Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет96/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135

Қазақ тілі 

 

299 



МОРФОЛОГИЯ 

 

  Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді. 

Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ. 

  

Жалғау 



Жұрнақ 

1.  Көптік  

2.  Септік  

3.  Жіктік  

4.  Тәуелдік  

1)  Сөз тудырушы 

2)  Сөз түрлендіруші 

 

Сөз табының 9 түрі бар: 

 

1. Зат есім  

4. Есімдік 

 

7. Шылау 



2. Сын есім 

5. Етістік  

 

8. Еліктеу сөз 



3. Сан есім 

6. Үстеу 

 

9. Одағай 



 

Қосымша 

 

Қазақ тілінде қосымшаның екі түрі бар. Олар: жұрнақ және 



жалғау. 

 

Жұрнақ 

 

Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз 

жасайды.  Жұрнақтың  екі  түрі  бар:  сөз  тудырушы  жұрнақ  және 

сөз  түрлендіруші  жұрнақ.  Сөз  тудырушы  жұрнақ  түбірдің 

негізгі  мағынасын  өзгертіп,  оған  жаңа  мағына  береді.  (Қой+шы 

–қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+ла – ойла, тау+лы – таулы) Сөз 

түрлендіруші жұрнақ екі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын 

өзгертпей,  сәл  түрлендіреді.  (Үй+шік  –  үйшік,  сандық+ша  – 

сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық). 

 

174-тапсырма.  Мәтінді 

оқып,  жұрнақтардың  астын 

сызыңыздар.  

 

 

 



 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

300 


Машиналардың түрлері 

 

Машиналар  өздерінің  атқаратын  қызметіне  байланысты 



энергетикалық,  технологиялық,  басқарушы,  логикалық  болып 

бөлінеді. Энергетикалық машиналар энергия өндіру (генератор) 

немесе  оларды  түрлендіру  үшін  қолданылады.  Технологиялық 

машиналар  әртүрлі  пайдалы  жұмыс  атқарып,  технологиялық 

үдерістерді  орындайды.  Оларға  ауыл  шаруашылық,  жеңіл 

өнеркәсіп, 

тау-кен, 

құрылыс 


және 

басқа 


өндірістерде 

пайдаланылатын  машиналар  жатады.  Логикалық  машинаға  

электронды есептеуіш машиналар жатады.  

 

175-тапсырма. Мәтінді  орыс тіліне аударып, жұрнақтарды 

табыңыздар.  

 

Инженер мамандығының ерекшелігі 

 

Инженерлердің 



математик 

пен 


физиктерден 

немесе 


теориялық  механика  мамандарынан  өзгешелігі  –  олар  сан  алуан 

конструкциялардың  (машина,  механизм,  аспап  және  т.б.)  ішкі 

құрылысын  біліп  қана  қоймай,  солардың  беріктігін,  жұмыс  істеу 

қабілеттілігін есептей білуінде. Осыған орай, қолданбалы механика 

пәнінде  машина  мен  механизмдердің  ішкі  құрылысы,  құрылымы, 

кинематикасы  мен  динамикасы  және  жеке  бөлшектерінің 

конструкциясы, есептеу жолдары қарастырылады. Олардың жұмыс 

істеу  қабілеттілігін  анықтау,  машиналардың  жобасын  жасау 

мәселелеріне де көңіл бөлінеді.  

 

176-тапсырма.  Сөздерді  құрамына  қарай  талдаңыздар, 

түбірін, жұрнақ, жалғауларын ажыратыңыздар

 

Болашақ,  орынсыз,  әлсіреу,  бармақтай,  халықты,  табиғат, 



ауасымен, өзгермейтін, бауырмалдық, көбейткізбеу,  оқығанбыз, 

бағдарламашы, маманданған, көзімізбен, өркендеудеміз. 



 

Жалғау 

 

Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: 

  



Қазақ тілі 

 

301 



1.  Көптік жалғауы 

2.  Тәуелдік жалғауы  

3.  Септік жалғауы 

4.  Жіктік жалғауы 

 

Көптік жалғауы 



 

Сөздер  жекеше  түрде  және  көпше  түрде  қолданылады. 

Көптік  мағынаны  білдіру  үшін  сөздерге  көптік  жалғауы 

жалғанады. Мысалы: көше-лер, қыз-дар, ағаш-тар.  

Көптік жалғауы мыналар: -лар, -лер, -дар,-дер, -тар, -тер. 

 

Тәуелдік жалғауы 



 

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді 

(меншікті) екенін білдіреді.  

Тәуелденетін  зат  3  жақтың  біріне  меншікті  болып  тұрады. 

Сол себепті тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне 

тән жалғаулары болады:  

 

Жекеше түрі 

І жақ  


ІІ жақ 

 

ІІІ жақ 



-м, -ым, -ім 

-ң, -ың, -ің 

-ыңыз, -іңіз, - ңыз, -ңіз 

-сы,-сі,-ы,-і 



Көпше түрі 

І жақ  


ІІ жақ 

 

 



 

ІІІ жақ 


-мыз,-ымыз,-міз,-іміз 

-тарың,-терің,-дарың,-дерің 

-ларың, -лерің,-тарыңыз,-теріңіз, 

-дарыңыз,-деріңіз, 

-ларыңыз,-леріңіз 

-сы,-сі,-ы,-і 



 

Септік жалғауы 

 

Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді. Септік 

атаулары төмендегідей:  



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

302 


 

 

Жіктік жалғауы 

 

Жіктік  жалғауы  бастауыш  пен  баяндауышты  байланыс-



тырады.  Сондықтан  жіктік  жалғаулы  сөз  әрқашан  баяндауыш 

болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады. 

Сөздің жіктік жалғауын қабылдауын жіктелу дейді. Сөздер 

3 жақта және жекеше, көпше түрде жіктеледі. Ескерту: Зат есім, 

сын есім, сан есім және есімдіктің 3-жағының қосымшасы жоқ. 

 

 



Жақ 

Есім сөздің жіктелуі 

І 

Мен дәрігермін 



ІІ 

Сен дәрігерсің 

Сіз дәрігерсіз 

 

Жекеше 

ІІІ 

Ол – дәрігер 



І 

Біз дәрігерміз 

ІІ 

Сендер дәрігерсіңдер 



Сіздер дәрігерсіздер 

 

Көпше 

ІІІ 

Олар – дәрігер 



 

Жақ 

Етістіктің жіктелуі 

І 

Мен келемін 



ІІ 

Сен келесің 

Сіз келесіз 

 

Жекеше 

ІІІ 

Ол келеді 



№ 

Септік 

Сұрағы 

Жалғауы 

Атау  



Кім? Не? 

 



Ілік 

Кімнің? Ненің? 

-ның,-нің, 

-дың,-дің, 

-тың,-тің 

Барыс 



Кімге? Неге? 

-а,-е,-қа,-ке,-ға,-ге,-на,-не 

Табыс 


Кімді? Нені? 

-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н 

Жатыс 


Кімде? Неде? 

-да,-де,-та,-те,-нда,-нде 

Шығыс 


Кімнен? Неден? 

-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен 

Көмектес  



Кіммен? немен? 

-мен (менен) 

-бен (бенен) 

-пен (пенен) 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау