88
9
Салауатты тамақтану жөніндегі өз білімдеріңізді көтеріңіздер жəне
тиімді тамақтану принциптерін ұстаныңыздар. Əрбір негізгі тамақтану
үстінде (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас ) əртүрлі тағам түрлерін
қабылдаңыздар, оның ішінде жануар тектес тағамдар да, көкөністер мен
жемістерді де кірсін. Неғұрлым рациондағы тағамдық өнімдер жиынтығы
сан алуан болса, соғұрлым рацион үйлестірілген, минералдар мөлшері
бойынша да толық құнды.
89
9
–
бөлім
Су
АДАМ
ОРГАНИЗМІНДЕГІ СУДЫҢ РОЛІ
Адамның денесінің 50-70% судан құралған. Сондықтан болар, адам
сусыз тек қана 5-7 күн шыдаса, тамақсыз -20 жəне одан да артық уақыт
өмір сүре алады. Организмдегі судың мөлшері адамның жасына жəне дене
құрылысына байланысты. Жаңадан туылған сəбилер мен ерте жастағы
балалардың денесінде су, жасөспірімдер мен ересектерге қарағанда
əлдеқайда көп. Ет тіндері, май тіндеріне қарағанда суға бай келеді.
Еркектердің денесінде орта есеппен, əйелдерге организміне қарағанда ет-
бұлшық ет тіндері көп. Сондықтан жастарының бірдейлігіне қарамастан,
əйелдер денесінен гөрі еркектердің денесінде су көп.
Адам организміндегі барлық маңызды физиологиялық жəне
биохимиялық процесстер сулы ортада жүреді. Осыған байланысты іс
жүзінде су адам организмінің барлық функциясын атқаруға қажет.
Мысалы, су қабылданатын тағамдық өнімдерді қорытуға, сіңіруге,
тағамдық заттарды асқазан-ішек жолдарында жəне қан тамырларында
тасымалдауға, түсетін тағамдық заттардан адам денесінің компоненттерін
синтездеуге,организмнен алмасу өнімдерін шығару үшін қажет. Ол
сонымен қатар электр сигналдарын (импульстерді) жасуша араларында
жеткізуге, дене температурасын реттеуге (су буланып шыққанда дене
90
суыйды), барлық зат алмасу түрлерінің қалыпты өтуі үшін керек. Сусыз
адам денесінің бірде-бір клеткасы қызмет атқара алмайды.
СУҒА ҚАЖЕТТІЛІК
Суға қажеттілік тек қана жасына, жынысына жəне адамның дене
салмағына байланысты емес, ол қоршаған ортаның температурасына жəне
еңбек сипатына да байланысты. Балалардың жасы толған жəне дене
салмағы артқан сайын суға мұқтаждығы да арта түседі. Қоршаған орта
температурасының өсуі жəне физикалық еңбек адамның суға
мұқтаждығын, судың деммен ауаға жəне денені суыту үшін термен шығып
кетуіне байланысты арттырады. Жоғары ауа температурасы мен
физикалық еңбек ауыртпалығының қосарлана жүруі суды көп қабылдауды
талап етеді. Организмдегі су қоры шектеулі, сондықтан адам тұрақты
түрде су шығынын толтырып отыруға міндетті.
Бастауыш сынып оқушыларының күнделіктігі суға қажеттілігі 1 -ден 2
литрге дейін, ал жоғарғы сынып оқушыларының қажеттілігі күніне 1.5 л-
ден 3 литрге жуық. Адамның дем алу кезінде шығатын жəне термен
бөлінетін су шығыны 40% жуық, зəрмен – 53-55% жəне нəжіспен 5-7%.
Қатты терлеу барысынде су ғана шығындалмайды, сонымен қатар
организм электролиттерді де - натрий, калий, хлор, өзге минералдар, жəне
де суда еритін витаминдерді де жоғалтады. Мұндай жағдайларда суға,
минералдар мен витаминдерге көтерілген мұқтаждықтың орнын толтыруға
тура келеді.
СУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
Судың негізгі бөлігі тек қана таза су (орта есеппен күніге 2-3 стакан)
түрінде емес, сұйық жəне жартылай сұйқыл тамақтармен, сүтпен,
сусындармен (шəй, кофе, газдалынған сусындар, шырындар), көкөністер
мен жемістерден қабылданады. Қоюлатылған жануар тектес жəне өсімдік
тектес майлардан, басқа кез келген тағамдық өнімдерде судың белгілі бір
мөлшері болады. Мысалы, жемістер мен көкөністерде су 90%-ға шейін,
сүтте – 85%, қатты ірімшікте – 30-40% бар. Судың тамаша көздеріне, сүт
жəне дəн-сүт негізінде əзірленген сусындар мен көжелер жатады.
Организмде аздаған су мөлшері тағамдық заттардың тотғуында пайда
болады.
Қайнатылмаған су ауру шақыратын микроорганизмдермен ластануы
ықтимал. Мұндай жағдайларда термикалық өңдеуден өткен (қайнатылған)
91
суды немесе сауда орындарында сатылатын бөтелкелік суларды
пайдаланған жөн.
СУДЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ ҚАБЫЛДАУ
Су жетіспеушілігінде ылғалдың қызыл иектің шырышты қабатынан,
тілден, ауыз ұрттарынан бөлінуі салдарынан ауыз қуысында құрғақтық
байқалып, шөлдеген сезім пайда болады. Сонымен қатар зəрдің бөліну
көлемі азаяды. Мұндай қорғағыштық механизм организмде суды сақтау
үшін іске қосылады.
Қоршаған ортада жоғары температура жағдайында су ішуді шектеу
бастан күн өтуге (ыстық соққы) соқтыруы ықтимал. Бұл кезде су мен
электролиттерді жоғалту нəтижесінде дене температурасы көтеріледі,
бұлшық еттердің əлсіреуі байқалады, бас айналып қалтыраушылық
басталады. Күн өтудің ауыр түрі өлімге апарып соқтыруы ықтимал.
Организмнің сусыздануы диарея (іш өту) кезінде де байқалады.
Сусызданудың да ауыр түрлері өліммен аяқталады. Көптеген дамушы
елдердегі диарея жас нəрестелер (1 жасқа дейінгі балалар арасындағы
өлім) арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады, ал өлімнің
нақтылы себебі сусыздану екені мəлім. Қазақстанда диарея жас сəбилер
өлімінің себебі ретінде алдыңғы орынға ыстық жаз айларында шығады.
Диарея барысында сусызданудың алдын алу үшін регидратациялық
ерітінділерді (тəттіленген физиологиялық ерітінді) қолданады.
Қалыпты жағдайларда суды қабылдау физиологиялық
механизмдермен реттеледі. Су тапшылығында шөлдеу сезімі пайда болады
жəне дені сау адам организміне қажетті мөлшерде су ішеді. Су ішу
тəртібіне жылдың ыстық мезгілі болып табылатын жаз айларындағы
температура көтерілу кезінде айрықша назар аудару керек.
Артық су зəрмен жəне термен шығып кетеді. Артық мөлшерде су
қабылдау жүрек-қан тамыр жəне зəр шығару жүйелерінің қызметтеріне
ауыртпалықтар түсіреді. Осыған байланысты су мен сусындарды порцияға
бөліп-бөліп қабылдаған дұрыс, бірақ жиі (бірнеше жұтым су немесе
сусындарды əрбір 30-60 минут сайын).
НҰСҚАУЛАР
9
Күнделікті суды қажетті мөлшерде қабылдаңыздар. Суды немесе
сусындарды күнделікті 2-3 стакан ішіңіздер. Балалардың жалпы
қабылдайтын су мөлшері күніне орта есеппен 1-3 литрдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |