Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет89/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 184-беті 
 
184 
 
- Кеңес отырысын өткізуді ұйымдастырады;  
- Кеңес отырысы мен оның шешімін хаттамалайды;  
- Кеңес шешімін мүдделі тұлғаларға жеткізеді.  
 3.8 Кеңес мүшесінің құқықтары: 
- Кеңестің басшы органдарын сайлау жəне сайлану;  
- Кеңес  отырыстарына  қатысу,  бастама  көтеру,  өз  көзқарасын  білдіру,  Кеңес  қарарына 
ұсыныс енгізу жəне белгіленген регламентке сай қарастырылып отырған барлық мəселелерді 
ашық талқылауға қатысу.  
3.9 Кеңес мүшесінің міндеттері: 
- Осы Ережені ұстану жəне Кеңес шешімін орындау;  
- Өзіне  жүктелген  міндеттерді  орындау,  өз  қызметінде  Кеңестің  мақсаты,  міндеті  мен 
принциптерін басшылыққа алу;  
- Кеңестен  оның  қызметіне  қатысты  тапсырмаларды  орындау  туралы  жазбаша  не 
ауызша хабар алғанда, өз жауабын белгіленген тəртіпте, көрсетілген мерзімде беру;  
- Кеңес құзырлығындағы өзінің қандай да бір қызметінде Кеңес шешімін ұстану.  
 
 
 
 
3.3  ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ  ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК  КЕҢЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 ФОƏК  басқарудың  факультеттегі  алқалық  кеңес-ұсыныс  беру  органы,  университет 
қызметінің  факультеттегі  оқу-əдiстемелiк  жəне  оқу  мəселелерін  талқылау,  оқу-əдістемелік 
ұсынымдарды ұйымдастыру орталығы болып табылады.  
1.2  ФОƏК  жоғары  жəне  кəсiби  бiлiм  беру  сапасын  басқару  бағыттары  мен 
механизмдерін,  сапа  менеджмент  принциптерін  енгiзу  бойынша  факультеттің  құрылымдық 
бөлімдердің  əрекетін  анықтау  мақсатында  жұмыс  жасайды,  факультеттегі  мамандық 
ерекшеліктеріне  сəйкес  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жаңа 
технологиясын оқу үдерісіне ендіруге ұсыныс береді. 
1.3  ФОƏК  ұсыныстары  дербес  жағдайларда  университеттің  ОƏК  мəжілісінде  қарауға 
жəне бекiтуге шығарылады.   
1.4  Ереже  ФОƏК  факультеттегі  оқу  жəне  əдістемелік  жұмыстарды  жүзеге  асырудағы 
жалпы ұйымдастыру-əдістемелік талаптарды анықтаушы негізгі құжат болып табылады. 
 
2 Негізгі ережелер 
2.1  ФОƏК  факультеттің  жұмысшы  органы  болып  табылады  жəне  бакалавриатта, 
магистратура  оқу-əдістемелік  жұмыстарды  үйлестіру  мен  жетілдіру,  факультеттің  оқу 
жоспарларын жəне бағдарламаларын əзірлеу, оқу үдерісіне инновациялық жəне компьютерлік 
технологияларды  ендіру,  жеке  даралау  жəне  қашықтықтан оқыту  формаларын  дамыту,  ПОҚ 
біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру жəне жоғары білікті, бəсекеге қабілетті мамандарды 
дайындау,  қосымша  білім  беру  қызметтерінің  түрлері  мен  формаларын  кеңейту,  басқа  да 
жұмыстарды орындау мақсатымен ұйымдастырылады. 
2.2  ФОƏК  өзінің  жұмысында  ҚР  БҒМ  жəне  университеттің  нормативтiк  құжаттарын 
басшылыққа алады. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 185-беті 
 
185 
 
2.3 ФОƏК мүшелерi нарықтық экономиканы дамытуға қабiлеттi, жауапты, iскер, бiлiктi 
мамандардың  отандық  жаңа  буынын  даярлауды  ұйымдастыруды  жетілдіру  бойынша 
жұмыстарға белсенді қатысуға міндетті. 
2.4  ФОƏК  басшылық  органы  оның  мүшелерінен  сайланатын  төрағадан,  орынбасары 
жəне хатшыдан тұрады. 
2.5 ОƏК төрағасына: 
- ФОƏК жұмысын ұйымдастыру; 

университеттің 
ОƏК 
шешімдерін, 
ғылыми-əдістемелік 
конференциялардың, 
университетте  ұйымдастырылған  дөңгелек  үстелдер  мен  факультеттің  кеңесі  ұсыныстарын 
жүзеге асыру; 
- ФОƏК жұмыс туралы жылдық есеп дайындау жүктеледі. 
2.6  ФОƏК  төраға  орынбасары  құжаттардың  жүргiзілуiне,  хатшы  –  құжаттардың 
техникалық рəсімделуіне жауап береді. 
2.7 ФОƏК басқа мүшелеріне төмендегідей функциональдық міндеттер жүктеледі: 
-  факультет  деңгейінде  оқу-əдістемелік  семинарлар  ұйымдастыру  мен  өткізу  жəне 
университеттің ПОҚ ғылыми-əдістемелік конференцияларына факультеттің ПОҚ қатысуына 
ықпал ету; 
-  кафедралардың  əдістемелік  секция  мүшелеріне  кеңес  беру  көмегін  көрсету,  ФОƏК 
алдын  қабылдаған  шешімдерінің  орындалуын  жүйелі  бақылау  жəне  ФОƏК  мəжілісінде 
тексеру, жұмыс нəтижелері жөнінде мерзімді есеп беру; 
-  оқу-əдiстемелiк  əдебиеттерді,  ғылыми-əдістемелік  конференция  материалдарын 
жариялауға  талқылау  жəне  ұсыныс  беруді  ұйымдастыру,  оқу,  оқу-əдiстемелiк  əдебиеттерді, 
үлгілік 
бағдарламаларды 
шығарудың 
тақырыптық 
жоспарын 
қалыптастыру 
жəне 
орындалуын бақылау, оқу үдерісін қазақ жəне орыс тілдеріндегі заманауи оқу жəне ғылыми 
əдебиеттермен, оның ішінде электрондық тасымалдағыштармен қамтамасыз етілуін бақылау; 
-  оқу  пəндерін  оқыту,  қазақ,  орыс  тiлдерінде  оқыту  əдістемесі  бойынша  бақылау, 
оқытудың  барлық  формалары  мен  мерзімі  бойынша  оқу  жоспарларын,  жұмыс 
бағдарламаларын, емтиханға дайындық үшін тесттік тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұны 
мен сапасын жетілдіру; 
-  оқу  үдерісіне  оқытудың  жаңа  технологияларын  жəне  белсендi  формаларын, 
оқытушылардың ғылыми ұсынымдары/əзірлемелері нəтижелерін ендiру; 
-  бакалавриат  пен  магистратурада  практикалық  жəне  бейіндік  даярлау,  күндiзгi, 
сырттай,  қысқартылған  жəне  қашықтықтан  оқыту  формаларының  əдiстемелiк  базаларын 
жасау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; 
-  ағымдағы,  аралық  жəне  мемлекеттiк  аттестаттаудағы  емтихан  билеттерi  мазмұнын 
бақылау. 
2.8 ФОƏК жұмысы бір оқу жылына жасалатын жоспар бойынша жүзеге асырылады 
2.10 ФОƏК мəжілісі қажеттілік бойынша өткізіледі, бірақ айына бір реттен артық емес. 
ФОƏК мəжiлiсiнде талқыланатын сұрақтар бойынша шешім ашық дауыс берумен жəне кеңес 
мүшелерінің көпшiлiк дауысымен қабылданады. 
2.11  ФОƏК  тұрақты  (мерзімді)  түрде  жасалған  жұмысы  жөнінде  университеттің  ОƏК 
есеп береді. 
2.12  Оқытудың  барлық  формалары  бойынша  оқу  үдерісін  жетілдіруге  бағытталған 
кафедралардың тəжірибелерін талдап қорыту нəтижесі болып табылады. 
2.13 ФОƏК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін факультет: 
- ОƏК мəжілісін өткізу жəне ағымдағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлме; 
- ОƏК құжаттарын сақтау үшін сейф; 
- оқу-əдiстемелiк құжаттарды техникалық рəсімдеу үшін компьютер бөледі. 
  
3 ФОƏК жұмыстарының негізгі бағыттары 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау