Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет100/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

312 


Солтүстік Қазақстанда  Астана – Қостанай, Астана – Көкшетау, 

Петропавл 

– 

Қостанай 



автомобиль 

жолдары 


облыс 

орталықтарын өзара байланыстырады.  

 

197-тапсырма.  Мәтіннен  зат  есімдерді  тауып,  оларға 

жалғанған жалғаулардың түрлерін ажыратыңыздар.  

 

Электр  энергиясын  өндіруге,  таратуға  және  тұтынуға 



қажетті машиналар мен құрал-жабдықтарды электротехникалық 

машиналар  дейміз.  Оларға  Алматы  төменгі  вольтті  аппаратура 

мен  электр  жабдықтары  зауыты,  Шымкент  жоғары  вольтті 

аппаратура  зауыты,  Семей  кабель  зауыты,  Өскемен  электр 

стансыларына  қажетті  конденсатор  зауыты,  Талдықорған 

аккумулятор  зауыты,  Қарағанды  электрлі  моторлар,  Ақтөбенің 

рентген  аппараттары  және  Көкшетаудың  оттекпен  тыныс  алу 

аппараттар зауыттарын атауға болады.  

Ауыл  шаруашылық  машиналарына  жер  жыртатын,  дән 

себетін,  топырақ  тегістейтін  тракторлар,  егіншілік  пен  мал 

шаруашылығына  қажетті  жай және  күрделі  машиналар  жатады. 

Қазақстанда  Павлодар  трактор  зауыты,  Макин  қосалқы 

бөлшектер  зауыты,  Петропавл  шағын  литражды  қозғалтқыштар 

зауыты,  сондай-ақ  Астанада  «Қазақ  Ауылтехника»  зауыты 

жұмыс істейді.  

 

198-тапсырма.    Төмендегі  мәтіннен  көптеліп  тұрған  және 

көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіріңіздер.  

 

Мұнай, көмір, алтын, мыс, уран, жүн, мақта, астық... Қазақ 



халқының жер қойнауы қазба байлықтарға өте бай, саяси ахуалы 

үнемі  бір  қалыпты.  Ғарыш  орталығы  Байқоңыр  аспан  әлемін 

тереңірек зерттеуге даяр.  

Қазақстанда  тұратын  халықтардың  саны  басқа  тәуелсіз 

мемлекеттердің  түпкілікті  халықтарымен  салыстырғанда  аз. 

Қазақтар  Кавказда,  Ресейде,  Украинада,  Кореяда  тұратын 

ұлттармен қоян-қолтық бірге өмір сүруде. 

Қайта  құру  кезеңі  әрбір  халыққа,  ұлт  өкілдеріне  өздерінің 

мәдениетін,  өнерін,  тілін,  әдет-ғұрпын  сақтауға  мүмкіндік 

береді.  Н.Ә.  Назарбаев  өз  сөзінде:  «Бізде  ұлтаралық      араздық 

деген  жоқ.  Қазақстанның айрықша  ерекшелігі  –  мұнда  тұратын 



Қазақ тілі 

 

313 



халықтар  арасындағы  туысқандық,  достық  қатынастардың 

тереңдігі», – деп атап көрсеткен.  

 

199-тапсырма.  Сөйлемдерді  оқып,  құрамындағы  зат 

есімдердің  қай  септікте  тұрғанын  және  сөйлемнің  қай  мүшесі 

екенін айтыңыздар. 

 

Республикамыз  темір  кенорындарына  өте  бай.  Оның 



ішінде,  ірі  темір  кенорындарының  қатарына  Қостанай  облысы 

Торғай  иініндегі  Соколов-Сарыбай,  Лисаков,  Қашар,  Аят, 

Орталық  Қазақстан  аумағындағы  Атасу,  Қаражал  кеніштері 

жатады.  Соколов-Сарыбай  кенорнын  1949  жылы  ұшқыш  М. 

Сургутанов  ашқан  болатын.  Жылына  30–40  млн  т  темір  кенін 

өндіретін  Соколов-Сарыбай  кен  байыту  комбинаты  жер  бетіне 

жақын  орналасқан  темір  кенін  өндіруге  маманданған.  Онда 

темір кені концентраттарын шығарады. Ал Лисаков, Аят, Қашар 

кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер 

шойын  өндіру  үшін  сапалы  шикізат  болып  табылады.  Сонымен 

қатар,  бұл  кенорындары  Оралдың  металлургия  комбинаттарын 

шикізатпен қамтамасыз етуде.  

 

200-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, ондағы зат есімдерді 

табыңыздар да, сұрақ қойып, мағынасын ажыратыңыздар. 

 

Су  –  ғажайып  зат.  Олай  деуіміздің  бірнеше  себебі  бар.  Су 



үш  түрлі күйінде кездеседі: мұз, су және бу.  

Су  –  тіршілік  көзі.  Сусыз  тіршілік  ететін  ағза  кездеспейді. 

Тіршілік  құбылыстарының  бәрі  судың  қатысуымен  жүреді. 

Сондықтан  ағзалар  денесі  50-ден    90  пайызға    дейін  судан 

тұрады.  Салмағы  70  кг  адамның  денесінде  50  кг  су  бар.  Оның 

мөлшері  17  кг  кемісе,  адам  өледі.  Адам  су  ішпей  бір  апта  ғана 

шыдай алады.  

Су  –  табиғатта  ең  көп  таралған  зат.  Жер  бетінің  үштен  екі 

бөлігін су  қабаты алып жатыр, қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық. 

Судың  тағы  бір  кереметі  ол  жер  бетінде  үнемі  тынымсыз 

айналыста жүретіндігі.  

Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен суы буланып, 

ауа қабатына барады. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан 

да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатына көтеріледі.  




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

314 


Көзге  көрінбейтін  су  буы  ауаның  салқын  қабатына 

көтерілгенде  қоюланып,  бұлт  түзеді.  Бұлт  ауаның  ағысымен, 

қозғалысқа  түседі.  Ол  жауын-шашынға  айналып,  құрлыққа 

қайтып  оралады.  Бірақ  ұзақ  тұрақтамайды.  Күн  қыздырғанда 

қайтадан ауаға ұшып шығады. 

Жауын-шашынның  бір  бөлігі  топыраққа  сіңеді.  Онда 

өсімдік  қорегіне  айналып,  құрлықты  жасыл  жамылғысына 

орайды.  Жайқалып  шөптер,  бұйраланып  бұталар,  бой  түзеп 

ағаштар өседі.  

Топырақ қабатынан өткен су  сүзіліп тазарады. Онша терең 

сіңбеген  су  бастау  –  бұлақ  түрінде  жер  бетіне  шығады, 

өзендерге  құяды.  Терең  қабаттарға  жиналған  жерасты  суын 

құдық қазу арқылы пайдаланады.  

 

Зат есім жасайтын жұрнақтар 



 

Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары 

  

 

№ 

 

Жұрнақ 

 

Мысал 

 

 

 



 

 

-еке, -ке, 

-қа, -а, -е 

Атеке (атке) 

Исеке (Иса) 

Ағеке (ағке) 

Жәке (Жамбыл) 

Әпеке (әпке)  

Нүке ( Нұрпейіс) 

Мұқа (Мұхтар) 





-й 

Атай, әкей, шешей, жездей 





-тай 

Ағатай, апатай, әкетай, шешетай 





-жан 

Ағажан, атажан, апажан, 

Абайжан 



-қан,-кен,-қай,-кей 

-ан, -ң 

Балақан, бұзауқан, шешекей, 

Дәкен (Дәріқұл) 



-шақ,-шек 

Құлыншақ, інішек  





-шық,-шік 

Қапшық, төбешік 





-ша,-ше 

Сандықша, күрекше 





-ш,-ыш,-іш 

Қалқаш, Нұрыш (Нұртай) 



10 

-сымақ 

Қорасымақ, таусымақ  




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау