101
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
келдіңіз, дағдарысты жағдайға қатысты өз пайымдауыңыз
бар. Мақаланы қалай жазуды ойластырып отырған кезіңізде
Қызыл Крестен бір шенеунік телефон соғып, осы жағдайға
байланысты бұрын жарияланбаған есептің сүйінші данасын
ұсынды. Есепте гуманитарлық көмекті бөлу процесі қатаң
сынға алынып, жағдайды жолға қоюға қатысты ұсыныстар
берілген екен. Енді сіздің қолыңызда өте жақсы есеп бар
және шынайы жағдай туралы өз көзіңізбен көріп келгеніңіз
тағы бар.
Мақалаңызды ары қарай қалай құрастырасыз?
Шынайы жағдайды сипаттау мен есептегі «жаңалық
деректерінің» ара-қатынасы қандай болуы керек?
Мақалаңыздың бір нұсқасы Африканың халқына, ал
екіншісі американдық аудиторияға бағытталады. Осы
екі нұсқаның қайсысында қандай мән-жайлар толық
көрсетілуі керек?
102
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Пойнтер институтының сайтынан алынған жазу және редак-
циялау үшін қажет көмекші құрал:
www.poynter/org/cjntent/content__view/asp?id=
31907&sid=2
«Қалай жақсы жазуға болады?» әдеби емес туындыларды
жазуға жәрдемдесетін классикалық нұсқаулық, Вильям Зин-
сер (William Zinsser), (Харпер Коллинс баспасы).
6-тарау: Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу
103
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
7 - тарау
д
әйеКсөздер
Келтіру
Дәйексөз сөздің
мәнін келтіріп,
мағынасын
аша түседі
д
әйексөз
де
тағамға
қосатын
тұздық
іспеттес
.
Дәйексөз
сөздің мәнін келтіріп, мағынасын аша түседі. Бұған қоса,
олардан келетін қауіп те бар. Дәйексөзді шамадан тыс
қолдану мақалаңызды «бір-бірінен ажырата алмайтын бірне-
ше дауыстың бірігуінен тұратын бытыраңқы» дүниеге айнал-
дырады.
Дәйексөздің екі түрі бар: тура және жанама
Тура дәйексөз
Тура дәйексөз дұрыс қолданылған жағдайда қандай да бір
көзқарасты тура және батыл жеткізеді. Ол жанама дәйексөзге
қарағанда жақсы қабылданады.
«Мистер Смит, сіз неліктен сонша көп адам өлтірдіңіз? Неге
сіз біздің қызымызды және оның әпкелерін зорладыңыз?» –
Бірнеше тәуелсіз куәгердің айтуынша, делегаттардың бірі
Барбара Браун ашуланып тұрып осылай деген.
Мұндай дәйексөз төменде келтірілген жанама дәйексөзге
қарағанда әсерлілеу болады:
Тәуелсіз куәгерлердің айтуынша, Барбара Браун мистер
Смиттен неге оның көп адамды өлтіріп, көптеген әйелдерді
зорлағанын сұраған.
104
Тура дәйексөзге өзгеріс
енгізіп, өз сөзіңізді қосуға
ешқандай да хақыңыз
жоқ, оны сол күйінше
беру – өзгермейтін ереже
Дегенмен, жанама дәйексөздің артықшылығы – айтылған
сөзді қысқаша түрде баяндап беруге болады. Тура дәйексөз
бар жерде сөз көбейіп кететіндіктен, ондайда жанама
дәйексөзді қолдану тиімдірек болып есептеледі. Сол себепті
кейде (егер әңгіме драмалық немесе трагедиялық жағдайға
қатысты болмаса) жанама дәйексөз қолайлырақ болуы
мүмкін.
Тура дәйексөзге өзгеріс енгізіп, өз сөзіңізді қосуға ешқандай
да хақыңыз жоқ, оны сол күйінше беру – өзгермейтін ере-
же. Тырнақшаға алынған сөйлем сұхбат немесе түсініктеме
берушінің айтқанымен дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Тура
дәйексөзді қолданғанда оқырман бұл сөздердің сол адамның
аузынан шыққанына көзі жетуі керек.
Ол сөздерді өзгерту – бұрмалау деген сөз. Егер әңгіме-
лесушінің сөзін толықтай жазып алмаған болсаңыз немесе
таспаға түсірмесеңіз, онда тура дәйексөзді қолдана алмай-
сыз. Бұл ережелерді бұзу дегеніміз – қалыптасқан тәртіп пен
этикалық нормаларды бұзумен бірдей; ондай қадамға барған
жағдайда келешекте дәл сол дереккөзден ғана емес, басқа
ақпарат көздерінен де мәлімет алу мүмкіндігінен айырыла-
сыз.
Тура дәйексөз айрықша жағдайлар мен қайғылы оқиғалар
туралы ақпаратты дәл жеткізу үшін пайдаланылуы керек.
Егер көлемі ұзақ болса, тура дәйексөзді ресми тұлғалардан,
жоғары дәрежелі шенеуніктерден алынғаны үшін ғана
толықтай қолданудың қажеті жоқ. Лауазымды тұлғаларға
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
105
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
жағыну үшін де олай жасауға болмайды. Тура дәйексөз
келтірмесе болмайтын тұстарда ғана беруге тырысу керек.
Онда да негізгі сөздер мен сөйлемдерді келтіре отырып,
әсерді күшейту үшін тура дәйексөз бен жанама дәйексөзді
қосып жітеруге болады. Тура дәйексөзді мәтінге қатысы
жоқ жерде пайдаланбауға тырысыңыз, әйтпесе олардың
мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін.
Жанама дәйексөз
Дәйексөзді түгел келтірмеу немесе жанама сөз шектеулі
кеңістікке көлемді ақпаратты сыйғызу қажет болғанда
қолданылады. Тура дәйексөзден ерекшелігі, репортер
сұхбат берушінің сөзін өзінің қалауынша жинақтап, топтас-
тыра алады. Осылайша, берілу тәртібін өзгерту арқылы
айтылған мәселелердің біріне баса назар аудартуға бола-
ды. Кейде сұхбат беруші шашыраңқы сөйлеуі мүмкін, ал жа-
нама дәйексөзде оның ойы жинақталып, қисынға келтіріліп,
нақпа-нақ беріледі. Алайда, бұл тәсілді тек сөйлемді
түсінікті және қысқа жеткізу үшін ғана қолдануға бола-
ды, әңгімелесуші адамның айтқан ойын өзгертуге немесе
бұрмалауға болмайды.
Төменде келтіріліп отырған тура дәйексөзге және дәл сол
ақпараттың ықшамдалып, жанама сөз ретінде берілген
нұсқасына назар аударыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |