Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 162-беті
162
қалыптастыратын білім бағдарламаларында өзара айырмашылық болу керек. Таңдаған білім
бағдарламасын (траекторияны), кəсіби элективтік пəндер тізімін бакалаврлардың оқуы
міндетті болып табылады.
НОЖ əзірлеушілер өз шешімімен бір модульдің көлемін 5 жəне одан да көп
қазақстандық кредитті құрайды жəне екі немесе одан да көп оқу пəндерін, модульдегі
пəндерге 2-3 жəне одан жоғары кредиттерді бөлуді қарастыруы мүмкін. Көлемі 1 кредиттік
пəн қарастырылмайды.
НОЖ əзірлеушілер (зертханалық жұмыстарды жоспарлағанда, əсіресе жаратылыстану
мамандықтары) бірнеше білім траекториясын ұсынып, лекция + семинар/практикалық +
зертханалық бойынша кредиттерді əр пəнге əр түрлі бөлуі мүмкін. Сондықтан ұсынылған
кредиттің бөлінуі өзінің траекториясындағы əр пəннің астына бөлініп көрсетілуі керек, ал
негізгі бөлімде жалпы кредит мөлшері ғана көрсетіледі.
4.6 Оқу жоспарында семестрлерге компоненттерді бөлгенде семестрдегі педагогикалық
тəжірибенің пререквизиті болып табылатын «Педагогика» жəне «Психология» модулінің
міндетті оқытылуын жоспарлауды қарастыру керек, сонда ғана педагогикалық тəжірибеден
өтуіне қатысты пререквизиті болып табылады. Мысалы: педагогикалық тəжірибе 2 семестрде
болса, онда модуль «Педагогика» жəне «Психология» 1 семестрде оқытылуы қажет.
4.7 Оқу жоспарындағы компоненттерді семестрлерге бөлуде қойылатын талаптар:
- оқу жоспарын модульдік негізде жобалап құрастыру;
- модульдердің жүйелік-логикалық сабақтастығы білім бағдарламасы шеңберінде болу;
- студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пəнін
қоспағанда), осы ретте теориялық оқудың 1 кредиті 45 сағатқа тең (15 сағаты оқу сабағы
жəне 30 сағаты өзіндік жұмысы), тəжірибенің 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу
тəжірибесі үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық тəжірибе үшін 30 сағатты (50
минуттан), өндірістік тəжірибе үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды.
4.8 Негізгі оқу жоспарындағы тəжірибе модуліндегі тəжірибе түрі əр мамандықтың өз
ерекшілігіне сəйкес анықталады. Барлық мамандықтарға қатысты Өндірістік тəжірибеге 4-
курста 6 кредит бөлінген. Онын ішінде 4 кредиті 4-курс, 8-семестр үшін – 10 апта (өндірістік
тəжірибе), 2 кредиті 4-курс, 8-семестр үшін – 5 апта (диплом алды тəжірибе). Диплом алды
тəжірибеге ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге
асырады. (№499 қаулы, 61 тармақша). Диплом жұмысынан босатылған студенттер диплом
алды тəжірибенің орнына өндірістік тəжірибесін жалғастырады.
4.9 Негізгі оқу жоспарын мамандық шығаратын кафедраның меңгерушісі мен жетекші
оқытушысы дайындайды жəне кафедра меңгерушісі тарапынан қол қойылып, факультет
деканына, факультеттің ғылыми кеңесіне талқылауға ұсынылады. Жұмыс тобы мүшелері
негізгі оқу жоспарын талқылап болғаннан кейін жұмыс тобы отырысы хаттамасының
көшірмесі толтырылып, жоспарды келісім парағымен қоса академиялық мəселелер жөніндегі
департаментіне келісілуге ұсынылады.
4.10 Академиялық мəселелер жөніндегі департаментіне ұсынылған негізгі оқу жоспары
қойылған талаптарға сай екендігі тексеріледі, бөлім мамандары тарапынан сəйкессіздік
анықталса, жоспарды жасағандармен бірге отырып ескертулерді жою іске асырылады.
4.11 Университеттің оқу-əдістемелік кеңесі тарапынан негізгі оқу жоспары
мақұлданғаннан кейін университет Ғылыми Кеңесіне бекітуге ұсынылады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 163-беті
163
2.16 ЭЛЕКТИВТІ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1 Қолдану аясы
1.1 Бұл құжат мамандықтардағы барлық таңдау пəндерінің тізімін жүйелеу мақсатында
таңдау пəнінің қысқаша сипаттамасы, оқыту мақсаты, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімде)
жəне күтілетін нəтижелері (білімгердің меңгеретін білім, білік, дағдысы мен құзіреттілігі)
университеттегі оқу сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді.
Кредиттік оқыту жүйесінде мамандықтың оқу-əдістемелік кешенінің міндетті
элементтерінің бірі элективтік пəндер каталогы (ЭПК) болып табылады. ЭПК дегеніміз
таңдау компонентінің барлық пəндерінің аннотацияланған тізімі. Онда пəннің мақсаты мен
тараулардың қысқаша сипаттамасы жəне күтілетін нəтижелері (білім алушының алатын
білімі, дағдылары жəне құзіреттіліктері) көрсетілген. Сондай-ақ онда əр пəннің
пререквизиттері мен постреквизиттері берілген, бұл элективтік оқу пəндерін альтернативті
жолмен таңдауға мүмкіндік жасайды.
1.2 Бұл құжаттың талабы университеттің оқу – процесін ұйымдастыруда қолданылады.
1.3 Осы ереже бойынша барлық жұмысты оқу – əдістемелік жəне қашықтықтан оқыту
жұмыстары жөніндегі проректоры, институт директорлары, кафедра меңгерушілері
бақылауға алады.
1.4 Осы ереже университет профессор – оқытушылар құрамы жəне оқу процесіне
қатысты барлық мүшелері үшін міндетті.
1.5 Бұл ереже университеттің ішкі нормативтік құжаты болып табылады жəне өзге
жақтардың көрсетілуіне берілмейді.
2. Нормативті қызмет негізі
Бұл ереже Қазақстан Республикасының төмендегі нормативтік құжаттарына
негізделген:
2.1 ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20 сəуірдегі №152 бұйрығымен
бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері;
2.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 23 тамызда №1080 қаулысымен
бекітілген Жалпыға білім беру мемлекеттік стандарты;
2.3 ҚР 2007 жылы 27 шілдеде шыққан Білім туралы заңы (2014.14.01. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен).
3 Терминдер, мағынасы, қысқартулар, мазмұны
3.1 Терминдер
Бұл ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған.
Бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық
оқудың кемінде 129 кредитін жəне кəсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті
мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дəрежесін бере отырып мамандар даярлауға
бағытталған жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы;
Магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дəрежесін бере
отырып:
- ғылыми жəне педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу
мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кəсіптік практиканының кемінде 6
кредитін жəне ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
- бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық
оқытудың кемінде 18 кредитін, кəсіптік практиканың кемінде 2 кредитін жəне
эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы
ғылыми, ғылыми-педагогикалық жəне басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары
оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |