Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет94/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135

Қазақ тілі 

 

293 



Біріккен сөз 

Қос сөз 


Қысқарған сөз 

Тіркескен сөз 

 

161-тапсырма.  Төмендегі  күрделі  сөздерді  үлгі  бойынша 

мағынасын түсіндіріп жазыңыздар. 

  

Үлгі: кәрі жілік – адамның немесе жануардың дене мүшесі, 

... 

Кәрі  жілік,  сары  шымшық,  қара  құс,  асық  жілік,  тоқ  ішек, 

ащы ішек, ауыз омыртқа, бас бұзар, сүмбіл шаш, бесікке салу.  

 

162-тапсырма.  Берілген  сөздерден  күрделі  сөз  құрап 

жазыңыздар.  

 

Көк,  боз,  соқыр,  ала,  тоқпан,  тоң,  су,  торғай,  өкпе,  ішек, 



жылан, жөтел, жілік.  

 

Біріккен сөз 

 

Біріккен сөз  –  екі немесе  одан көп сөз  бірігіп, бір ұғымды 

білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: тасбақа 

(тас+бақа),  Талдықорған  (Талды+қорған),  қарқұрт  (қара+  құрт), 

Екібастұз (Екі+бас+тұз). 



Кіріккен  сөз  –  құрамындағы  сөздердің  ең  кемінде  бір 

дыбысын өзгертіп біріккен сөз.  

Мысалы: 

 

 



Биыл 

Бұл жыл  

Бүгін 

Бұл күн 


әкел 

алып кел 

апар 

алып бар 



ендігәрі 

ендігіден әрі 

жаздыгүні 

жаздың күні 

Білезік 

білек жүзік 

қарлығаш 

қара ала құс 

 

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

294 


163-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  қандай  сөздерден 

бірігіп жасалғанын айтыңыздар.  

 

Демалыс,  көкжиек,  еңбекақы,  Ұлтуған,  Қайыпқожа,  Әзімхан, 



жалақы, Жезқазған, Алшағыр, Бұланбай, әркім, ашудас. 

 

164-тапсырма.  Мына  біріккен  сөздерді  қатыстырып, 

бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.  

 

Шекара,  аққұтан,  жолбарыс,  қалжыңбас,  меймандос, 



алабота, алабұға, әнеугүні, жазғытұрым, тайталасу.  

 

165-тапсырма.  Бірігу  тәсілімен  жасалған  қандай  құс,  аң, 

өсімдік,  жер  атауларын  білесіздер?  Өз  білімдеріңізді  тексеріп 

көріңіздер.  

 

166-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыздар.  

 

Арасанқала  –  Алматы  облысы  жеріндегі  емдеу  орны  бар 

елді мекен. Мұны «Қапаларасан» деп те атайды.  



Арқа  –  батысы  Торғай  ойпатынан  басталып,  шығысы 

Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс 

Сібір  жазығына,  оңтүстігі  Балқаш  көліне  ұласқан  кең  дала. 

Мұны – «Сарыарқа» деп те атайды.  



Бетпақдала  –  Балқаш  көлінің  батыс  жағалауынан 

басталатын кең даланың атауы.  



Жоңғар Алатауы – бір жақ шеті Қытай жеріне кіріп тұрған 

Қазақстанның шығысындағы тау жүйесі.  



Қабырға  –  Торғай  облысы  Жангелді  және  Амангелді 

аудандарының  аумағындағы  өзендер.  Қабырға  атауын  татар, 

башқұрт,  тілдеріндегі  «тау  баурайы»  деген  мағынамен 

байланыста қараған қолайлы.  



Катонқарағай  –  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  жер, 

аудан және оның орталығының атауы. Ол «топ қарағай» немесе 

«дөңгелене өскен қарағай» дегенді білдіреді.  

 

167-тапсырма.  Мәтінді  түсініп  оқыңыздар.  Мәтіннен 

біріккен  сөздерді  тауып,  негізгі  ойды  өз  сөздеріңізбен 

баяндаңыздар.  

 



Қазақ тілі 

 

295 



Ислам  «мойынұсыну»,  «бойұсыну»  дегенді  білдіреді. 

«Мойынұсыну»  -  «қабылдау»,  «бағыну»  және  «айтқанын 

орындау»  деген  сөз.  Сондықтан  ислам  Аллаға  бағынуды  және 

оның  бұйрықтарын  орындауды  білдіреді.  Ислам  сондай-ақ, 

«қанағат»  деген  ұғымды  да  білдіреді.  Қанағат  сезімі  Алланың 

әмірін  орындағанда  ғана  пайда  болады.  Демек,  ислам 

«бейбітшілік»  және  «  Аллаға  мойынұсыну»  дегенді  білдіреді. 

Мойынұсыну ғана тыныштық әкеледі. 

Ислам  –  біздің  Жаратушымыз  және  Әміріміз.  Аллаға 

мойынұсыну  арқылы  жер  бетінде  бейбітшілік  орнатып,  оны 

тыныштыққа бөлеуге болады.  

 

168-тапсырма.  Мәтінді  түсініп  оқыңыздар.  Біріккен 

сөздерді табыңыздар.  

 

 



Жайлаудың  бәрі  шұрайлы  бола  бермейді.  Еліміздің  әр 

жерінде  жұртқа  кең  танымал  атақты  жайлаулар  бар.    Олар: 

Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы деп аталады.  

Қарқара  жайлауы  үстімен  Ұлы  Жібек  жолы  өткендіктен, 

осы жерде ертеде атышулы жәрмеңке болады екен. Бүгін де бұл 

өлкеде той толастамайды. Бәйге шауып, қыз қуады. Балалар гүл 

теріп,  көбелек  қуып,  суға  шомылады.  Тауда  өсетін  жемістер: 

қарақат,  таңқурай,  долана;  жазық  далаларда  өсетін  қой 

бүлдірген, сиыр бүлдірген де өте көп болады.  

 

Қос сөз 



 

Қос    сөз  –  сөздердің  қосарланып  немесе  қайталанып 

айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос 

сөз және қосарлама қос сөз. 

Қайталама  қос  сөз  –  сыңарлары  бір  түбірден  жасалатын 

қос сөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау. 

Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар: 

1.  Қосымшасыз  бір  түбірдің  қайталануынан  жасалады. 

Мысалы,  үлкен-үлкен,  су-су,  тікен-тікен,  қора-қора,  қарқ-қарқ, 

ұсақ-ұсақ, т.б. 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау