96
Мақалада аты-жөні ата-
латын тұлғаның оқиғаға
немесе мақалаға қатысы
қай дәрежеде екені
түсінікті болуы – басты
шарттардың бірі
Қосымша ақпарат
Дереккөздер секілді мақалада аты аталатын адамдардың
дәл сол материалға қаншалықты қатысы бар екені түсінікті
болуы шарт. Мысалы, Кабулда өмір сүрудің қаншалықты
қиын екенін жазып отырып, көшедегі саудагерден сұхбат
алсаңыз, оны жай ғана «Абдулла, Кабулдың тұрғыны»
деп таныстырмай, «Абдулла Карими, 43 жаста, Кабулдың
шетіндегі ықшамауданда тұрады, әйелі мен он баласын
асырап-бағу үшін базарда CD дискілерді сатумен айналыса-
ды» деп берсеңіз, Абдулланың сөзі де нанымдырақ шығады,
мақалаңыз да қызғылықты болады.
Дәл сол сияқты жарылыс туралы жазып отырып, полицейдің
сөзін келтіретін болсаңыз, «полицияның айтуынша...» де-
геннен гөрі, «жарылыстан кейін дереу оқиға болған жерге
келген полиция қызметкері Пьер Дюпон былай деді...» деп
жазғаныңыз дұрыс.
6-тарау: Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу
97
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Контекстік нақтылаулар
Аудитория материалды оқып отырғанда кімнің кім екенін не-
месе не нәрсенің нені білдіретінін тәптіштеп түсіндіруді қажет
ете ме, жоқ па, міндетті түрде ескеріңіз. Контекстің көлемі
аудиторияға орай өзгеріп отырады. Дегенмен, кей тұстарда
онсыз материалды ұсыну мүмкін емес.
Мысалы, Сербия аудиториясы үшін Зоран Джиндич дегеннің
кім екенін айтудың қажеті жоқ, жай ғана «Зоран Джиндич,
соңғы премьер-министр» деп жазса жетіп жатыр. Ал егер
халықаралық аудиторияға бағыттап жазып отырсаңыз, онда
нақтырақ және кеңірек жазған дұрыс. Мысалы: «Зоран Джин-
дич, 2003 жылдың наурыз айында өлтірілген Сербияның
премьер-министрі» .
Кейде оқиғаның орны туралы мәлімет те қосымша мағ-
лұматты қажет етеді. Мысалы, «Бадахшан, Тәжікстанның об-
лысы» деп емес, «Бадахшан, Тәжікстанның Ауғанстанмен
және Қытаймен шекараласатын тұсында орналасқан таулы
аймақ» деп беру керек болады.
Мақалаңызға негізгі әрі маңызды деген қандай детальдар-
ды қосуға болатынын алдын ала ойлаңыз. Мысалы, апиын
өндірісі туралы мақалада ауғанның Гильменд провинциясы
аталатын болса, оның әлемдегі ең ірі есірткі өндірушілердің
бірі екенін қосу керек. Мысалы, «үкімет әскерлері Гиль-
мендке кіріп, егілген көкнәрдың көзін жойды» деудің орны-
98
Егер келтіріп отырған
дәйектеріңіз мән-жайды
жеткізуге жеткілікті
екеніне күмәніңіз болса,
ойланбастан олардың
санын тағы да
арттырыңыз
на, «үкіметтің күштік құрылымдары мемлекеттегі ірі апиын
өндіруші Гильменд провинциясына кіріп, егілген көкнардың
көзін жойды» деп жазған дұрыс.
Егер келтіріп отырған дәйектеріңіз мән-жайды жеткізуге
жеткілікті екеніне күмәніңіз болса, ойланбастан олардың са-
нын тағы да арттырыңыз. Бұл редакторыңызға көрсетілген
мән-жайдың ішіндегі ең дұрыс дегендерін таңдап алуға
мүмкіндік береді. Ал егер оқиға орны мен оған қатысы
бар адамдар туралы нақтылайтын мән-жайды жазбаған
болсаңыз, сіз үшін мұны редактор жасай алмайды.
Бояу және дауыстар
Материалыңыздың мазмұнын оқырманға жеткізу үшін барлық
сезім мүшелеріңізді қолданыңыз. әдеби туындыны жазудың
классикалық ережесі оқиғаны неғұрлым көркем сипаттау
болса, журналистика үшін де дәл осылай болып қалып отыр.
Яғни, оқиға орнын жандандыру үшін бояуды, адамдардың
дауысын және басқа да мән-жайды тегіс суреттеу керек де-
ген сөз.
Жақсы журналист оқиғаны шынайы етіп көрсету үшін бо-
лымсыз ғана айқындаушы детальды тауып, қолдана ала-
ды, ол деталь көшедегі шу, ауаның иісі, шекара күзетіндегі
6-тарау: Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу
99
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
жауынгердің маңдайынан сорғалаған тер тамшысы болуы
мүмкін. Репортерлік міндетіңізді атқара отырып, материалы-
ңызды тікелей куәгердің сөзімен аяқтау үшін ең оңтайлы
дәйексөзді таңдай білуде де жаңылмаңыз.
7-тарауда жан-жақты айтылатын дәйексөздер жай ғана
ақпараттан гөрі көбірек мүмкіндік береді; дәйексөз оқырманды
ойша оқиға орнына алып барып, сіздің мақалаңызды әсерлі
ете түседі.
Көлемді мақалалар, әсіресе американдық газеттерде жа-
рияланатын ауқымды мақалалар бір оқиға арқылы барлық
мәселенің әлеуметтік маңыздылығын көрсету үшін көп
жағдайда проблеманы суреттейтін кішкентай көріністі сипат-
таудан басталады. Бұл тәсіл «кейінге қалдырылған соққы» деп
аталады. Мысалы, мерзімінен кешігіп жеткен гуманитарлық
көмек туралы мақаланы босқындар лагеріндегі күнкөріс
үшін күрестің қалай жүретінінен бастауға болады. Осылай-
ша, құрғақ баяндаудан тұратын бюрократиялық мақаланы
оқырман үшін қызғылықты репортажға айналдыруға болады.
100
ЖАТТЫҒУЛАР
Осы тарауда оқып-білгендеріңізді ойда сақтауға арналады.
Нақты мән-жай немесе кішкентай бөлшектен оқырманға
мақаланың неліктен «жаңалыққа» жататынын түсіндіру
үшін керек. Сондай-ақ, ол «Онда тұрған не бар екен?» де-
ген сауалға жауап беруге көмектеседі.
Материалда қысқарған сөздерді мүмкіндігінше аз пайда-
лануға тырысыңыз. Бірақ, қандай да бір ұйымның ата-
уы ұзақ болса әрі жиі қайталанатын болса, қысқартылған
түрінде беруге тура келетінін естен шығармаңыз.
Контекстік нақтылаулардың белгілі бір дәрежеде мәні бар.
Дегенмен, ондай нақтылаулар әр топтағы оқырманның
қажеттілігіне қарай қолданылуы керек. әр жағдай жеке
критерийлер бойынша бағаланады.
Түрлі бояулар мақаланы жандандыруы мүмкін, бірақ оны
аса сақтықпен және шеберлікпен қолданған жөн.
Төмендегі мысалды әріптестеріңізбен бірге талқыға салып,
мақала құрастырудың ықтимал тәсілдерін ойластырыңыздар.
Сіз Суданда жұмыс жасайтын репортерсіз делік. Гуманитар-
лық көмектің аштан өлгелі жатқан халыққа жетпеуі наразылық
тудырды. Лагерьлерге көмек жетпей жатыр, жағдай жантүр-
шіктірерлік. Өзіңіз де жаңа ғана лагерьлердің біріне барып
6-тарау: Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу
Достарыңызбен бөлісу: |