Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 170-беті
170
- келтірілген мысалдар мен фактілердің, құжаттардың қажетті мөлшерде болуы;
- айтылған ойдың түсініктілігі, тыңдаушылардың ойлау қабілетін арттыруы,
қарастырылған мəселе бойынша өз бетінше жұмыс істеуге арналған сұрақтар қою;
- қойылған мəселені шешуге айтылған əртүрлі көзқарастарды сараптау;
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау;
- білім алушылармен педагогтік байланыс жасап, дидактикалық материалдар мен
техникалық құралдарды пайдалана білу.
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау;
- негізгі материалдар текст-конспект, блок-сызба, кесте, графиктерді пайдалану;
- оқытудың замануи техникалық құралдарын толық мəнді пайдалану.
2.7 Университетте оқу жұмысын ұйымдастыруда лекцияның төмендегідей түрлері:
- кіріспе лекция;
- ақпаратты лекция;
- шолу лекция;
- проблемалық лекция;
- визуальдық лекция;
- бинарлық лекция;
- алдын ала қателерімен жоспарланған лекция;
- конференция лекция;
- кеңес лекция;
- “Миға шабуыл” лекциясы, т.с.с. түрлері орын алуы мүмкін.
2.8 Лекцияның сапалық сипаттамасын жетілдіруге білікті оқытушылардың ашық жəне
үлгі көрсететін лекциялары, сондай-ақ əдістемелік семинарлар қызмет етеді.
2.9 Лекцияның сапасын бақылауды кафедра ішілік бақылау жүйесі бойынша кафедра
меңгерушісі, факультеттің оқу-əдістемелік бюро жетекшісі мен мүшелері, факультет пен
университеттің оқу жұмыстарын ұйымдастыруды тексеру комиссия құрамы жүзеге асырады.
3 Практикалық, семинар жəне лабораториялық сабақтарды өткiзу формалары
3.1 Практикалық жəне семинар сабақтарының құзыреттерге негізделген білім беру
бағдарламасын меңгертуге бағдарлануы.
Практикалық жəне семинар сабақтары пəннің құзыреттерге негізделген білім беру
бағдарламасына сəйкес оқыту нəтижелеріне қол жеткізу үшін ұйымдастырылады, пəн
бойынша құзыреттердің анықталған: білімдік,
іс-əрекеттік жəне құндылық сала
құраушыларын білім алушыларда қалыптастыруы тиіс.
3.2 Практикалық сабақтарды өткiзу формалары:
- алгоритмдерді өңдеу жəне iске асыру;
- ЭЕМ-нiң бағдарламаларының мəтiндерiн жазу;
- технологияны, схемаларды, кескiндi нысандарды əзірлеу;
- түйiндерді, тетiктерді, жүйелердi есептеу;
- тақырыптық тапсырмаларды, есептердi шешу;
- жаттығуларды, практикалық жұмыстарды орындау;
- бейнелеу, еңбек объектілерін дайындау;
- көркем образ үлгілерін сомдау;
- оқылатын оқу пəндерiнiң (шетел тiлi, архитектура, кескiндеме жəне тағы басқалар)
ерекшеліктеріне сəйкес басқа да педагогикалық іс-əрекет түрлерi болуы мүмкін.
3.3 Семинар сабақтарын өткiзудiң формалары:
- оқу пəнiнiң ең маңызды тақырыптары бойынша білім алушылардың хабарламалары
мен баяндамаларын талқылау;
- сабақ жоспарына сəйкес оқу пəнiнiң нақты сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды жəне сұрақтарды талқылау;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 171-беті
171
- оқу пəнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- конструктивтiк пiкiрталастар;
- семинар – «дөңгелек стол»;
- семинар – «ақылдасу»;
- семинар – «топсеруен»;
- «аз топтардың» əдiсi;
- «баспасөз мəслихаты» əдiсі;
- «түпдеректердi түсiндiру» əдiсі;
- семинар - iскерлiк ойын;
- оқылатын оқу пəндерiнiң ерекшеліктеріне сəйкес басқа да педагогикалық іс-əрекет
түрлерi болуы мүмкін.
3.4
Білім
алушылардың
орындауы
бойынша
лабораториялық
сабақтардың
тапсырмалары:
- оқытылатын теориялық курстарға сəйкес, таныстырылатын;
- формалды əдістер негiзiнде жаңа ақпаратты алу үшін талданатын;
- тəжірибелік жұмыстарды өткізу нəтижесінде жаңа ақпаратты алумен байланысты
шығармашылық, т.б. болып бөлінедi.
3.5 Лабораториялық сабақтарды өткiзудiң формалары:
- əр түрлi тəжiрибелердi жүргізу;
- алгоритмдерді əзірлеуі мен iске асыру;
- ЭЕМ бағдарламалары мəтіндерін жазу;
- құбылыстарды, жүйелерді, схемаларды, үдерістерді зерделеу мақсатымен талдау;
- қондырғыларды жəне техникалық құралдарды пайдаланумен үдерістердi зерттеу,
ұтымды шешiмдердi iздестiру т.б. педагогикалық іс-əрекеттер болуы мүмкін.
4 Практикалық жəне семинар сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге қойылатын
талаптар
4.1 Практикалық жəне семинар сабақтары оқу пəнiнiң жұмыс бағдарламаларына сəйкес
жоспарланады.
4.2 Практикалық жəне семинар сабақтары білім алушылардың академиялық тобының
құрамымен ұйымдастырылады, жүргiзiледi.
4.3 Практикалық жəне семинар сабақтары кафедра меңгерушi бекiткен əдiстемелiк
нұсқаулармен қамтамасыз етілуi керек. Сабақтарды өткiзуде əдiстемелiк нұсқаулардың
электрондық нұсқалары да қолданылады.
4.4 Семинар сабақтарына қойылатын ұйымдастыру-əдістемелік талаптар:
- семинар сабақтарын курстың сəйкес тақырыбы бойынша лекция оқылғаннан кейін
өткізу;
- семинар сабақтары жоспарларының курс бағдарламасына сəйкестілігі;
- зерделенген тақырыптың түйінді проблемаларын қамтитын айқын сұрақтарды
қалыптастыруы;
- семинарда қарастырылатын сұрақтардың шектеулі (2-3) болуы;
- сабақ жоспарына рефераттар мен баяндамаларды қамтуы;
- тақырып бойынша əдістемелік нұсқаудың болуы;
- сабақта демонстрациялайтын материалдардың (схема, плакат, диаграмма, техникалық
құралдардың жəне т.б.) болуы.
4.5 Семинар сабақтардың сапалық сипаттамалары:
- оқытушының ғылыми-теориялық деңгейіне;
- нақты сабаққа оқытушының даярлығына;
- сабаққа білім алушының даярлығына;
- түйінді сұрақтарды терең қарастыруға;
Достарыңызбен бөлісу: |