114
баспасөз хатшысы телефон соғып, басшысының ойлана
келе сұхбатты жариялаудан бас тартқанын жеткізді. Пре-
мьер өзі айтқан жайттарды тек бейресми түрде таратуға
ғана рұқсат етіп отыр. Ал баспасөзде жарияланса, бұл
мақаланың ақыры коалициялық үкіметтің отставкасына
әкеліп соқтыруы мүмкін деп мазасызданады.
Баспасөз хатшысының өтінішіне қалай қарайсыз?
Бұл жағдай туралы кіммен ақылдасар едіңіз?
Егер оның айтқанына көнсеңіз, неден ұтасыз, неден
ұтыласыз?
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛ-
ДАР МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Пойнтер институтының дәйексөздерді «тәртіпке келтіру»
сайты:
www.poynter.org/column/asp?id=1&aid=2912
Дәйексөзге қатысты «Вашингтон Посттың» саясаты:
www.poynter.org/column/asp?id=45&aid=61190
«Диктофонға жазу керек па, керек емес пе?» деген сауалға
жауап:
www.poynter.org/column/asp?id=52&aid=15200
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
115
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
8-тарау
Ж
аңалықтарды
бағалау
және
Мақалалардың
стилі
Мақалаға тақырып
таңдай білу журналистік
шеберлікті таразыға
тартатын ең маңызды
мәселе ретінде өмір бойы
қала беретін шығар, сірә
ш
ын
мәнінде
«
жаңалық
»
дегеннің
не
екеніне нақтылы анық-
тама беру өте қиын. Алайда, мақалаға тақырып таңдай білу
журналистік шеберлікті таразыға тартатын ең маңызды
мәселе ретінде өмір бойы қала беретін шығар, сірә. Бұл
тарауда жаңалықтарды бағалау туралы айтылып, жиі қол-
данылатын мақалалардың түрлері сарапқа салынады.
Журналистердің басым бөлігі «ит адамды қапса», ол ешқан-
дай да жаңалық емес, ал «адам итті қапса», бұл – жаңалық
деген қарама-қайшы пікірмен келіседі. Неліктен? Өйткені,
иттің адамды қабуы өмірде жиі кездеседі, ал адамның итті
қабуы өте сирек, тіпті мүлдем болмайтын жайт.
Дегенмен, жазылып отырған нәрсенің жаңалық екенін анық-
таудың толып жатқан қарапайым тәсілдері бар. Қарапайым
тілмен түсіндірсек, жаңа деген – жаңадан болған нәрсе. Ол
не кездейсоқ оқиға болуы мүмкін, не жүріп жатқан тенден-
ция болуы мүмкін. әлдекім әлденені жеңіп алуы мүмкін не-
месе керісінше, жоғалтып алуы да ықтимал. Кикілжің туында-
уы немесе ол шешімін табуы мүмкін. Бір нәрсе салынған не-
месе қиратылған болуы ықтимал. әлдекім сәтсіздікке душар
болуы немесе табысқа жетуі де мүмкін.
Жақсы мақаланың басы, ортасы және соңы болады. Жақсы
мақала 3-тарауда қойылған сұрақтарға жауап береді: кім, не,
қашан, қайда, неге және қалай? Оқырман туралы және оны
сіздің мақалаңызды оқуға не мәжбүр еткені туралы ойлаңыз.
Айтарлықтай бір нәрсе болды ма? Ол жаңа нәрсе ме?
Қызықты ма?
116
Мақалаңызда көтергелі
отырған идеяның
тың екеніне көз
жеткізгіңіз келсе, барлық
жаңалықтан хабардар
болуға міндеттісіз
Түйткілді мәселе туралы мақала
Мақалаңызда көтергелі отырған идеяның тың екеніне көз
жеткізгіңіз келсе, барлық жаңалықтан хабардар болуға
міндеттісіз.
Журналистер қауымы үшін, соның ішінде жас журналистер
үшін ең үлкен қиындық қандай да бір проблеманың мақала
жазуға тұратынын не тұрмайтынын анықтау. Мақала қандай
да бір түйткілді мәселе туралы болуы мүмкін, алайда жеке-
дара ол проблема мақала бола алмайды.
Мақаланың айтар ойын талқылаған уақытта көптеген репор-
терлер қоғам өміріндегі қандай да бір түйткілді мәселенің
маза бермей жүргенін алға тартып, сол туралы жазғысы
келетінін айтады. Бұл себеп болуы мүмкін, алайда жалғыз
ғана себеп жеткіліксіз. Ондай проблемалардың арасын-
да кедейшілік, білім беру, қауіпсіздік ісімен байланысты
тақырыптар бар.
Журналист айрықша жайтты суреттейтін оқиға тауып, мақала
жазу үшін оның дамуы мен тенденциясын бағамдау үшін
терең қазбалай түсуі тиіс.
Жаңалыққа тұрлаулылық және оның соңына түсу
Материалды іріктеу процесіндегі елеулі құрамдас бөліктердің
бірі – жаңалықтар туралы хабардар болу. Мақалаңызда
көтергелі отырған идеяның тың екеніне көз жеткізгіңіз келсе,
барлық жаңалықтан хабардар болуға міндеттісіз.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып қойған мате-
риалдарды жазудың маңызы жоқ. Қысқа хабар немесе очерк
жаңа бір нәрсені мәлімдеп, жаңа бағытқа жол ашуы тиіс.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
117
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Үлкен оқиға болып
жатқан жерде
жаңалыққа тұрлаулылық
болуы заңдылық
Үлкен оқиға болып жатқан жерде жаңалыққа тұрлаулылық
болуы заңдылық.
Яғни, қандай да бір жаңа оқиға туралы хабарлауыңыз,
бір нәрсені жаңа көзқарас тұрғысынан суреттеуіңіз неме-
се жарияланған мәліметтерді байыта түсу үшін жаңа дерек
көздерін қосуыңыз мүмкін.
«Жаңалыққа тұрлаулылық» деген ұғым қандай жаңалықтың
қызығушылық тудыратынын, дәл сол сәтте тақырыптың ар-
найы талқылауға тұратынын немесе тұрмайтынын анықтау
дегенді білдіреді. Редакторыңыз бұрын газетте жарияланып
қойған нәрсені тағы да басудан бас тартуы мүмкін, сондай-
ақ редакторды жаңалықтар алаңынан тыс проблемалар аса
қызықтырмауы да мүмкін.
Дегенмен, біржақты жауап беру қиын, әр редактор жаңалыққа
тұрлаулылық мәселесіне қатысты әртүрлі көзқараста. Кейбір
журналистер жаңалыққа тұрлаулылық тұжырымдамасының
жалпылама көзқарас екенін, мұның бұқаралық ақпарат
құралдарын қатты шектейтінін алға тартады. Журналистер
тәуелсіз басылымдар жаңалықты өздері анықтауы тиіс деп
есептейді. Оқиғаның артына түсе берудің түкке қажеті жоқ
дейді ондай журналистер. Алайда, үлкен оқиға болып жатқан
жерде жаңалыққа тұрлаулылық болуы заңдылық.
Жаңалыққа тұрлаулылық ережесіне бағыну мақала негізгі
мәселелер мен маңызды проблемаларға негізделуі керектігін
білдіреді. Мақала ең маңызды жаңалықпен тікелей байла-
нысты болуы мүмкін, мәселен, премьер-министрдің өлі-
міне тікелей байланысты болуы мүмкін. Немесе белгілі
бір кезеңде жаңалыққа жатпайтын, бірақ қандай да бір
тақырыпты, мәселен, қоғамдағы зорлық-зомбылық пен қару-
Достарыңызбен бөлісу: |