118
Өзіңіз қызмет ететін
газетпен қатар, міндетті
түрде бәсекелестеріңіздің
басылымын және өз
көзқарастарыңызға
қайшы газеттерді
де оқыңыз
жарақ қолданудың кеңінен таралуын барынша жан-жақты
жариялауға ықпал етуі ықтимал.
Өзіңіз қызмет ететін газетпен қатар, міндетті түрде
бәсекелестеріңіздің басылымын және өз көзқарастарыңызға
қайшы газеттерді де оқыңыз.
Көп жағдайда мақаланың кіріспе сөйлеміне түзету енгізу
арқылы редакторлар материалды өзекті жаңалыққа сәй-
кестендіруі мүмкін. Алайда, оқиғаның дамуы қарқынды
жүретін болса немесе жаңалықтың себебі ескіріп қалса,
материалыңыздың нөмірден түсіп қалуы мүмкін екенін естен
шығармаңыз.
Қалай болғанда да, кез келген уақытта басты жаңалықтарды
білуіңіз қажет. Жаңалыққа тойымсыздық журналистің ең
маңызды міндеттерінің бірі. Оқуға мүмкіндігіңіз бар нәрсенің
барлығын оқыңыз. Оқи алатыныңыздың бәрін оқыңыз. Өзіңіз
қызмет ететін газетпен қатар, міндетті түрде бәсекелестеріңіздің
басылымын және өз көзқарастарыңызға қайшы газеттерді
де оқыңыз. Басқа елдерден келетін газеттерді де қалт
жібермеңіз, интернет желісін кезіңіз. Қадағалап отыруыңызға
тиісті бұқаралық ақапарат құралдарының тізімін жасап алып,
оларды ұдайы қарап шығуды дағдыға айналдырыңыз. Соны-
мен қатар, электронды ақпарат құралдарын да қадағалаңыз.
әсіресе, ертеңгі және кешкі басты жаңалықтарды жіберіп
алмаңыз.
Әркімнің өз талғамы бар!
Адамдарды қандай типтегі мақала қызықтыруы мүмкін екенін
қалай түсінуге болады? Жауап қарапайым: адамның біліміне,
кәсіби деңгейіне және қай жерде тұратынына қарай, олардың
қызығатын тақырыптары да әртүрлі болып келеді.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
119
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сонымен, бірінші ереже – өз аудиторияңыздың қызығушы-
лығын ескеру. Аудитория сіздің мақалаңызға қызығушылық
таныта ма? Елдің ол туралы білуі міндетті ме? Мәселен,
халықаралық аудитория үшін жол апаты болып, екі адамның
қаза тапқаны туралы оқу түк те қызық емес. Ал егер ол
екеудің біреуі шетел азаматы немесе бүкіл әлемге танымал
тұлға болса, онда әңгіме басқа.
Дегенмен, кейбір мақалалар халықаралық аудиторияны жер-
гілікті бояуымен баурап алуы мүмкін, керісінше, жергілікті
аудитория оған ешбір селт етпеуі мүмкін. Мәселен, Фарер
аралдарындағы кит аулау шарасы; туристер үшін тартымды
курорт; қызықты археологиялық ерекшелік немесе жергілікті
ұлттық фестиваль.
Көлік апаты жол жағдайының нашарлығы туралы очеркті
туындатуы мүмкін. Немесе соңғы оқиғадан кейін жолдар-
ды жөндеу мәселесі көтеріліп, өзге де қауіпсіздік шаралары
қарастырылып жатқан болуы ықтимал. Очеркке тақырыпты
кез келген жерден табуға болады, тек оларды іздеу керек.
Жақсы журналист очерк тақырыбын табу үшін көзін, құлағын
және өз эрудициясын пайдаланады.
120
Мақалалардың түрлері
Көптеген ақпарат агенттіктері мақаланың негізгі төрт түрін
көрсетеді, IWPR-дың тәжірибесінде де солай. Қалай
болғанда да, қандай түрдегі мақала жазу қажеттігін білуіңіз
тиіс:
Жаңалыққа құрылған мақала – оқиғалар немесе тен-
денциялар туралы жаңалық. Мұндай мақала өткір және
тепе-теңдікке құрылған болуы тиіс. Салыстырмалы түрде
алғанда, көлемі де қысқа болады.
Очерк – оқиғаны, тенденцияны, оқиға болған жер мен
оған қатысы бар тұлғаны жан-жақты суреттеуге мүмкіндік
беретін кеңейтілген мазмұндама («фичерз» деген атпен
де белгілі).
Ақпараттық-сараптамалық мақала – басты кейіпкерлер
мен мамандардың аузынан шыққан дәйексөздерге сүйену
арқылы оқиғалар мен тенденцияларға талдау жасау;
талдау болғаннан кейін пікірлер де болуы мүмкін, алай-
да олардың жан-жақтылығын қамтамасыз етіп, байсалды
және ұстамды болуына назар аудару керек.
Комментарий – оқиға туралы қандай да бір тараптың
көзқарасын білдіретін біржақты пікір немесе нақтылы дә-
йектер. Сондай-ақ, мәселені қайда бағыттауды көрсететін
ұсыныстар болуы да мүмкін.
Мақалаға тақырып таңдауда материалдың қандай болаты-
нын журналист өзі міндетті түрде білуі керек, оған қоса ре-
дактормен ақылдасқан жөн.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
121
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Жаңадан болған
оқиға, яғни ұшақ апаты,
саясаткерлердің өлімі
немесе жаңа тұтанған
соғыс қана жаңалық
бола алады
Жаңадан болған оқиға, яғни ұшақ апаты, саясаткерлердің
өлімі немесе жаңа тұтанған соғыс қана жаңалық бола алады.
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институтқа
арналған мақалалардың дені – жаңалыққа құрылған мақа-
лалар мен очерктер. Оларда тұрақты талдаулар болады.
Комментарийлер сирек шығады. Болған күнде де оны таны-
мал журналистер мен көпшілік мойындайтын сарапшылар
ғана жазады.
Бейтараптық қағидасына берік болу үшін түрлі мақалалардың
арасында белгілі бір шек болуы керек. Ең бастысы, жа-
ңалықтар мен комментарийлер бөлек-бөлек орналастыры-
луы тиіс.
Жаңалыққа құрылған мақалалар
Мұндай мақалалар жедел (немесе күтпеген) жаңалықтар
және жоспарлы жаңалықтар болып бөлінеді. Соңғысы кейде
«күнтізбелік» материал деп те аталады. Өйткені қандай да
бір іс-шараның қашан болатынын білетін бұқаралық ақпарат
құралдары оларды жариялау үшін алдын ала өз күнтізбесіне
енгізеді.
1. Жедел жаңалықтар дегенді көпшілік төтенше жаңалықтар
деп түсінеді. Ол көбінесе енді ғана болған оқиға болуы
мүмкін: ұшақ апаты, саясаткерлердің өлімі, дауыл салда-
рынан тұрғын үйлердің қирап қалуы, соғыс өртінің тұтануы,
аймақтағы күшті жер сілкіністері, вулканның атылуы және
тағы басқалар. Тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңалық ар-
налары оларды «тосын жаңалықтар» деп атайды және
көрермендердің назарын аудару үшін экранда мәтіннің
астынан қызыл жолақ жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |