Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
4
кәсіби сөйлеу арқылы өз мамандығы туралы ойын еркін
айту, пікір алмасу, әңгімені
қолдау, т.б. дағдыларын
қалыптастыру.
Оқулықта дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі
экологиялық жағдайға сипаттама берілген. Ғалымдарды қатты
алаңдатып отырған экологиялық зардаптар: оның денсаулыққа,
ұрпаққа әсері жазылған. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық
білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-
мағынасына терең үңілдіру арқылы табиғатты аялауға, қорғауға
байланысты мәселелер қозғалған.
Оқулықтағы мәтіндер мен жаттығулар экология, су
ресурсы, құрылыс-сәулет мамандықтары бойынша оқитын
студенттерге сұрыпталынды. Олардың әрқайсысының дамыту-
шылық, қатысымдық қызметтері айқындалды. Болашақ маман
ретінде қазақ тілінде ойын жеткізіп, пікір алмасуына септігін
тигізеді. Сонымен қатар, оқулықтағы материалдар студенттерге
тіл заңдарын орындауларына, сөйлеу мәдениетін жетілдіру-
леріне пайдасын тигізері сөзсіз.
Қазақ тілі
5
1. Экология, су ресурстары және суды қолдану, қоршаған
ортаны қорғау және тіршілік ету қауіпсіздігі мамандықтары
бойынша мәтіндер мен тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар. Мәтінде
кездесетін көптік жалғаулы сөздер барлық жерде көптік
мағынасын көрсете ме? Нақты мысалдармен дәлелдеңіздер.
Экология ғылымы және оның құрылымы
Экология – биология ғылымының бір саласы. Негізінде
экологиялық зерттеулер XIX ғасырда Чарльз Дарвин
еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше
жеке ғылым саласына айналды. «Экология» терминін ғылымға
алғаш рет неміс биологы Э. Геккель енгізді (1866).
Экология дегеніміз – тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-
қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып
зерттейтін ғылым.
Алғашқыда тек тірі ағзаларға қатысты бағыт алған
экология ғылымы қазір адамзат – қоғам – табиғат арасындағы
қарым-қатынастар мен биосфера шегіндегі әлемдік өзгерістерді
адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін
жиынтық ғылымға айналды. Табиғат ресурстарының
сарқылуы шикізат, азық-түлік проблемасын туғызды. Алып
техникалар, ірі өнеркәсіптердің іске қосылуы, ғарышты игеру,
соғыс техникаларының көбейе түсуі табиғатқа бұрын-соңды
болмаған өзгерістер әкелді. Ең бастысы, экология табиғатта
болып жатқан барлық өзгерістерді, құбылыстарды адамның іс-
әрекетімен үйлестіре отырып зерттейді.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге
бөліп қарастыруға болады.
I кезең. XVII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың соңында
биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы.
II кезең. XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70–80
жылдарында экология ғылымының жеке ғылым ретінде
қалыптасуы мен дамуы.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
6
III кезең. Экология ғылымының өрлеуі. Қазіргі заманғы
экология әлеуметтік, экономикалық жағдайлар мен мәселелерді
қамтитын деңгейге жетіп отыр.
А. Т. Қуатбаев. Экология. Оқулық. −Алматы: 2008. – 312 б.
2-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,
оларды байланысып тұрған ілік септіктегі сөзбен тіркестіріп
жазыңыздар.
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы
қазіргі экологиялық мәселелер
Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының
артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу
энергиясымен, киім-кешек, т.б. материалдық жағдайлармен
қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын
нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян
келтіруде.
Әлемдік экологиялық мәселелер-
дің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі –
биосфераның ластануы. Адамның
табиғатты өзгертуге байланысты іс-
әрекеттері ғаламшардағы тіршілікке
қауіп төндіретін өзгерістер тудыратын
деңгейге жақындады. Апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың
ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру
қаупін туғызуда. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий
теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің
төмендеуін тоқтатқысы келді. Ал 25–30 жыл өткен соң, Каспий
теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты емес,
оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды.
Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің
көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің
төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты
тіршілігіне зиян келтіруде.
1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта
ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-