижелерін талдауда түзету
жұмыстары жүргізіледі.
1.4 Каталогты əзірлеуде жұмыс тобы тұтастай алғанда ағымдағы жылдың
нəтижелерін талдайды. Кафедра меңгерушісі талдау нəтижелерін жылдық есепке тіркейді.
Есеп кафедра отырысында талқыланады жəне талданады. Ағымдағы жылдың ЭПК талдауы
бойыншаа жалпы есеп университеттің əдістемелік кеңесінде тыңдалады, келесі оқу жылына
каталогты жақсарту қорытындысы бойынша шешім қабылдайды. Қабылданған шешімді
мамандықтарға сəйкес кафедра меңгерушілері жүзеге асырады.
2.17 СИЛЛАБУСТАРДЫ ƏЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.1 Силлабустың сəйкестiлігi.
Силлабусты əзірлеу кезінде ескеріледі:
- мамандықтың (бағыттың) негізгі/жұмыс оқу жоспары;
- пəннің оқу/жұмыс бағдарламасы;
- ҚР БҒМ ОƏБ ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны;
- университеттің материалдық жəне ақпараттық мүмкіндіктері;
- тиісті пəндік саласындағы жаңаланған жетістіктер.
1.2 Əзірлеу саласы.
Силллабус пəннің жұмыс бағдарламалары бойынша əзірленеді.
1.3 Бiрнеше мамандықтың бір пəні бойынша силлабусты əзірлеу.
Əртүрлі мамандық білім алушылары үшін бір немесе бiрнеше пəн бойынша силлабусты
мақсатты түрде əзірлеу пəнді оқытуды қамтамасыз ететін кафедра тарапынан жүзеге
асырылады. Бұл жағдайда пəнді зерделеуде қалыптастырылуы тиіс оқыту нəтижелері мен
құзыреттердің бірдей болуы ескеріледі.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 167-беті
167
1.4 Силлабустың компоненттерi.
Силлабус пəннің жұмыс бағдарламасының негiзгi мазмұнын сақтаумен, оның
мазмұнына енген құраушылармен сабақтастықта болады. Білім алушы үшін керек емес
материалдар қамтылмайды.
1.5 Оқыту түрлерi үшiн силлабус.
Силлабус күндізгі, сыртқы оқу формалары үшiн бөлек жасалады.
1.6 Мазмұндау реттілігі.
Силлабусты əзірлеу кезінде пəннің жұмыс бағдарламасындағы (күнтізбелік-
тақырыптық жоспардағы) сұрақтардың мазмұндалу тiзбегi сабақтастығын сақтайды.
2 Силлабустың құрылымы мен мазмұны
2.1 Пəн силлабусы ПОƏК құраушы компоненті жəне дербес оқу-əдістемелік құжат
болып табылады. Пəн силлабусының құрылымы келесi бөлiмдер мен құраушылардан тұрады:
1. Кіріспе.
2.Білім алушылардың пəнді игеру барысындағы пререквизиттер мен постреквизиттер
3.Модульдің сипаттамасы
4.Қысқаша ұйымдастыру əдістемелік сипаттама
5.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
6. Ұсынылған əдебиеттер тізімі
Кіріспе де пəннің (курстың) мақсаты мен міндеттері, білім бағдарламасындағы пəннің
орны толтырады.
Білім алушылардың пəнді игеру барысындағы пререквизиттер мен постреквизиттер –
осы пəнді игеру кезінде қажет болатын алдыңғы пəндер жəне пəнді тəмамдау бойынша кейін
өтілетін пəндермен барлық іс-тəжірибе түрлері кіреді.
Модульдің сипаттамада қысқа мазмұнды тақырыптар, семинар жəне зертханалық
практикалық
сабақтардың
жоспары,
курстық
жұмыстар,
студенттердің
өзіндік
жұмыстарының тақырыптары мен сұрақтары, тапсырмаларды орындау жəне өткізу уақыты,
сағаты толтырылады.
Қысқаша ұйымдастыру əдістемелік сипаттамада оқытудың негізгі түрлері мен əдістері
жəне оқу нəтижелерін бақылау, оқытушы талаптары, курс саясаты мен үрдістері көрсетіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінде əріптік жүйе бойынша,
бағалау, балдық, сандық көрсеткіш, пайыздық көрсеткіш, дəстүрлі жүйе бойынша бағалау
түрлері жүргізіледі.
Ұсынылған əдебиеттер тізімінде негізгі, қосымша оқу-əдістемелік, ғылыми əдебиеттер
мен wев сайттар тізімі беріледі.
3.Силлабусты əзірлеу жəне бекiту тəртібi
3.1 Пəн бойынша силлабусты жетекші оқытушы əзірлейді жəне ол оқытуды қамтамасыз
ететін кафедра мəжiлiсінде талқыланады.
3.2 Силлабус пəн оқытылатын факультеттің оқу-əдістемелік кеңесін қарап,
мақұлдағаннан кейін факультет деканымен бекітіледі.
3.3 Силлабус ПЖБ жетілдіру жағдайында жəне (немесе) мамандықтың негізгі оқу
жоспарын қайта өңдеу (өзгерту) кезінде қайта қарастырылады жəне əр оқу жылы үшін қайта
əзірленеді.
3.4 Пəн бойынша силлабустың бiрiншi данасы кафедрадағы ПОƏК сақталады. Екiншi
данасы – оқытушының пəн бойынша оқу-əдістемелік материалдары құрамында болады жəне
білім алушыларға көшірмелері мен электронды нұсқасы беріледі.
3.5 Дайындалған силлабустың мазмұнына жəне талаптардың орындалуына оны
дайындаған пəн оқытушы жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |