122
2. Жоспарлы жаңалықтар, аты айтып тұрғандай, алдын ала
жоспарланады (жоғарыда айтылғандай, олар көбінесе
кеңселік күнтізбеде болуы мүмкін). Олар бастапқы жоспар-
ға сәйкес қарастырылған оқиғалар кестесінің төңірегінде
өрбиді: мемлекет басшысы жолдау жасайды немесе ком-
паниялар өткен жылғы қаржылық нәтижелер туралы ба-
яндамасын жариялайды. Сондай-ақ, мерейтойлар мен
айтулы күндер туралы мақалалар жазу да жақсы сылтау.
Мысалы, тарихи оқиға туралы, тәуелсіздіктің 10 жылдығы
жөнінде немесе трагедиядан кейінгі онжылдық турасында
болуы мүмкін.
Мұндай мақалаларды жазу үшін күнібұрын керекті материал-
дар жинаған дұрыс. Алайда, кездейсоқ жайттардың көп бо-
латынын есте сақтаған жөн: тосын жаңалықтар жоспарлы
жаңалықтарды дайындауға кедергі келтіруі ықтимал. Мыса-
лы, президентке ел алдында сөйлеп тұрған кезінде қастандық
жасалуы мүмкін немесе сөз сөйлеуші алдын ала дайындалған
баяндамадан ауытқуы мүмкін. Журналист оқиғаның осылай-
ша өрбуіне де дайын болуы керек. Жоспарлы жаңалықты күні
бұрын дайындап, тексерместен тапсырған журналистер ара-
сында кенеттен болған өзгерістер туралы бәсекелестерінен
біліп, басы дауға қалатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай
репортаждар оқырманды немесе тыңдарманды шатастыра-
ды. Жалпы, жақсы репортер алдын ала күтпеген оқиғаларға
дайын болуы тиіс.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
123
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Очерктер
1. «Зерттеу» очерктері. Кейде мақаланың өзі жаңалық бо-
лып шығады. Мәселен, ешқандай жаңалығы болмаса да,
мақалаға орай жүргізілген тексерулердің нәтижесі біздің
көзқарасымызды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондай-ақ,
болып кеткен немесе болып жатқан оқиға туралы жаңа
деректерді жария етуі ықтимал.
Ірі қақтығысты жағдайлардан кейін журналистер оқиғаға
қатысушы саясаткерлерден, елшілерден, генералдардан
алынған ақпараттарға негізделген кітаптар шығарып, ауқым-
ды мақалалар жариялайды. Соғыс әлдеқашан аяқталғанына
қарамастан, бұл репортерлар оқиға барысын біз бұрын
ойламаған аспектіде түсіндіруі мүмкін.
Кейде «зерттеу» очерктері өндірістік қоймалардағы қылмыс-
тық әрекеттерді, әлеуметтік азшылықтардың проблемасын,
күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқан экологиялық
дағдарыс, білім беру ісіндегі оң өзгерістер туралы мән-
жайды ашуы мүмкін. Бұндай мақалалардың өзгешелігіне кел-
сек, міндетті түрде шарықтау шегі болады. Сондай-ақ, жур-
налист мәселені тереңдеп қазбалаған сайын мақаласында
жаңалық ашады.
Халықтың басқа адамдардың өміріне әрдайым қызығушы-
лықпен қарайтынын естен шығармау керек.
124
Халықтың басқа
адамдардың
өміріне әрдайым
қызығушылықпен
қарайтынын естен
шығармау керек
2. Оқырмандардың кең көлемі үшін танымал және қызықты,
өзіндік бояуы бар очерктер. Олар көңіл көтеру бағытында
болуы мүмкін. Мұндай очерктерді жазу журналистердің жазу
шеберлігін қалыптастырады. Оларда «өзекті жаңалық»
болуы міндетті емес. Көпшілік үшін қызықты очерктер
ақпараттық болуы да мүмкін; мәселен, саяси көшбасшы, са-
яхат немесе тағам туралы. Спорттық және көңіл көтеретін
іс-шаралар да танымал тақырыптардың қатарында. Он-
дай материалдар «адамның қызығушылығын оятатын»
мақалалар деп те аталады. Сайып келгенде, жақсы мақала
атану үшін міндетті түрде терең және маңызды болу
міндетті емес. Мерзімді басылымдар үшін очерк жазудағы
ең басты қағида жақсы идеяның болуы және мұқият зерт-
теу жүргізу. Жазуға кіріспес бұрын тақырыпты мұқият тал-
дап алу қажет. Сосын мақаланы шиеленісті әрі тартымды
етіп жазып шығуға болады. Очерктің құрылымы қисынды,
қорытындысы қызықты болуы шарт.
Очеркте кең ауқымды мәселені суреттеу үшін өзіндік
тақырыптан немесе тенденциядан бастауға болады.
Мысалы, халықтың ауылдан қалаға кетіп жатқанын жазбақ
болсаңыз, нақтылы бір ауылды тауып, сол ауылдың тұр-
ғындарын сөйлетіңіз. Олар мәселені жандандырып, тығы-
рықтан шығу жолдарын көрсетуі мүмкін. Халықтың басқа
адамдардың өміріне әрдайым қызығушылықпен қарайтынын
естен шығармау керек.
Егер қандай да бір жоба туралы жазғыңыз келсе, сол
жобаға тікелей қатысы бар адамдардың аузымен суреттеуге
тырысыңыз. Кез келген тақырыпты жазғанда адамшылықтан
аттамауды ойлаңыз.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
125
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кез келген көріністі статистикалық мәліметтермен және жан-
жақты ақпаратпен толықтыруға болады. Алайда, олардың
адамға әсер-ықпалы қаншалық екенін суреттемейтін болса-
ңыз, ол өте сұрақсыз болып шығуы мүмкін.
Ақпаратты-сараптамалық мақала
Жаңалыққа құрылған мақаламен салыстырғанда, ақпаратты-
сараптамалық мақалада оқырманға көп мағлұмат беріледі.
әдетте журналист мәселенің егжей-тегжейіне терең бой-
лап, көп түсініктеме беруге тырысады. Дегенмен, оқиғаның
дамуы туралы тез арада мақала жазып шығу оңай да емес.
Мұндай жағдайда дерек жинау, сәт сайын өзгеріп отырған
оқиғадан хабардар болу едәуір қиындық тудыруы мүмкін
(мысалы, жарылыс салдарынан қаза табушылардың саны
сәт сайын артуы мүмкін). Мұндай мақаланы оқыған уақытта
оқырман оның не үшін маңызды екенін аңғаруы шарт (яғни,
«онда тұрған не бар екен?» деген тесттен өтуі тиіс). Алайда,
мұндай мақалалар алғашқы маңызды деректерден кейін жа-
салатын талдаумен араласпауы керек.
Оқиға басылып, жаңа жайттар толықтай жарияланғаннан
кейін тақырыпқа қайта оралып, жеке сараптамалық мақала
жазуға болады. Бірақ, кәдімгі мақаладан көлемі сәл ғана
үлкен және көбірек контекстік детальдары бар мақаланы
«сараптамалық мақаламен» шатастыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |