96
11
– бөлім
Мектептік тамақтану
проблемаларын шешу
жолдары
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ҮШІН КЕЛЕСІ
МƏСЕЛЕЛЕРДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК:
9
Мектептік тамақтану жағдаятын сараптау: кезектегі проблемалар
жəне бұл проблемалаларды шешудің маңыздылық дəрежесі мен
қиыншылығы.
9
Мектептік тамақтанудың маңыздылығын жəне ұйымдастырудың
қажеттілігін сараптау.
9
Мектептік тамақтану проблемалаларын шешу мүмкіндіктерін
сараптау.
9
Өзге елдер тəжірибесін ескере отырып проблемаларды шешу
жолдарының тиімдісін мен ұтымдысын таңдау.
9
Мектептік тамақтану бағдарламасын қабылдау.
9
Бағдарламаны жүзеге асыру.
97
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЯТЫН
САРАПТАУ
9
Жергілікті қаржыдан 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ
беруді ұйымдастыруда белгілі бір тəжірибе жинақталынған.
9
Кейбір өлкелерде (Алматы, Қапшағай, Астана, Актөбе, Қарағанды,
Қостанай, Ақтау, Павлодар, Шымкент) «Тетра-Пакпен» бірлесіп
«Мектептік сүт» бағдарламасы (70 мың оқушылар қамтылған) басталды.
9
Алматы облысынды балалар жəне емдəмдік тағамдарды өндіретін
өнеркəсіп орнының құрылысын салу жоспарлануда.
9
75% мектептерде дəмханалар жоқ, 45% мектепте асханалар жоқ,
60% мектептік асханалар технологиялық жабдықтармен жəне мебельмен
қамтамасыз етілмеген.
9
44% оқушыларға мектептерде ыстық тамақ берілмейді.
9
25% мектеп мектептік тамақтануға ыңғайлыландырылған
жайларды пайдаланады.
9
32% мектеп тасымалданатын суды қолданады.
9
Мектептік тамақтанудың мемлекеттік бағдарламалары жоқ.
9
Мектептік тамақтану индустриясы құралмаған.
9
Мектептік тамақтанудың ғылыми негізделінген стандарттары жəне
оқушылардың тамақтану стандарттарын бағалау жүйесі қабылданбаған.
9
Мектептік тамақтану жөнінде бірқатар нормативтік құжаттар жасау
жəне қабылдау қажет.
9
Мектептік тамақтардың сапасы мен қауіпсіздігін анағұрлым
жақсартуды керек етеді.
9
Мектеп ас блоктарының жұмыскерлерін, мұғалімдерді,
оқушыларды жəне ата-аналарды мектептік тамақтану мəселелері бойынша
оқыту жүргізілмейді.
9
Түрлі арнаулы топтарды оқытуға арналған оқу материалдары жоқ.
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
9
Мектептік тамақтануды ұйымдастыру маңыздылығы келесі
факторлармен анықталынады:
98
9
Тамақтану ұлттың денсаулығын айқындайтын базалық факторға
жатады. Балалық шақтағы жəне мектептегі жылдардағы салауатты
тамақтану денсаулық пен салауаттылықты өмір бойы қамтамасыз етеді.
9
Мектептік тамақтануды қанағаттанғысыз ұйымдастыру
балалардың, ал содан кейін бүкіл əлеумет проблемалаларының
негізгілерінің бірі болып саналады.
9
Оқушылардың толыққұнды тамақтануы – білім беру саласының
міндетті элементі ғана емес, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығының
негізі жəне олардың дене мен ақыл-ой дамуының толыққұнды дамуы үшін
қажетті жағдай.
9
Өсу жылдамдығының жоғарылығы жəне ақпараттық, психикалық-
эмоционалдық жəне ақыл-ойға түсетін салмақ қазіргі оқушыдан тамақпен
бірге тағамдық заттардың жеткілікті мөлшерде түсуін талап етеді, əсіресе
оның ішінде белок, витаминдер мен микроэлементтер.
9
Мектеп кезеңі адам ағзасының дамуының маңызды кезеңі болып
саналады, өйткені бұл кезде сүйек қаңқасы мен бұлшық ет дамуы
аяқталады, жас өспірімдердің жыныстық жетілуінің негізін құрайтын
жүйке-гормоналдық өзгерістер шұғыл түрде жүріп жатады, оқу
процесстерімен тығыз байланысты жүйке-психикалық салада саналы
өзгерістер басталады. Мектеп жасындағы дене салмағының өсіп-ұлғаюы
өзінің қарқындылығы жағынан тек балалықтың ерте кезеңімен ғана
салыстыруға болады.
9
Тиімді мектептік тамақтану дұрыс өсіп дамуға, оқушылардың
ауруларының алдын алуға жəне олардың денсаулығын жақсартуға ықпал
етеді. Тамақтану мен оқудың тығыз байланыстылығы тиянақты
дəлелделінген. Оның ішінде, рационалды мектептік тамақтану
иммунитетті жəне ағзаның қорғану қабілетін көтереді, денсаулық
көрсеткіштерін мен оқушылардың үлгерімін жақсартады, еңбек ету
қабілетін арттырады, сабақ барысындағы шаршауды төмендетіп, оқу
тиімділігін күшейтеді.
9
Тиімді мектептік тамақтанудың оқушылар арасында таралуы
жоғары келесі аурулардың алдын алуға жəрдемдеседі; асқазан-ішек
жолдары аурулары, гипотрофия, семіздік, жүрек-қан тамыр патологиясы,
диабет, анемия жəне т.б.
9
Мектеп кезеңіндегі саулықты тамақтану өмірдің ұзартылуы мен
ересектердің көптеген созылмалы ауруларының пайда болу
ықтималдылығын азайтады.
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АЛДЫҢҒЫ
ҚАТАРЛЫ МІНДЕТТЕРІ
99
9
Балаларды мектептік ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қажетті
жағдайлар тудыру. Бұл орайда көптеген мектептерде асханалар не/немесе
дəмханалардың жоқтығы, немесе олардың талапқа сай болмауы, тамақтық
бөлімдерін жаңадан соғу немесе жаңғырту, ескірген жабдықтар мен
мебелдерді ауыстыру керектігі ескеріледі.
9
Мектептік тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
оған қоса мектептік тамақтану стандарттарын жасау, барлық мектептерде
ыстық, дəмді, саулықты жəне қауіпсіз тамақтар жасауды ұйымдастыру,
оқушылардың тамақтану стандарттарын бағалау жүйесін ендіру.
9
Мектептік тамақтану индустриясын тез жəне сапалы түрде тамақ
əзірлеуге мүмкіндік беретін жаңа технологиямен жасау. Қазіргі заманғы
технологияны ұйымдастыру жəне тамақ жасау өндірісін басқару дегеніміз
тағамдық жəне шикізаттық өнімдердің сапасын қадағалау, тиімді
менеджемент, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дұрыс
тамақтануды кеңінен насихаттау. Бұл жалпыұлттық міндеттемелерді
оңтайлы шешу осы процесске қатысушылардың барлығының өне бойы
үйлесімді жұмыс істеуін қажет етеді. Бұл кешенді жұмыс барысында
əлемдік тəжірибені іздену мен қолдану – керекті жағдай жəне бағдар шам
болып табылады.
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУДЫ РАЦИОНАЛДЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ПРИНЦИПТЕРІ БОЙЫНША:
9
Рациондардың энергетикалық құндылығы жағынан балалар мен
жасөспірімдердің энергия жоғалтуына сай келуі.
9
Рациондардың барлық негізгі жəне минорлық құрамдас бөлшектері
жағынан толыққұндылығы: белоктар мен амин қышқылдары, тағамдық
майлар мен май қышқылдары, тағамдық талшықтар, минералдық тұздар
мен микроэлементтер, көмірсулардың түрлері жағынан, витаминдер жəне
витамин тектес заттар, биофлавоноидтар, нуклеотидтер жəне басқалар.
9
Рациондардың түрлерінің көптегі оған барлық тағамдық топтардың
кіруі бойынша жасалынуы.
9
Тамақтану режимінің тиімділігі.
9
Тағамдық заттардың құндылығы мен оның бағалылығын
қамтамасыз ететін тағамдық заттарды арнаулы кулинарлық өңдеуден
өткізу.
9
Балалардың жеке бастарының өзгешеліктерін ескеру, оның ішінде
кейбір тағам түрлерін көтермеушіліктерді ұстану.
Достарыңызбен бөлісу: |