Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет95/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

296 


2.  Қосымшалы  бір  түбірдің  қайталануынан  жасалады. 

Мысалы,  бара-бара,  айтып-айтып,  үйдей-үйдей,  сөйлей-сөйлей, 

бір-біріне,  көзбе-көз,  келер-келмесін,  орынды-орынсыз,  қолды-

қолына, он-ондап, т.б. 

3.  Түбірдің  бір  сыңары  дыбыстық  өзгеріске  ұшырап 

жасалады.  Мысалы,  кісі-місі,  қағаз-мағаз,  кітап-мітап,  шай-пай, 

қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, 

нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң-құраң, т.б. 

4.  Бір  сыңары  ықшамдалып  жасалады.  Мысалы,  теп-тегіс, 

жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр, т.б. 



Қосарлама  қос  сөз  –  сыңарлары  әртүрлі  түбірден 

жасалатын  қос  сөз:  үлкен-кіші,  алыс-жақын,  қысы-жазы,  бала-

шаға, көйлек-көншек. 

 

169-тапсырма.  Төмендегі  қос  сөздердің  қайсысында  жаңа 

лексикалық  мағына  бар  екенін,  қайсысында  ондай  мағына  жоқ 

екенін анықтаңыздар.  

 

Азды-көпті,  қызыл-жасыл,  құрт-құмырсқа,  көре-көре, 



оқтын-оқтын,  сөйлей-сөйлей,  дүркін-дүркін,  кәрі-жас,  зәбір-

жапа, азық-түлік, қазы-қарта, жетім-жесір, ауыл-аймақ, абысын-

ажын, қайта-қайта, қора-қора.  

 

170-тапсырма.  Оқып  шығыңыздар.  Қосарлану  арқылы 

жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңіздер. 

 

Камбала 

 

Шелпек тәрізді жап-жалпақ. Камбала балығы үнемі теңіздің 



түбінде  тіршілік  етеді.  Ол  ауық-ауық  жоғары  қарап  қойып, 

жемінің  жүзіп  келуін  күтіп  жатады.  Көзге  түсіп  байқалып 

қалмау  үшін  камбала  өзінің  өң-түсін  де  өзгертіп  тұрады:  сары 

құмның  үстінде  оның  реңі  сарғыш  тартады,  қара  лайға 

тасаланса, өзі де қараяды, ал шұбар тастың үстінде ол да шұбар 

бола кетеді.  

Бірде  аквариумның  түбіне  шахмат  тақтасын  төсеп,  суға 

қалқып  кетпеуі  үшін,  оны  таспен  бастырып  қойыпты.  Сөйтсе 

оған  жақындаған  камбаланың  үсті  тақтаның  бетіндей  торлана 



Қазақ тілі 

 

297 



бастаған  көрінеді.  Бұл  да  табиғат  шебердің  адамзатқа  белгісіз 

құпия жұмбақтарының бірі емес пе?!.  



 

171-тапсырма.  Мақал-мәтелдерді  мәнерлеп  оқып,  қос 

сөздің құрамын анықтаңыздар.  

 

Ұрыс-керіс – ойсыздың қаруы.     Бала – ата-ананың алтын  



                                                          бағанасы. 

Қауіпті сәл-пәл елеген,              Темір өз-өзінен шыңдалмас.  

Құтылар таудай пәледен.           Сұрай-сұрай сұңғыла болар.  

 

 

Қысқарған сөз 

 

Қысқарған  сөз  –  күрделі  атаулардың  қысқартылып  жазылған 

түрі. Мысалы: 

 



ТМД 



Тәуелсіз Мемлекеттер 

Достығы 


ҚазҰМУ 


Қазақ Ұлттық медицина 

университеті 

Ұжымшар 


Ұжымдық шаруашылық 

кг 



Килограмм 

ГАЗ-33 



Машина, трактор, ұшақ 

маркалары 

 

Тіркескен сөз 

 

Тіркескен  сөз  –  екі  немесе  одан  көп  сөздер  тіркесіп  келіп, 

бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. Мысалы: 

 

Күрделі зат есім 

Алматы қаласы, мәдениет сарайы 



Күрделі сын есім 

қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы 



Күрделі сан есім 

он бес, екі жүз сексен 



Күрделі етістік 

оқып отыр, жығылып қала жаздады 



Күрделі үстеу 

күні бойы, ала жаздай 



 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

298 


172-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  мазмұнын  айтыңыздар. 

Қарамен  жазылған  сөздер  тіркесу  жолымен  жасалған  туынды 

сөздерге  жататын,  жатпайтынын  табыңыздар.  Мәтіннен  қандай 

көне елдік дәстүр танылады? Ойларыңызды айтыңыздар.  

 

Аса  киелі  саналатын  дәстүрлі  ырымдардың  бірі  –  тұмар  тағу. 



Тұмар  тағу  ырымы  –  ислам  дінінен  ада,  байырғы  түркілік  дәстүр. 

Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі түркілер, берісі көшпелі қазақ үшін – 

күн,  көк,  от,  су  сияқты  жер  де  киелі.  «Қара  жер»  киелі  жер  деген 

мағынада.  Байырғы  көшпелілер  тағатын  тұмардың  ішінде  туған 

жердің  бір  шөкім  топырағы  болатын.  Тұмар  сөзінің  өзі  байырғы 

түркі  тілінде  «тума  иер»,  «туған  жер»  деген  сөздердің  кірігуінен 

шыққан.  Кейін  ислам  дінінің  орнығуына  байланысты  тұмардың 

ішіне дұға жазып салу дәстүрі қалыптасқан.  

 

173-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  бірігу,  қосарлану,  тіркесу 

жолымен  жасалған  сөздерді  тауып,  туынды  сөздерді  құрамына 

талдаңыздар.  

 

Мұхитбақ 

 

Кит – дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан. Кит – суда тіршілік 



еткенімен, ешқандай балық емес, ол – аң, яғни сүтқоректі хайуан.  

Кашалот – тісті кит. Ол өте сүңгігіш: теңіз түбіне қарай бір 

километр  тереңге  кетеді  де,  бір  сағаттан  кейін  ауамен  дем  алу 

үшін судың бетіне шығады.  

Қайыс  балық  әрі  ұзын,  әрі  жалпақ.  Кейбіреуінің  ұзындығы  

9 метрге жетеді. Ауырлығы соншалық – бес адам көтере алмайды.  

Басында  ал  қызыл  тәжі  бар  қызғылт  балық  майшабақ 

патшасы деп те аталады, өйткені ол майшабақ үйірін бастағанды 

ұнатады.  

 

 

 

 

 

 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау