Қазақ тілі
209
Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра
алатын жаңа мамандықтар ашылды.
Осы жылдары Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында
«Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан
және Қожа Ахмет Йасауи» тақырыбында халықаралық ғылыми-
практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан
мен жақын алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар
қатысты.
Ғаламдық өзгеріс рухани салада да орын алды: діни сенім
мен қасиетті орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Алматыда,
Павлодарда, Таразда, Көкшетауда, Шымкентте сәулеттік
әсемдігімен ерекшеленетін мұсылман мешіттері жөнделді және
жаңадан салынды. 2005 жылы сәуірде астана тұрғындары араб
елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің
ашылуының куәсі болды.
Бүгінгі күні Қазақстанның елордасы – Астана қаласының
мәдени инфрақұрылымы кеңейтілуде. Қаладағы құрылыс
жұмыстары кең масштабпен құлаш жайып, Астана халықтың
көз алдында жайнап сала берді.
Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры
мен М. Горький атындағы орыс драма театры, К. Байсейітова
атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс істейді.
Президенттік мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасының
Ұлттық академиялық кітапханасы салынып іске қосылды.
Мемлекеттік цирк, Бейбітшілік және келісім сарайы қолданысқа
берілді. Бұл құрылыс нысанасын салу идеясы 2003 жылы
қыркүйек айында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер
өкілдерінің бірінші съезінде көтеріліп, пирамида пішіндес сәнді
ғимарат салуды жиналғандар бірауыздан қолдаған болатын.
Жобаның авторы британ сәулетшісі Норман Фостер. Биіктігі 77
метр, аумағы 25,5 мың шаршы метр ғимарат 2006 жылы
пайдалануға берілді.
516-тапсырма.
Ұсынылған
тақырыптардың
біреуіне
әңгіме құрастырыңыздар.
1. Серпінді елдің сәулетті Астанасы. Қазақстан мұражайлары.
2. Алматы қаласы − Қазақстанның мәдени орталығы.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
210
3. Йассауи мұражайы − Қазақстандағы зиярат орталығы.
4. Бас қаланың бойтұмары.
517-тапсырма. Құрылыс экономикасына қатысты термин
сөздерді жазып, берілген кестені толтырыңыздар.
Терминдер
(қазақша)
Терминдер
(орысша)
Сөйлем
Қаржылындыру
жүйесі
Система
финансирование
Құрылыс
экономикасының
дамуында қаржы-
ландыру жүйесінің
маңызы зор.
518-тапсырма.
«Тәуелсіздік
жылдарындағы
мәдени
құрылыс» мәтіні бойынша төмендегі тіркестерді пайдаланып,
сөйлем құрастырыңыздар.
«Астана –Бәйтерек»
Бірінші бөлігі
Орта бөлігінде
Алтын шар
«Аялы Алақан»
Халықаралық сәулет өнерінің жүлдегері
Халықаралық байқауда
519-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіздер.
Тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматы
қаласында орнатылды. Монументтің авторлары: Шота-Аман
Ыдырысұлы Уәлихан – шығармашылық тобының жетекшісі,
Әділет Жұмабай, Нұрлан Далбай, Қайрат Сұраншы –
мүсіншілер, Қазыбек Жарылған – сәулетші, бірлескен авторлар:
Мұрат Мансұр, Азат Баярлы, Қазыбек Сатыбалды – мүсіншілер,
Қалдыбай Монтахов – сәулетші, инженері – С . Қаламқаров.
Қазақ тілі
211
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ ғұмыры хақында ғасырлар
тереңінен сыр шертетін осынау монумент туралы белгілі
жазушы Герольд Бельгер былай деп ой түйген еді: «Бұл сүйір
дулығалы сымбатты алтын батыр, бағынып, керілген қанатты
барыс үстіндегі тік бойлы жас жауынгер-аңшы еліміздің бас
алаңында таяуда пайда болды, десе де оның өршіл де өжет,
бейбіт те, ержүрек рухы Ұлы Дала үстінде қашанда оның
әртүрлі халықтарының және әртүрлі тайпаларының жүрегін
тербетіп, жан дүниесін сілкінтіп, шарқ ұшып қалықтап келе
жатқандай».
Батыс пен Шығыстың монументтерді тұрғызу тәжірибесіне
сүйенген, халық өнеріне және тума дәстүрлерге жақын төл, өзіндік
қайталанбас шешімді табанды ізденістер болды. Монументтің алты
нұсқасы жасалды. 1995 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алматыда Тәуелсіздік монументін
орнату туралы қаулысы жарияланды, жасалынған жобалық
монументтердің ең соңғы үздік нұсқасы қабылданды.
Монументтік кешен Республика алаңына орнатылады.
Сәулет, мүсін, ұлы тұлғалардың даналық сөздерінің мәтіндері
үйлесіп, бірегей көркем шығарма болып шыққан.
520-тапсырма.Ойларыңызды айтыңыздар.
Қалай ойлайсыз, Тәуелсіздік монументі сәулеттік өнерде
өзіндік өшпес із қалдырады деп ойлайсыз ба?
521-тапсырма. Мәтінде қай ақынның өлең жолдары
қолданылғанын айтыңыздар. Өлеңді жалғастырып, 3 шумағын
жазыңыздар.
522- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.
Силуэт орла возник и от идеи стремления молодого
суверенного Казахстана в высоты мировой цивилизации.
“В конкурсе, посвященном разработке государственного
флага, принимали участие более 600 проектов”;
” Любовь к Родине начинается с семьи”.