Қазақ тілі
309
бұйымдары жасалады. Мырыш ақ бояу өндіру үшін және
полиграфия өнеркәсібіне, басқа салаларға қолданылады.
Қорғасынды кабельдерді мойынтіректер, баспахана бояулары
мен қоспаларын жасауға пайдаланады. Қорғасын электр
аккумуляторларын жасау үшін негізгі материал болып табылады.
192-тапсырма. Сөз тіркестерін естеріңізге сақтаңыздар.
Оларды пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
Пайдалы кен қазбаларын барлау – разведка полезных
ископаемых
Барлаушы топ – разведывательная партия
Мұнай шығаратын жерді іздеп барлау – разведка на нефть
Таскөмірлі бассейн – угольный бассейн
Таскөмір өнеркәсібі – угольная промышленность
Кен шығаратын орын – жердің үстіңгі қабатындағы
кендерді қазып алатын орын
Руданы құрғатушылар – сушители руды
Геолог-бұрғышылар – геологи – бурильщики
Көмір разрезі – угольный разрез
193-тапсырма. Мәтінді оқып жалғауларды ажыратыңыздар.
Сирек кездесетін металдар
Қазақстан сирек кездесетін металдарға да өте бай. Ал бұл
металдар болмайынша машинажасау өнеркәсібін құру мүмкін
емес. Сирек болғандықтан, олар осылай аталады. Сирек
кездесетін металдар жөнінде Қазақстан маңызды орын алады.
Ол металдар: ванадий, вольфрам, молибден, селен, калий,
германий, теллур, тантал, ниобий, скандий, титан.
194-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауларын табыңыздар.
Металды
пайдалануына
байланысты
машинажасау
салаларының бір-бірінен айырмашылықтары бар. Машинажасау
өнеркәсібінің әртүрлі салалары металды бірдей мөлшерде
пайдаланбайды. Металдарды көп қажет ететін машиналарға кен
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
310
қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар,
трансформаторлар жатады.
Алматы ауыр машинажасау зауыты түсті және қара
металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі құрал-
жабдықтар шығарса, Қарағанды ауыр машина жасау зауыты
шахталарға арналған құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналарын,
крандар мен кен қазатын комбайндар шығаруда.
Кентаудағы
экскаватор
зауыты,
Өскеменде
түсті
металлургия үшін қажетті жабдықтар жасайды. Ал мұнай және
газ өндіру өнеркәсіптерінің құрал-жабдықтары Атырау, Ақтөбе,
Павлодар қалаларындағы зауыттарда жасалынады.
Зат есім
Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін
сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Түрі
Ереже
Тұлғасына қарай
Негізгі зат есім
Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім,
У, ат, ант, бата, құдық
Туынды зат есім
Зат есімге және басқа сөз таптарынан
жұрнақ арқылы жасалған зат есім:
білім, достық, боран, тарсыл
Құрамына қарай
Дара зат есім
Бір ғана түбірден тұрады. От, ара, қант,
оқушы, баспалдақ
Күрделі зат есім
Кемінде екі сөзден тұрады.
Кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай
Жалпы есім
Біртектес заттардың жалпы атауы:
кісі, өзен, тау
Жалқы есім
Біртектес заттардың өз ішіндегі
жекелеген атауы:
Асан, Ертіс, Алатау
Қазақ тілі
311
Мағынасына қарай
Деректі зат есім
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын
зат пен құбылыстардың атауы. Ағаш,
қалам, су, домбыра, есік, сия
Дерексіз зат есім
Оймен, ақылмен сезіп білетін
ұғымдардың атауы.
Қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық
195-тапсырма. Мәтінді оқып, жалқы есімдердің астын
сызыңыздар.
Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан көшірілген
зауыттар
Қазақстанның
қалаларына
орналастырылып,
машинажасау өнеркәсібі дами бастады. Мысалы 1941 жылы
Мәскеу, Воронеж, Харьков қалаларынан көшірілген зауыттар
Шымкент қаласындағы пресс-автомат зауыты, Петропавл
изоляциялық материалдар зауыты және Ақтөбе рентген
аппараттары, Астана машинажасау зауыттары. Тың игеруге
байланысты ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын
Павлодар трактор зауыты салынды. Ең алғашқы трактор 1968
жылы конвейерден шықты.
196-тапсырма. Мәтіннен жалпы, жалқы есімдерді тауып,
жасалуына мән беріңіздер.
Қазақстандағы ірі республикалық деңгейдегі автомобиль
жолдарының бірі − Алматы – Бішкек, Тараз – Шымкент жолы.
Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент,
Талдықорған және Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе
теміржол стансасы маңында бұл жол Шығыс шеңбері
автомобиль жолымен жалғасады.
Сонымен бірге, жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдары
Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы,
Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған,
Алматы – Шелек – Нарынқол, Тараз – Ұланбел, т.б. ірілі-ұсақты
жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.
Маңғыстау түбегіндегі мұнай-газ кенорындарын игеруге
байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай
кәсіпшіліктерімен
байланыстыратын
жолдар
салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |