Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет97/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135

Қазақ тілі 

 

303 



І 

Біз келеміз 

ІІ 

Сендер келесіңдер 



Сіздер келесіздер 

 

Көпше 

ІІІ 

Олар келеді 



 

Жіктік  жалғауы  негізінен  етістікке  және  есім  сөздерге 

жалғанады. 

 

177-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  жалғаулардың  түрлерін 

ажыратыңыздар.  

 

Мұнай  –  байлық.  Мұнай  –  мақтаныш.  Екінің  бірінің 



пешенесіне  жазылмаған  «қара  алтын»  байлығының  арқасында 

күллі  әлем  қазақ  елін  таныды.  Бүгінде  ол  өмірлік  маңызды 

мәселеге айналды.  

Мұнайың  болса  сырттан  келетін  инвестиция  да,  несие  де 

мол.  Онсыз  қирап  жатқан  экономиканы,  тоқтап  тұрған 

кәсіпорындарды  қозғалту  мүмкін  емес.  Соның  бәріне  де  мұнай 

үлкен  кепілдік  болып  табылады.  Елдің  еңсесін  көтеріп,  жұмыс 

істеуіне де жол  ашылады.  

Мұнай  –  ақша.  Тек  соның  көзін  тауып,  қажетті  мұқтаж-

дықтарға жұмсап, жергілікті халық оның игілігін көруі керек.  

 

178-тапсырма.  Төмендегі  сөздерге  керекті  жіктік  жалғауын 

қосып оқыңыздар. 

 

Мен  баяғы  Жамбыл...  ,  өлең  сөзге  даңғыл...  .  Сен  маған 



кім...  ?  Сен  менің  ақылшым...  ,  тірегім...  .  Сіз  оған  қарсы...  ба? 

Сіз  сахарада  менің  де  әңгімелесетін,  жалғыз  мәжілістесім 

есебінде  қажет...   ,  қадірлі  ...  .  Екі  жұмадан  бері  тыныш...    .  Сіз 

оған  міндетті  емес...    .  Біздер  еңбекті  сүйетін  ел...    .  Сіз  аса 

талантты офицер... . Біз сүйеміз бейбіт күнді, бейбіт күнде туған 

...    .  Біздің  өмір  күндей  нұрлы,  бақыт  құшқан  ұлан...  !  Бұл  істі 

істеген мен, Базаралы... ! 

 

179-тапсырма.  Төмендегі  сөйлемдердегі  көп  нүктенің 

орнына жедел өткен шақтың жіктік жалғауларын жалғаңыздар.  

 

Былтыр  сендер  қандай  сабақтардан  емтихан  тапсырды...  ? 



Сіз бұл сөзді бекер айтты...  . Сіздер мені байқамай төмен түсіп 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

304 


кетті...    .  Оқыған  кітаптарыңыздың  аттарын  қайда  жазып 

қалдырдыңыз, біз таппа... .Жарты сағаттан кейін сендер ұйықтап 

қалды... . Менің әкемді сен көрді... бе? Мен Исамен әңгімелесіп 

отырып, көп нәрсені ұқты... . 

 

180-тапсырма.  Мәтін  бойынша  жіктік  жалғауын  теріп 

жазыңыздар. 

 

Ат  –  адамның  қанаты.  Ат  үстіндегі  кісінің  көкжиегі  қашан 



да  кең,  көңілі  көтеріңкі,  еңсесі  биік.  Тек  атың  жүрдек  болсын. 

Пай-пай,  тоқымыңда  ойнаған  жүйрігің,  жалын  желге  желпіп, 

елбең  қағып,  есіле  майсаңдап  келе  жатса,  сен  бесіктегі 

балғындай  тербелесің  ғой.  Сонда  сені  ат  емес,  бүкіл  дала 

тербетеді,  әлдилейді...  Сенің  ән  салғың  келеді.  Ол  үшін  сәл 

тебініп  қал.  Атың  сар  желе  жөнелсін.  Сен  оң  қолыңды  баяу 

бұлғап,  атыңды  сипай  қамшыла,  ұрма,  ат  сауырын  қамшымен 

сипа.  Міне,  енді  даланы  сен  тербете  бастадың.  Қане,  енді  кең 

дүниені әлдиле, ән сал.  

 

181-тапсырма.  Мәтінді  оқып  шығып,  көптік  жалғауын 

табыңыздар.  

 

Интернет  –  бұл  әлемдегі  миллиондаған  компьютерлерді 



біріктіретін  жүйе.  Интернет  –  бұл  бүкіл  әлемдік  біртұтас 

ақпараттық жүйе, кеңістік. Егер біз интернеттің тарихына үңілер 

болсақ, оның 1969 жылдан басталатынын көреміз. 1980 жылдан 

бастап  ЭВМ  компаниясы  дербес  компьютерлер  шығаруды 

конвейерге  қойды.  Интернетті  тұтынушылар  саны  бірнеше 

мыңнан  қазіргі  кезде  60  млн-ға  жетті.  Интернет  адамға  шексіз 

көлемде  әралуан  тақырыпта  ақпараттар  бере  алады.  Интернет 

арқылы бейне, дыбыстық мәтінді ақпарлар алуға болады.  

Студенттер өздеріне қажетті тақырыпта жазылған кітаптарды, 

ғылыми  жұмыстарды,  рефераттарды,  т.б.  кітапханаларға 

бармай-ақ еркін, тез тауып алады.  

 

182-тапсырма. Мәтіндегі ойды түсініп оқып, адам өміріндегі 

тілдің  орнын  әңгімелеңіздер.  Мәтін  бойынша  жалғауларды 

ажыратыңыздар.  

 



Қазақ тілі 

 

305 



Тіл  қаруы  –  сөз,  сөз  қаруы  –  ой.  Ақылды  ой,  алғыр  сөз  – 

адамның  ең  жоғарғы  қасиеті.  Мұралардың  ең  қымбаты  –  сөз. 

Сөз  күн  шалмас  қараңғы  көңілді  шалады,  күн  жылытпас  суық 

көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. 

Асыл сөз мәңгі жасайды.  

(Ғ. Мұстафин) 

 

183-тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  жалғаулардың 

астын  сызыңыздар.  Өз  ана  тілің,  оның  сөз  байлығы  туралы 

ойланып, өз пікірлеріңізді айтып беріңіздер. 

 

Ана тілім 

 

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, 



Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

Ел бетіне қалай түзу қараймын, 

Ана тілім, 

Егер сені білмесем. 

Ана тілім –  

Дана тілім, бақ тілім, 

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 

Сенсің менің қасіретім, шаттығым, 

Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 

Ана тілім –  

Алтын ұям, құндағым, 

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 

Сенің жазың, сенің әнің айтарым, 

Санам сөніп, 

Байланғанша тіл-жағым!               

                                                                                           (Н. Айтов) 

 

184-тапсырма. 

Мәтінді 


оқып,  жалғаулардың  астын 

сызыңыздар.  

 

Жер серіктерінің қызметі 

 

Ғаламшарымызды айнала ұшып жүрген Жер серіктерінің ел 



үшін  пайдасы  орасан  зор.  Оның  түрлері  де  сан  алуан.  Мысалы, 


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау