Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет24/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37

 
79
Негізгі нұсқаулар 
9
 
Күнделікті жаңа үзілген 
көкөністер мен жемістерді 
қабылдаңыздар 
9
 
Тазаланбаған 
(рафинадталынбаған) жəне 
байытылған тағам түрлеріне 
баса назар аударыңыздар 
9
 
Поливитаминдік-
минералдық препараттарды 
тұрақты түрде 
қабылдаңыздар  
9
 
Əрбір тамақтану үстінде 
əртүрлі тағам түрлерін 
қабылдаңыздар 
9
 
Сақтаудың шарты мен мерзімін ұстаныңыздар, витаминдердің 
жоғалуын кеміту мақсатында термикалық өңдеудің жеңіл түрлерін 
қолданыңыздар. 
9
 
Тағамдық өнімдерді, оның 
ішінде бидай ұны мен ұннан 
жасалынған тағамдарды (нан, 
макарондар мен т.т.) сатып аларда, 
таңдаудың байытылған түрлеріне 
түскені дұрыс. 
9
 
Тұрақты түрде  
поливитаминдік-минералдық 
препараттарды – күніне немесе 
күнара 1 дражеден 
профилактикалық мақсатта 
қабылдаңыздар. 
9
 
Витаминдерге байырақ 
болып келетін рафинадталынбаған 
тағам түрлерін таңдаңыздар. 
9
 
Салауатты тамақтану туралы 
өз білімдеріңізді жетілдіріңіздер 
жəне тиімді тамақтану принциптерін 
ұстаныңыздар. Əрбір негізгі тамақтану (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) 
үстінде түрлі тағам түрлерін қабылдаңыздар. Тағам рационындағы өнімдер 
түрі көп болған сайын, рацион соғұрлым үйлестірілген, оның ішінде 
витаминдік құрам мөлшерімен де. 


 
80
 
8
 -бөлім
 
Минералдық заттар 
 
ТАҒАМНЫҢ МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАРЫ ДЕГЕН НЕ?  
 
Минералдық заттар – бұлар тағамның 20-ға жуық органикалық емес 
алмастырылмайтын тағамдық заттар болып табылатын (эссенциалдық) 
компоненттері. Олар макроэлементтерге (кальций, фосфор, калий, натрий, 
магний, күкірт жəне хлор) жəне микроэлементтерге (темір, мырыш, йод, 
селен, мыс, марганец жəне басқаларға) бөлінеді. Мұндай бөліну олардың 
организмдегі жəне тағамдардағы мөлшеріне, жəне де адамдардың оларға 
қажеттілігінің мөлшеріне байланысты жасалған. Ересек адамдардың 
денесіндегі минералдық заттардың мөлшері шамамен 2.5-3.5 кг-ды 
құрайды, оның  50% -ға жуығы қаңқа сүйегінің минералдық 
компоненттерінің негізін құрайтын кальций мен фосфордың үлесіне 
тиесілі.  
Микроэлементтер, витаминдер сияқты, организмге микромөлшерде 
қажет болғанымен, олар организмнің қызмет істеуі үшін жəне адамның 
денсаулығын сақтауда маңызды роль атқарады. Олардың тапшылығы 
артықтығы сияқы ауыр бұзылыстарға соқтырады. Мысалы, йод тапшылық 
бұзылыстары немесе тиреотоксикоз (йод артықшылығында болады) тəрізді 
жағдайлар ауыр гормоналдық бұзылыстарға ұшыратады, олардың салдары 
кальцийдың тапшылығы немесе артықтығына қарағанда, өте қауіпті болуы 
ықтимал. Солай бола тұра, адамның йодқа қажеттілігі небары 100 
мкг/тəулігіне, ал кальцийге деген мұқтаждық  1000 мкг/тəулігіне жəне 
оның үлесі адам салмағының  2% құрайды  
 


 
81
МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ 
 
Минералдық заттар түрлі биологиялық процесстерде, физиологиялық 
жəне биохимиялық реакцияларға қатысады. Əрбір минералдық  элементке 
арнайы функциялар тəн. Мысалы, кальций мен фосфор қаңқа сүйегінің 
жəне тістердің минерализациялануы үшін маңызды – олар осылайша 
тіндерге қаттылық пен беріктік береді. Одан басқа, кальций жүйке 
импульсын өткізу ісіне, еттердің қысқару қимылына, қанның ұюына   
қатынасады, ал фосфор – биологиялық белсенді заттар синтезіне, 
энергияны қорға жинауға. Қаңқа сүйегінің дамуына, жүйке мен ет 
мускулатурасының қызмет ету функцияларында магний де ат салысады.  
Натрий мен хлор су-тұздар алмасуына жəне қышқылдық-негіздік 
балансты түзетуде іске араласады. Бұл заттар жасушааралық емес 
сұйықтықтарда орналасқан жəне жүйке мен ет мускулатурасының қызмет 
ету функцияларына қажет. Адамдар тұзды қаншалықты көп пайдаланса, 
соншалықты қан қысымының арту (гипертензиялар) мүмкіндігі 
жоғарылайды. Көптеген адамдар, оның ішінде оқушылар да, тұздарды 
қажеттіліктерден артық мөлшерде қабылдайды. Қазақстанда, жан басына 
шаққанда тұзды қабылдау кеңес етілген мөлшерден 2,5 есе артық 
қабылдайды. Мұндай жағдайларда гипертензияларды, жүректің 
ишемиялық ауруларын, жүрек жетіспеушілігінің, инфарктыны, инсультті 
жəне бүйрек ауруларының туындау қауіпін төмендету үшін тұзды 
қабылдау мөлшерін азайту қажет.  
Тұздарды қабылдауды кеміту үшін, назарды тамақ əзірлеу барысында 
тұзды ас қосу мəселесіне баса аударған жөн. Сонымен қатар тамақ таңдау 
барысында негізінен өңдеуден аз өтілген жəне өтілетін жаңа үзілген жас 
өнімдерге көңіл бөлген дұрыс.  
Тұзды пайдалануды шектеу гипертензияны – қан қысымының 
артуының алдын алуға арналған маңызды жолдардың біріне жатады. Қан 
қысымының артуы мен тұзды пайдалану арасында тікелей байланыс бар. 
Қан қысымын қалыпты мөлшерге дейін түсіру жүректің ишемиялық 
ауруларын, жүрек жетіспеушілігінің, инфарктыны, инсультті жəне бүйрек 
ауруларының өрбу қауіпін біршама дəрежеде төмендетеді. Адамдардың 
дəмдік əдеттері уақыт өте келе өзгереді, сондықтан олар тұзды 
пайдалануды қысқартып, біртіндеп дұрыс тамақтануға үйреніп кетеді. 
Тұзды пайдалануды қысқартумен қатар, гипертензиямен күресу үшін, 
калийді көбірек қабылдап, салмақты азайту, физикалық белсенділікті 
арттыру жəне де жалпы алғанда салауатты тағам түрлерін қабылдауды 
арттыру керек. Калийдің, натрийден ерекшелігіне, оның жасуша ішінде 
орналасатыны жатады, сонымен қатар ол су-тұздар алмасуын түзейді жəне 
қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті ұстап тұрады. Калийге бай тағам тұздың 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау