Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
222
Оңтүстік трибунаның асты мұз айдынының қадағалап тұруға
арналған тетіктерді сақтайтын қойма қызметін атқарады.
Тұтас құйылған темір-бетон қаңқа, оның қабаттарының төбесі
жиналмалы қуыс бедерлі панельмен жабылған. Мұз айдыны
алаңының құрылысында 20-дан астам материал түрі пайдаланған.
Суық айдайтын машина залы төменгі тепкішекте орналасқан.
Қуаты сағатына 5 млн. ккал болатын суық айдау агрегаты алып мұз
айдынын жылдың 8 айы бойы мұздатып тұрады.
Мұз айдыны алаңының конструкциясын жасаған жоба
авторлары мен құрылысшылар КСРО Мемлекеттік сыйлығына
ие болған.
Құрылыс мерзімі 1970−1972 жылдар. Авторлар ұжымы: бас
сәулетші – В.З. Кацев; бас конструктор – С.Б. Матвеев; сәулетшілер
–
А.С. Қайнарбаев,
И.Г.
Косогова;
суықпен
жабдықтау
құрылымының инженерлері – Э.Л. Лихенштейн, В.В. Вдовченко.
552-тапсырма . Сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыздар.
дүниежүзілік – мировой
мұз – лед
мұз айдыны – каток
жоғары сапалылық – высококачественность
мұздатқыш қондырғылар – холодильные установки
суық айдау агрегаты – холодильные агрегаты
тепкішек – терраса
қуат – мощность
тұтас құйылған темір бетон қанқа – моноплитный
железобетонный каркас
жиналмалы
қуыс
бедерлі
панель
–
сборный
многопустотный ребристый панель
553-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қатыстыра отырып,
сөйлем құрастырыңыздар.
Медеу мұз айдыны, Іле Алатауы, тау ортасында жатқан
үлкен кесе сияқты, дүниежүзілік рекордтар туды, 1972 жылы
салынды, 12,5 мың көрермен сыяды.
Қазақ тілі
223
554-тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіздер.
1) Медеу мұз айдыны қайда орналасқан?
2) Медеу мұз айдынында нелер бар?
3) Қандай ағаштар өседі?
4) Мұз айдыны қалай қатырылады?
5) Стадионға қанша көрермен сыяды?
6) Өздеріңіз мұз айдынына соңғы рет қашан бардыңыз?
555-тапсырма. «Мұз» сөзіне түбірлес сөздер жасап, сөйлем
құрастырыңыздар.
МҰЗ мұздау
556-тапсырма. «Медеу мұз айдынында» деген тақырыпта
эссе жазыңыздар.
557-тапсырма. Сәулет-құрылыс мамандығына қатысты
термин сөздерді жазып, берілген кестені толтырыңыздар.
Терминдер
(қазақша)
Терминдер
(орысша)
Сөйлем құрау
мұнара
башня
Александрия мәңгі үш
қабатты мұнара сияқты
салынған.
558-тапсырма. Табиғат, табиғатты қорғау, таза ауа туралы
мақал-мәтел,
қанатты
сөздерді
жазып,
мағынасын
түсіндіріңіздер.
559-тапсырма. «Таза ауаның адам денсаулығына тигізер
пайдасы» жайында не айтасыздар. Ойларыңызды жазбаша
білдіріңіздер.
560-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып аударыңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
224
Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1907-1985)
Еліміздің аса көрнекті ғалымы және Бүкілодақтық
география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым
қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан Павлодар облысы,
Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстан ғылымының
тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география,
архитектура сияқты алуан саласында қажырлықпен еңбек етіп,
өзіндік із қалдырған ғалым.
Баянауылда балалық шағын өткізген Әлекең ауыл
мектебінен тәлім алып, алғашқы еңбек жолын он алты жасында
өз ауылында мұғалім болудан бастаған. Мұнан кейін Семейдің
педагогикалық техникумын бітірген. 1925−1931 жылдары
Ленинградтың Шығыс институты мен Ленинград мемлекеттік
университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс
бөлімінде қатар оқиды. Бұларға қоса Өнер тарихы институтында
дәріс тыңдайды. Ленинградта оқып жүрген кезінде СССР
Ғылым академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш
күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедициясына қатысады.
Оның «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің
тарихынан», «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті, «Орталық
Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай мәдениеті», «Қазақстанның киіз
үйі және оның жасауы», «Ежелгі мәдениет куәлары», «Шоқан және
Манас» сияқты кітаптары туған өлкемізді мыңдаған жылдық
тарихи-мәдени шежіресін зерделеген құнды еңбектер. Әлекең 300-
ден
астам
ғылыми-зерттеу
жұмысының,
100-ден
астам
энциклопедиялык мақалалардың авторы. Ал Шоқан Уәлихановтың
одақтағы түрлі архивтерде шашырап жатқан мол мұрасын
жинақтап, оның бес томдық шығармалар жинағына басшылық
жасап, қыруар күш-жігер жұмсауы − Марғұланның Қазақстандағы
тарих ғылымына қосқан зор үлесін танытады.
Ғалым ғылымның әртүрлі саласында ғұмыр бойы талмай
ізденіп,
ерен
еңбекқорлықтың
үлгісін,
мақсатқа
жету
жолындағы тамаша табандылықтың үлгісін көрсетті.