54
Адам организмдегі
майлардың негізгі
функциялары:
9
Пластикалық – майлар
биологиялық
мембраналардың
структуралық компоненттері
9
Энергетикалық – майлар
рационның тəуліктік
калориялылығының 20-30%
қамтамасыз етеді.
9
Қорлық – организмдегі май
қорлары энергияның
шоғырланған депо болып
табылады
9
Транспорттық – майлар түрлі
заттарды органдар мен
тіндерге тасымалдауға
қатысады
рационындағы майқышқылдық құрамға тығыз байланысты. Бұдан
тағамдық майлардың құрамы жəне олардағы май қышқылдарының ара
қатынасы жасушалардың биомембраналарының құрылысы мен
функциясына əсер ететіндігіне көз жеткізуімізге болады.
ЛИПИДТЕР ФУНКЦИЯСЫ
Сұйық жəне тоң майлар
салауатты тамақтанудың маңызды
компоненттері. Липидтер
биологиялық мембраналардың
структуралық компоненттері жəне
энергетикалық қор материалы
ретінде екі негізгі функция
атқаратындықтан, барлық тірі
жасушалардың міндетті
компоненттері болып табылады.
Майлар белоктар жəне
көмірсулармен қатар энергияның
негізгі көзі болып табылады.
Майлар есебінен тəуліктік рацион
калориялылығының кемінде 20%
қамтамасыз етілуі керек, бірақ ол
30% аспағаны жөн. Майлар
энергияның ең қордаланған көзі
болып табылады. 1 г май
тотыққанда 9 ккал энергия бөлінеді,
бұл белок немесе көмірсулар
тотыққанда бөлінетін энергиядан 2,5
есе көп. Тамақпен қабылданатын
энергияның артығы майлар түрінде тері асты майлары немесе ішкі
органдарды ораған іш май ретінде қорға жиналады.
Тағамдық майлар алмастырылмайтын екі тағамдық заттар тобының
көзі болып табылады: екі алмастырылмайтын май қышқылдары жəне төрт
майда еритін витаминдердің. Линоль жəне линолен май қышқылдары адам
организмінде синтезделінбейтін болғандықтан алмастырылмайтын май
қышқылдары болып саналады. Адам организмінде линоль жəне линолен
қышқылдарынан өзге май қышқылдары синтезделінеді, сонымен қатар зат
алмасудың аса белсенді регуляторлары эйкозаноидтардың
(простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер) үлкен тобы да
осылардан синтезделінеді.
Линолен қышқылы мен омега-3 тобының өзге
55
май қышқылдары, əсіресе жаңа туылған нəрестелердің жүйке жүйесінің
жəне көздің торлы қабығының дамуында аса зор роль атқарады.
Майлар майда еритін А, D, Е жəне К витаминдерінің тасымалдаушысы
болып табылады. Витаминдердің бұл тобы организмге көбінесе майлар
құрамында түседі. Сонымен қатар майлар олардың сіңірілуі үшін де қажет.
Кейбір гормондар липидтер болып саналады жəне олар адам организмінде
майлардан жəне тағам липидтерінен түзілген.
АТЕРОСКЛЕРОЗ ДАМУЫНДАҒЫ ТАҒАМДЫҚ МАЙЛАР МЕН
ХОЛЕСТЕРИННІҢ РОЛІ
Тағам майларының саны мен сапасы атеросклероз дамуына немесе
керісінше оның алдын алуға себепкер болатын маңызды факторлардың
бірі. Қаныққан майларды, холестеринді жəне транс-майлар сияқты
майларды қабылдау қандағы липидтер мөлшерін арттырады, ал олар өз
кезегінде жүрек-қан тамыр ауруларының туындау қауіпін арттырады.
Организмге майлар артық қабылданғанда дене салмағының артуына жəне
семіздікке соқтырады. Ал майларды кем қабылдағанда, деннің саулығына
аса қажетті Е витамині мен көпқанықпаған май қышқылдарының
организмге кем мөлшерде түсетіні байқалады. Бұл жағдай жоғары
тығыздықты липопротеиннің, холестериннің жəне триглицеридтердің
қандағы тепе-теңдігін ауытқытады.
Атеросклероз – жүректің, бас миының жəне басқа органдардың қан
тамырларының бүлінуімен сипатталынатын ауру. Сала қан тамырларының
тесіктерін тарылтатын немесе толығымен бітейтін атеросклеротикалық
жаппалар пайда болады. Осылайша жүрек бұлшық етінің жарақаттануы
(миокард инфаркты), ми инсульты немесе аяқ саусақтарының
жансызданып шіруі сияқты асқынуларға соқтыратын өмірге аса жауапты
қан тамырлардың сырқаттылығы органдардың қан айналымын бұзады.
Жаппалар құрамына холестерин кіреді, бұл жағдай атеросклероз
дамуындағы холестерин ролін мұқият зерттеуге түрткі болды.
Атеросклероз дамуының дəлелі саналатын қан плазмасында
биохимиялық өзгерістерге соқтыратын барлық тағамдық факторлар
атерогендік факторлар деп аталады. Атеросклероз дамуының бірегей
қауіпті факторлары ретінде жануар тектес майларды артық қабылдау
жəне
қан плазмасында холестерин мөлшерінің артықтығы белгілі жəне де ол
гиперхолестеринемия деп аталады.
Холестерин
56
Холестерин – бұл организм жасушасында болатын жəне суда
ерімейтін балауыз сияқты зат. Қан су ерітіндісі болғандықтан, холестерин
қанға араласпайды. Холестерин мөлшері қанда көп болғанда, ол қан
қабырғаларында тұнып топтасып, біртіндеп жаппалар түзеді. Бұл процесс
қан тамырларының тесігін біртіндеп тарылтып, олардың созылғыштығын
төмендетеді. Егер бұндай жағдай негізінен жүректің коронарлық қан
тамырларында байқалса, жүректің стенокардия жəне ишемиялық ауруы
дамиды. Ал егер негізінен ми қан тамырларының атеросклерозбен
жарақаттануы инсультке – миға қан құйылуға соқтырады.
Холестерин – организмге жануарлардың майларымен түседі немесе
синтезделінеді. Ол жасуша мембранасының құрамына кіреді, гормондық
кортикостероидтардың, Д витамині мен өт қышқылының түзілімдік
алғышарты. Ересек адам денесінде 140 г холестерин (1 кг дене массасына
орташа есеппен 2 г холестерин) бар. Холестерин бауырда, бүйректе, ішек
қабырғасында, қан плазмасында, бас миы мен омыртқа жұлынында жəне
басқа органдарда қордаланып жинақталынады. Дəл осындай жағдай
жануар организміне де таралғандықтан, холестерин бауыр, бүйрек жəне
жануарлардың миы сияқты тіндерінде аса көп мөлшерде кездеседі (16-
кесте).
Адам организмінде тəулігіне1200 мг-ға жуық холестерин мөлшері
шығындалады: 500 мг-ға жуығы өт қышқылдарына дейін тотығады, тағы
соған жуық көлемі нəжіспен сыртқа шығарылады, 100 мг-ға жуығы
стероидтық гормондар түзуге жұмсалады. Бұл шығындардың орынын
толтыруға тəулігіне 800 мг холестерин синтезделінеді, тамақпен (дəстүрлі
тамақтану барысында) 400 мг-ға жуық қабылданады.
Холестерин негізінен төмен тығыздықты липопротеидтермен (ТТЛП)
– холестеринге аса бай «жаман немесе атерогендік» липопротеидтермен
тасымалданады. Жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) - «жақсы
немесе антиатерогендік» липопротеидтер құрамына холестериннің тек
аздаған мөлшері кіреді
Қандағы айналымда жүрген холестерин деңгейі негізгі үш факторға
байланысты:
1) бауырда синтезделінетін холестерин мөлшеріне;
2) тағаммен қабылданатын жəне сіңірілетін холестерин мөлшеріне;
3) өтпен экскрецияланатын жəне нəжіспен бөлінетін холестерин
мөлшеріне.
Атеросклероздың жəне одан туындайтын жүрек-қан тамыр
ауруларының алдын алуға арналған кеңестік нұсқаулар холестерин мен қан
Достарыңызбен бөлісу: |