Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 164-беті
164
Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пəндер каталогы
негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің əр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу
жоспары;
Элективті пəндер каталогы - пəннің зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі
бөлімдер) жəне зерттеуден күтілетін нəтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі,
дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пəннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау
компоненттері бойынша барлық пəндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
Типтік оқу жоспары, МЖМБС негізінде жасалынатын, пəндер топтамаларының білім
беру бағдарламасындағы жүйелілігін жəне көлемін реттейтін, міндетті компонент пəндерінің
тізімі мен аз көлемді кредиттерін көрсететін, білім беру ұйымдарының уəкілетті
органдарымен бекітілген құжат.
Міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген жəне білім беру
бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пəндерінің жəне тиісті
кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
Таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері
таңдай алатын оқу пəндерінің жəне тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың)
ең аз көлемінің тізбесі;
Пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пəнді игеру үшін қажетті білім,
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пəндер;
Постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пəнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу
үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пəндер;
Эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық
тəлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының
қалыптасуына) жəне оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін
оқытушы;
3.2 Мағыналар мен қысқартулар
Бұл ережеде келесі мағыналар мен қысқартулар қолданылған:
ЭПК – элективті пəндер каталогы;
ƏК – əдістемелік кеңес;
ТОЖ – типтік оқу жоспары;
ЖОЖ – жеке оқу жоспары;
4 Сипаттама
4.1 Оқытудың кредиттік технологиясы білім алушылардың жұмыс оқу жоспары
енгізілген (ЖОЖ) жəне оларды тікелей қамтамасыз ететін жеке оқу жоспарын (ЖОЖ)
қалыптастыруға таңдау еркіндігін көздейді.
4.2 Элективті пəндер каталогын жасаудағы басты мақсат – білім алушылардың болашақ
кəсіби қызметінің ерекшелігін ескеріп, элективті пəндер каталогының қысқаша мазмұнды
бағдарламасымен таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
4.3 ЭПК Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты негізінде, Дублиндік дескрипторлардың жəне біліктіліктің Ұлттық ауқымдарына
сəйкес жасалады. Оған модульдік принциптер бойынша құрастырылған мамандықтар
бойынша кəсіби білім беру бағдарламалары, элективті пəндер: жалпы білім беру пəндері
(ЖБП) базалық пəндер (БП), кəсіптік пəндер (КП) кіреді.
4.4 Оқытудың жеке траекториясын анықтау үшін кафердралар еңбек нарығы талабын,
атап айтсақ, аймақтағы жұмыс берушілердің ұсыныстарын, вакансия өткізу жəрмеңкесін
ескере отырып элективті оқу пəндер тізімін құрастырады. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 165-беті
165
кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сəйкес элективті пəндер
кафедралар шығаратын мамандықтардың оқу жоспарына енгізіледі.
4.5 Элективті пəндердің əрбір блогы таңдауда кем дегенде 2 элективті пəндерді қамтуы
тиіс. Элективті пəндерді толық меңгеруі үшін 2-3 кредит болуы қажет. Элективті пəндер
каталогы жасау кезінде ҚР МЖМБС оқыту деңгейлеріне (бакалавриат, магистратура)
қойылатын талаптары ескеріледі.
Элективті пəндер каталогы мамандықтардың оқу жоспарына сəйкес оқу жылына
жасалады.
4.6 Оқу – əдістемелік бөлімі жəне кафедралар мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен
каталогтың құрылымының сəйкестігін тексереді.
4.7 Жаңа оқу жылында университет əдістемелік кеңесі əзірленген пəндердің элективті
каталогын қарап, бекітеді.
4.8 Əдістемелік кеңестің шешімімен бекітілгеннен соң, электронды нұсқасы баспа
орталығына жіберіледі. Кафедраларға таратылады.
4.9 Білім алушыларға құзіретті көмек көрсету үшін ойластырылған тұтас білім беру
траекториясын қалыптастыруда эдвайзерлер қызметі қарастырылған.
4.10 Элективті пəндерді таңдауда білім алушыларға оқу жылына оқу траекториясы
жəне ЖОЖ құруда кафедралар тағайындаған эдвайзерлер көмектеседі.
4.11 Эдвайзердің жұмысын жүйелеу факультет декандарының тікелей міндетіне кіреді.
Элективті пəндер каталогы мамандықтарын кафедралар келесі талаптарға сəйкес
əзірлеуі тиіс:
1. Элективті пəндер жалпыға білім берудің мемлекеттік стандартына сай білім
алушылардың кəсіби құзыреттілік шеберліктің қажеттілігіне сəйкес анықталады.
2. Элективті пəндерді зерттеу тəртібі академиялық қарым-қатынас логикасына жəне
зерттеу субъектілерінің тізбегіне, яғни пререквизит жəне постреквизиттер нұсқауымен
жүзеге асырылады.
3. Элективті пəндер типтік оқу жоспары циклымен, пəндердің қысқаша мазмұнымен,
кредиттер саны мен пəндер кодының нұсқауымен ұсынылған. Пəндер каталогының кодтауы
ҚР МЖБС 5.05.001-2005 «Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу
пəндерінің кодтау жүйесіне» сəйкес жүзеге асырылады.
5 Элективті пəндер каталогының құрылымы
5.1 Элективті пəндер каталогы келесі құрылымдарға ие:
- Мамандықтың типтік оқу жоспары;
- Əрбір курстың жеке элективті пəндер тізбесі;
- Элективті пəндер сипаттамасы
5.2 Элективті пəндер тізбесі модуль, пəндер коды, атауы, кредиттер саны мен оқу
семестрі нұсқауымен жасалады. (Қосымша В)
5.3 Элективті пəндер сипаттамасы келесіден тұрады: (Қосымша В)
- пəнді оқыту мақсаты;
- қысқаша мазмұны;
- пəндерді оқытуды күтілетін нəтижелер (білім, біліктілігі, дағдысы мен құзіреттілігі);
- пəннің пререквизиті;
- пəннің постреквизиті.
5.4 Элективті пəндер титулдық парақта келесі ақпаратты қамтуы тиіс. (Қосымша А)
- Министрлік жəне университет атауы;
- Университет əдістемелік кеңес төрағасының қолы жəне хаттама номері мен күні,
университет ресми мөрі қойылады.
- Элективті пəндер каталогы жасалынып жатқан мамандық атауы мен шифры;
- Оқыту деңгейі көрсетіледі (бакалавриат немесе магистратура);
Достарыңызбен бөлісу: |