Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет88/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 182-беті 
 
182 
 
Оқу  үрдісін  ұйымдастыру  мен  əдістемелік  жұмыс  жағдайын  тексеру  үшін 
университеттің құрылымдық бөлімшелеріне инспекциялық комиссия жіберуге. 
 
 
 
3.2 ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер  
1.1.Жас  Ғалымдар  Кеңесі  ерікті  түрде  тұрақты  қызмет  ететін  алқалық  орган  болып 
табылады. 
1.2  Университеттің осы ережесі талаптарының енгізілуіне ғылыми зерттеу жұмыстары 
жəне халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры жауапты болып табылады.  
1.3  АƏИУ-нің    ғылыми,  ғылыми-техникалық  жəне  инновациялық  саясатын  жүзеге 
асыру  жəне  қалыптастыру  аясындағы  жас  ғалымдар  арасындағы  ұйымдық  кеңес  болып 
табылады.  
1.4    Осы  ереже  бойынша  жас  ғалымдар  қатарына  35  жасқа  дейінгі  ғылыми 
қызметкерлер,  мамандар,  магистранттар,  PhD  докторанттар,  ғылым  докторлары  мен 
кандидаттары,  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысатын  университет  оқытушылары 
жатқызылады. 
1.5  Кеңес  университеттегі  жас  ғалымдар  мен  жас  ғалым  мамандар  көзқарастары  мен 
қызығушылықтарын қолдайтын ғылыми іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырушы ұжым болып 
табылады.  
1.6 Кеңесті ғылыми дəрежесі мен атағы бар төраға басқарады, аталмыш заңға қатысты 
төраға ректор бұйрығымен бекітіледі жəне босатылады. 
1.7  Кеңес заңды  тұлға  болып табылмайды жəне  өз  қызметін  университет  басшысымен 
бекіткен Жас ғалымдар Кеңесі туралы ережеге сəйкес іске асырады.  
 
2 Негізгі мақсаттары мен міндеттері  
2.1 Кеңестің негізгі мақсаттары:  
-  əлеуметтік  жəне  қолданбалы  тағылымдамаларда    олардың  ғылыми  зерттеу  іс-
əрекеттерін қолдап, жас ғалымдар талпынысына ықпал жасау;  
- жас ғалымдарға кəсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету; 
-  ғылыми əлеуетті дамыту жəне жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске 
асыру;  
-  университеттің  жас  ғалымдарының  кəсіби,  зияткерлік,  заңды  жəне  əлеуметтік-
тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау; 
- ғылыми білімді жəне ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау.  
2.2 Кеңестің негізгі міндеттері: 
-  жас  ғалымдарды  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеруге,  дайындауға,  оны 
тəжірибеге  енгізуге,  сонымен  қатар  тереңдетілген  ғылыми  зерттеу  қызметімен    айналысуға 
ынталандыру;  
-  университеттің  жас  ғалымдарының  кəсіби  өсуіне  ықпал  ету,  жастардың  ғылыми 
бастамаларын  дамыту  жəне  жас  ғылыми  кадрларды  университетте  тұрақтандыру. 
Университеттегі ғылыми жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс даярлау; 
-  жас  ғалымдардың  ғылыми  қызметінің  ұйымдастырылуы  мен  қаржылық  қолдау 
көрсетілуіне  жəне  олардың  Қазақстан  мен  шет  елдерде  өткізілетін  түрлі  ғылыми-зерттеу 
жобаларына, 
бағдарламаларға, 
ғылыми 
тағылымдамаларға, 
конкурстарға, 
ғылыми 
конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету; 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 183-беті 
 
183 
 
-  жас  ғалымдардың  ғылыми  зерттеулеріне  қолдау  көрсететін  (грант  бөлетін)  ғылыми 
жобалар,  бағдарламалар  мен  қорлар  туралы,  еліміз  бен  шетелдегі  ғылыми  жəне  білім  беру 
орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс жəне жақын шетелдерде өткізілетін  бейінді  іс-
шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру; 
-  үздік  ғылыми-техникалық  өнім  конкурсын,  ғылыми  конференциялар,  семинарлар, 
дөңгелек  үстелдер  ұйымдастыру  жəне  өткізуге  ықпал  ету,  жас  ғалымдарға  ғылыми 
мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету; 
-  жас  ғалымдарға  ҒЗЖ  əдістемесі  мен  əдіснамасын  меңгеруге  көмек  көрсетуге 
бағытталған  іс-шаралар  өткізу;  жас  ғалымның  ғылыми-техникалық  жəне  мəдени  өсуіне 
ықпал ету;  
- ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылым зерттеулері мен 
əзірлемелерінің ақпаратты мəліметтер базасын құру;  
-  жас  ғалымдарға  отандық  жəне  шетелдік  гранттарға  қатысу  үшін  белсенді  жұмыс 
істеуге,  магистратураға  түсуге,  импакт-фактор  журналдарда  мақала  жариялауға  кеңес  беру, 
зерттеу жүргізіп, диссертациясын қорғауға көмек көрсету;  
-  Жас  ғалымдарды  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  жəне  басқа  да 
министрліктердің  сыйақыларына  ізденушілікке  ұсыну;  дарынды  жас  мамандарға  мақсатты 
магистратураға түсуге қолдау көрсету; 
-  Жас  ғалымдардың  еңбегі,  тұрмысы  мен  демалысы  мəселелері  бойынша  өзінің 
ұсыныстарын ректоратқа білдіру; 
-  Жас  ғалымдардың  өздерінің  əлеуметтік  мəселелерін  шешуге  бағытталған 
бастамаларына қолдау көрсету. 
  
3 Жас ғалымдар кеңесінің құрамы  
3.1  Кеңестің  мүшесі  осы  Ережені  мойындайтын  35  жасқа  дейінгі  университеттің  жас 
ғалымдары, студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары бола алады. 
3.2  Кеңес мүшелігіне əр факультеттен деканмен бекітіліп 1 адам ұсынылады. 
3.3  Кеңес мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптар: 
- Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс; 
-  Қарым-қатынас  жасай  білу  жəне  ұйымдастыру  қабілеттері,  азаматтық,  жеке  жəне 
ғылыммен айналысу ұстанымының болуы, педагогикалық тактісі болуы керек. 
3.4  Кеңес  мүшелігіне  ұсынылған  факультет  өкілі  1  жылға  сайланады.  Алдағы  уақытта 
оның Кеңеске мүшелігі факультеттің шешімімен тоқтатылуы не ұзартылуы мүмкін. 
3.5  Кеңес  төрағасы  жас  ғалымдардың  жалпы  жиналысында  сайланады.  Кеңес  құрамы 
университет президентімен бекітіледі. Кеңестің құрамы 10-12 адамнан тұрады. 
3.6 Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы:  
- Кеңес қызметін басқарады;  
- Кеңестің шешіміне жəне басқа да құжаттарына қол қояды;  
- Кеңес мүшелері арасында міндеттерді бөледі;  
- Кеңесті  шақыру  жəне  оның  кезекті  отырысын  өткізу  мерзімі  туралы  шешім 
қабылдайды;  
- Кеңес отырысын өткізеді;  
- Кеңестің жұмыс жоспарын, отырыстың күн тəртібін жəне жұмысына қажетті басқа да 
құжаттарды бекітеді;  
- Кеңес қызметі туралы жылдық есептің дайындалуына басшылық жасайды;  
- Ғылыми жəне халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президентпен осы Ережеге сай 
байланыс  жасайды  жəне  Кеңестің  осы  Ережемен  бекітілген  қызметін  орындауға  жауапты 
болады. Төраға болмаған жағдайда Кеңес қызметін оның орынбасары басқарады.  
3.7 Кеңестің хатшысы:  
- Кеңес отырысының күн тəртібі жобасын жасайды;  


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау